«Рухани жаңғыру-жастарға жарқын жол»


Нахметова Акгул Максотовна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж орыс топтарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы  

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы   ынталандыратын  ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Көрнекіліктер: ноутбук, нақыл сөздер, суреттер, плакат т/б
Өту барысы: Оқытушы. Қайырлы күн, құрметті студенттер және  әріптестер! Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.Бүгінгі біздің 1-курс студенттеріне арналып ұйымдастырылып отырған  «Рухани жаңғыру-жастарған жарқын жол» тақырыбындағы байқауға қош келдіңіздер. Бұл сайыс өзге ұлт өкілдері арасында оздырылып жатқандықтан да, ой қозғау ретінде Қазақстан туралы сұрақтар қойып, білімдерін тексеріп., ойларын білгім келіп тұр. Сұрақтың жауабын білетін студенттер қол көтеріп жауап бересіздер. Сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттер сайыс соңында дипломмен марапатталады.
«Ой қозғау». Сұрақтар қойып, жауап алу.
1.Отан деген не?
2.Қазақстанның рәміздерін ата?
3.Қазақстан Республикасының Президентін ата.
Ту-Шәкен Ниязбеков
Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Гимн-Ш. Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Жүргізуші

Сайысымызды бастамас бұрын 2а КШР тобының белсенді, озат оқушысы-Болатова Айдайдың Елбасының мақаласы туралы өз пікірін тыңдап, мақаламен таныс болайық. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласыНазарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017 – 2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр  студенттің бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптасады.

Жүргізуші:Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.Ендеше сайыс кезеңдерімен таныс болайық.

1.«Сәлем-сөздің анасы»

2.«Бәйге»

3.«Өз еліме қосар үлесім»

4.«Салт-дәстүрім-мақтанышым»

5.«Сөз шебері»

6. «Үш тіл білу-уақыт талабы»

1-бөлім. Қазақ – ежелден сәлемшіл халық. Алыстан келген ағайын-туыс түгілі алаштың қаймана қазағының да асты-үстіне түсіп амандық-саулық сұрасқанда әлемнің бар халқынан да асып түседі десе болғандай. Ендеше кезекті сәлемдесуге береміз. Бұл бөлімде жоғары ұпай (5 ұпаймен) бағаланады.

2-бөлім. Бұл бөлімде сайыскрлеріміздің көшін бастап келген топ жетекшілерінің білім деңгейлерін байқаймыз. Әр дұрыс жауап үшін  (3 ұпайдан) беріледі.

1-топ басшысына

1.Біздің облысымызды ата? /Батыс Қазақстан облысы
2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз
5. Білім күні қай күн? /1 қыркүйек
6. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер
4. ҚР – ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев
5. Суда жұбын жазбай жүретін құс?
6. Жұмадан кейінгі күн қалай аталады
7. Аң аулағанда қай құсты пайдаланады
9. Биыл тәуелсіздікке неше жыл ( 22жыл )
10. Әліппенің атасы кім?

2-топ басшысына
1. Ел басымыз (Н. Ә. Назарбаев)
2. Қазақтың ұлы ақыны (А. Құнанбаев)
3. Алғашқы оқулық (Әліппе)
4. Елтаңбаның авторы ( Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
5. Үш биді ата ( Төле, Қазыбек, Әйтеке)
6. Бірінші маусым қандай мереке? (балаларды қорғау күні)
7. ҚР – ның астанасы қай қала? (Астана)
8. ҚР – ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж 16 желтоқсан)
9. Әнұранның авторы кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. Нәжмеденов, Ш. Қалдаяқов)
10. Т. Әубәкіров кі м? (ғарышкер)

 

3 бөлім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Осы рухани жаңғыру жолын дамыту мақстаныда біздің жастарымыздың қандай қосар үлестері бар екендіктері туралы білсек. Олай болса кезекті  «Өз еліме қосар үлесім»  бөліміне береміз. (5 ұпай)

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні  мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бүгінгі сайысымызда слт-дәстүрге саяхат жасауды жөн көрдік. Бөлім  «Салт-дәстүрім-мақтанышым» ( әр топ өздері таңдаған салт-дәстүрлері бойынша көрініс көрсетіп, оны түсіндіреді, насихаттайды)

«Сөз шебері» (диалог құру) бұл кезеңде топтарға белгілі тақырыптар ұсынылып, постер қорғалады. Тақырыптары
«Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу”
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

6. «Үш тіл білу-уақыт талабы» (диалог құру)Үш тұғырлы тіл үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзейді,оның ішінде қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi.

Қорытынды. Бүгінгі сайысымызда өз мәресіне келіп жетті, сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

1 орын-1а РШО тобы

2 орын-1а РДО тобы болды. Сайысқа белсене қатысқан студенттерге үлкен рақмет айтып, дипломдармен марапатталды.

Ән: «Саржайлау» Болатова Айдай 2а КШР тобы студенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *