1.«Күзгі табиғат» разработка открытого урока по казахскому языку в 7 классе. 2.Статья «Жаңаша оқыту – білім беру үдерісін өзгерту негізі» 3.Разработка коучинг-занятия «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту»


Нурмагамбетова Галия Маратовна
учитель казахского языка и литературы ГУ «Средняя общеобразовательная школа №23 г.Павлодара» 

GDE Ошибка: Запрашиваемая ссылка недействительна

Қазақстан Республикасының Президенті – Көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың  білім беру сапасын көтеру қажеттілігі туралы айтқаны бәрімізді ойландырады.  Қазіргі таңда өзіміз оқып жүрген «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» атты Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша алған біліміміз Президент сөзін жүзеге асырудағы тікелей мүмкіндік. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар мән-жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогиканың жаңа нысандарын игеруге тура келеді [МАН, 12 бет].

Оқытудағы жеті модульді қолдануды арқылы ақпараттық-комуникациялық технология, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін қамтимыз. Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады [МАН, 10 бет]. Стронгтың айтуынша, «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерні өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» [МАН,12 бет].

Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технологияны өз сабақтарымда кеңінен қолданамын.

Карл Роджерстің «Мен» тұжырымдамасында ұсынған компоненттеріне  негізделе отырып, сабақтарымда әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық жағдай, психологиялық оң ахуал туғызу үшін «Сиқырлы қобдиша», «Африкалық жаңбыр», «Атом, молекула», «Екі тілек, бір жұлдыз», «Аралдар», «Смайлик көрсету», «Миға шабуыл», «Пазл» сияқты ойындар орын алады.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың  білім деңгейінің  өсуіне үлес  қосатындығын  атап көрсетеді. Зерттеулерде оқушылардың достары мен бірігіп жүргізілген  жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың өз ойын жеткізе білу, пікірлестерден алынған хабарды толықтары алу, өз дәлелін келтіру біліктіліктері қалыптасады. Выготскийдің оқу моделі «оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды [МАН, 71 бет].

Сабақтарымда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Ыстық орындық», «Жұптас-топтас-бөліс», «Аквариум», «Карта», «Блум түймедағы», ДЖИГСО әдісінің «Миға шабуыл», «БББ», «Венн диаграммасы», «Қосжазба күнделігі», «Постер» сияқты стратегияларды өткіземін. Оқушылардың метатану қабілеттерін дамыту үшін жаңа тақырыпты меңгертуде «Топтық тергеу» жұмысын ұйымдастырамын. Оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады [МАН, 55 бет].

К.Ушинский айтуынша, оқытушының ең маңызды міндетінің бірі – оқыту жұмысын ойынға айналдырмай балаға қызықты қылу. Топтық жұмыс осы талапқа толық мәнде жауап береді. Балалармен топтағы тілдесу үдерісінде алған дағдылары келешекте қажет болады. Біз күнделікті өмірде топта, ұжымда көп жұмыс істейміз, сондықтан өз пікірімізді қорғай, дәлелдей алуға және басқалардың пікірін сыйлауға тура келеді. Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін – өзі бағалауға үйренеді дегім келеді. Бұрын қоңырау қашан болар екен деп уақытты бос өткізетін оқушылар, сабақта жаңа тәсілдерді қолданғаннан кейін  «сабақты жалғастыра берейік» – деген ұсыныстар білдіреді деген сенімдемін. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін «Топтық тергеу» әдісін қолданамын. Ол оқушыларға мәтінді жан-жақты талдауға, ынтымақтастықта жұмыс істеуге, афоризмдерді, дәйексөздерді орынды қолдануға, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, мазмұнды сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім бағдарламасында оқыту үшін бағалау, яғни, формативті бағалау орын алады. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады [МАН, 67 бет]. Александер/2001/ «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік,  өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» –  дейді. [Нұсқаулық 65]. Өзімнің сабақ жоспарларымда «Рубрикатор», «Смайлик көрсету», «Бас бармақ», «Екі жұлдыз бір тілек», «Аралдар», «Мадақтау», «Бағалау парағы» сынды сабақ үстінде жүргізілетін бағалау түрлерін қолданамын.

Әрбір тапсырманы беруде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары деңгейлі тапсырмалар арқылы дарынды және талантты балаларды оқытамын [МАН, Ренцулли, 48 бет]. Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс- тәсілдерін сабақ барысында қолдану мұғалімдер үшін өте тиімді деуге болады. Сол себептен, мұғалім мен оқушы және оқушы мен оқушы арасында өзара диалог орнату арқылы, оқушылардың ойын толық жеткізуіне жағдай жасауға тырысамын.

Қорыта келе, сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, ынтымақтастықтары артады, балалар өздерін және бірін – бірі жақсы түсіне бастайды, өз мүмкіндіктерін нақты бағалай алады және өзін – өзі реттеу дағдысы дамиды.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

GDE Ошибка: Запрашиваемая ссылка недействительна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *