САБАҚТА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


 Бекжан Жанаркүл Қанайқызы
 Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

 «Бағалаудың жоқтығы … ең төмен бағалау түрі болады, себебі ол бағыттауды төмендететін, күйзеліске ұшырататын объект, тұлғаның  өзін-өзі бағалаудағы субъективті белгілерді түсіндіру, жартылай түсінікті жағдайлары, педагог пен оқушылардың мінез құлқы…» психолог Б.Г.Ананьев

Мен білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі – критериалды бағалаудың тиімділігі жөнінде  айтқым келеді. Мұғалім  оқушыға тек білім бермей, оның білімін бағалап, болашаққа ұмтылуына, дұрыс қалыптасуына ықпал ететіні мәлім. Бірақ жаңа бағдарлам бойынша сабақ беру  кезеңінде осы алға қойған мақсатыма қалай, қайтіп жетемін деген ой маза бермеді. Маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін немесе мен өз ортамда қандай деңгейде тұрмын. Менің де оқушы сияқты алдымен  өзімнің санама, ойлауыма және мінез-құлқыма, қол жеткізген біліме назар аударуым, ой елегінен өткізуім қажет сияқты.

Гимназиядағы  фокус сыныптардағы  математика, орыс тілі, қазақ тілі, қазақ әдебиеті сабақтарына қатыстым.  Мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруіне, түсінуіне, бағалай алуына жетекші бола білу керек екенін ұқтым. Бағалау барысында баланы үнемі мақтап, мадақтап, көтермелеп отырды. Мысалы, А есімді мұғалім С оқушыға ұнамды көңіл-күй тудырып, өзіне деген сенімін арттырды деп ойлаймын. Менің байқағаным, С оқушы өзіне сын көзбен қарай бастады. Басында балалар бірін-бірі жоғары бағалады, бағалаудың өзіндік қиындықтарын байқады, ол уақытта мұғалім оқушыларға бағаның шын болуы керек екенін айтып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып отырды. Оқушының бойындағы өзгеріс – оқушының өз іс- әрекетін бағалау арқылы, сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру арқылы тұлға болуға ұмтылудың алғашқы баспалдағы емес па?

 

Мұғалімнің бағалаудағы ролі:

Ø Мұғалім тәлімгер ретінде – кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;

Ø Мұғалім жетекші ретінде – топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;

Ø Мұғалім есепке алу маманы ретінде – оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;

Ø Мұғалім баяндамашы ретінде – оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:

Ø Оқыту мақсатымен бөлісу.

Ø Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.

Ø Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.

Ø Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.

Ø Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.

Ø Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру

 

Қоғамның алдында тұрған басты міндет те кез -келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын құзіретті тұлға дайындау. Қорыта келгенде, ұяңдығы  мен өз ойын еркін жеткізе алмайтын тартыншақтығы басым біздің гимназия оқушыларының жаңа форматта қалыптасуына игі әсер ететін жаңа форматты сабақтар үдерісі  критериалды бағалау арқылы  айқындалуда. Менің мақсатым осыған енді кері байланысты дамыту арқылы, оған дер кезінде қайтарым және   ата-аналарға рубрикаларды жасау арқылы баланың сенімін арттыру, азамат ету.

Сондай-ақ, оқушыларға берілген білімнің тиімді тұстарын зерттей отырып, өзекті тұстарына назар аудару, оқушыға берілген білімнің қаншалықты игерілгеніне көз жеткізу мәселелерін үнемі бақылап, талқыға салып отыру негізгі мақсатым ретінде көзделмек.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

2.Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.

3.http://www.google.kz  Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *