«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға». кездесу кеші


Жонкарбаева Жанат Жумагереевна
Заместитель директора по УПР
Уральский гуманитарно- технический колледж

1-жүргізуші: Сағынбай

Құрметті ұстаздар, студенттер бүгінгі біздің «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты кезлесу сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші  Насима

Бүгінгі біздің қадірлі қонағымызбен таныстырып өтейік. Ұзақ жылдар бойы колледжімізде технология, бейнелеу өнері пәндерінен білім нәрімен шәкірттерін сусындатқан талантты шебер, сегіз қырлы-бір сырлы, ардагер ұстаз-Сүлейменов Мақсот Насекенұлы.

 

 

Топ жетекшісі  Ж.Ж.Жонкарбаева сөз

Құрметті ұстаздар, қонақтар бүгінгі біздің : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!        «Тумысында қанша зеректік болса да ғылымсыз,тәжірибесіз кемеліне жетпейді.Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсегеде шеберлік барлығын сезініп,өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе,жақсы мұғалімде адамның ішкі сырын,мінезін,әдетін бұлжытпай көрсете біледі»-деп Міржақып Дулатов ағамыз жазған екен.Осы сөзге лайық Мақсот Насекенұлы бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы болып, кездесуге келгеніңізге көп рахмет!

1-жүргізуші  Сағынбай

Өмір дерек теріне тоқталып, біз білетін Мақсот ағаймен жақынырақ танысайық          (Слаидпен жұмыс)

 

 

1-жүргізуші  Сағынбай

«Ұлағатты ұстаз-ең алдымен шәкіртіне өмірді,білімді үйретуші.Ұстаз шәкіртіне үйреткен нәрселерін жан-жақты терең біледі де,шәкіртін өнерімен қызықтыра,ынталандыра түсіндіріп,оның сезімін ұшқырлап білімін дамытыды.Шығармашылық қабылет әр баланың табиғатында әуел баста салынған.мұғалімнің міндеті-оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүміндігін ашып көрсету»

. Мақсот Насекенұлына сөз беріп, қандай өнермен таңдандыратынын тамашалайық. (Өнердің қай саласын меңгергенін, шығармашылықта қолданғанын айтып, сиқыр өнерін көрсетіп,тан қалдырды.)

2-жүргізуші Насима

«Баланы бір затпен таныстырмақшы болсаң, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, оны балаға алып келіп көрсет,көрсетіп қана қоймай,сол заттың суретін салғыз, әрі суретпен қанағаттанба,балшықтан мүсін жасауға үйрет» деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқан екен.  Шығармашылық жұмыстар оқушылардың,бейнелеу қабылеттерін озық деңгейге көтерілуіне үлкен мүмкіндік береді.Біз осы бағытта ұстаздарымыздан көп өнер түрін үйренудеміз.Бүгінгі кешімізге келген ұстаздарымызды қошаметтеп қоялық!

 

Айсұлу

Жақсылыққа жанары жарқылдаған,

Жігер, қайрат бойында сарқылмаған.

Сіздей жандар өмірде көп болса екен,

Жаны жайсаң, ақ ниет аңқылдаған.

Әсемгул

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,                                                             Жансыздар әлдилеген шуақты арман.                                                                    Жатталсын есімдері жан жүректе                                                                      Адамның аяулы әні сияқтанған

1-жүргізуші Сағынбай

Ұстаздарды ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы тауысылмас нәр аламыз

Ұстаздардың мейірімді көзінен

Бізге деген жылылықты табамыз- деп Мұхамбет Сұпығалиұлына сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші Насима

Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар,

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар,

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар- деп

Алтынгүл Жақсығұл қызына сөз кезегін береміз.

 

1-жүргізуші Сағынбай

Білімнің шарлағанда талай өрін,

Жаңалық ашқан шақта нелер керім,

Бар адам, барлық қауым  мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі-бахи беріп төрін.-НұрланАмангелдіұлына сөз берейік

2-жүргізуші Насима

Құрметті ұстаздар ! Біздің кешімізді тамашалауға келген қонақтар, келгендеріңізге мың рахмет. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын. Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!

Бірге: Келесі жақсы күндерде кездескенше қош сау болыңыздар!!!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *