ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ МЕҢГЕРТУ

 Мәмбетәли Әсел 
 Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия ағылшын тілі пәні мұғалімі 

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім саласындағы қызметкерлердің де  өзгеруін  талап етуде. Әлемдегі барлық елдер өздерінің білім беру жүйесін өзгеріске байланысты қайта қарауда.Сондықтан  заманның өзгеруіне байланысты біз,  мектеп мұғалімдері өзгерісті өзімізден бастауымыз керек деп ойлаймын. Әрине, ол үшін бойымда «мен өзгере аламын»деген сенімділік  нық орын алу керек. Себебі: мен жас маманмын барлық кедергілерді жеңе білуге бар мүмкіндігім бар деп есептеймін.

Білім беру деңгейі – кез келген мемлекеттің  экономикалық және ғылыми-техникалық жаңаруының бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әдемде   өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне тікелей  байланысты.

Н.Назарбаевтың  Жолдауындағы «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін  қарастырған жөн» деген сөзі кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

Шығыс даналары: «Егер алдағы бір жылыңды ойласаң,  күріш ек, он жылыңды ойласаң, ағаш отырғыз, ал бүкіл өміріңді  ойласаң-шәкірт тәрбиеле» -деген екен. Білім жолы қиын жол. Бүгінгі мұғалім балаларға білім беріп қана қоймай, өмір сүруге үйретуі тиіс.Ақ парақты қалай шимайласаң солай сурет түседі, ал таза, пәк балаларды қалай тәрбиелесең, сондай тұлға  қалыптасады. Гректің атақты философы Платон:«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»,- деп бекер айтпаса керек. Ұстаздар қауымының алдында  ұлт болашағы үшін қиында,қызықты міндет тұр. Бұл өркениетке барар жолдың бастауы.

Қазіргі таңдағы басты талқыланатын мәселелердің  бірі – тіл мәселесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын. Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн.

Ағылшын тілінде  де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге өте бай. Сол қанатты сөздердің бірі – мақал – мәтелдер.

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.  Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді.

Әр сабағымда тақырыпқа  сәйкес ағылшын  тіліндегі     мақал-мәтелдердің қазақша  баламасын табу  арқылы  шетел тілін үйренуіме  елеулі көмегін көрсететінін байқадым.

1.Little strokes fell freat darks.

Еңбек етсең емерсің.

2. You must reap what you have won.

Не ексең соны орасың.

3. An apple a day keeps doctor away.

Күніне бір алма жесең, емшіден аулақ боласың.

4. Care killed the cat.

Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады.

Ағылшын тілінде мақал – мәтелдердің ара – жігі ажыратылмай тұрақты тіркес ретінде қалыптасқан. Осы зерттеу жұмысымның барысында қазақ және ағылшын мақал – мәтелдердің құрамы мен құрылысы және мағынасы жағынан өзара сәйкестіктер байқалатынын , сонымен қатар сөзбе-сөз аудармасы, баламалары көп кездесетінін анықтадым. Менің алдағы мақсатым: қазақ сыныптарындағы балаларға ағылшын тілін меңгерту барысында мақал-мәтелдерді жаттату арқылы сөздік қоры мен сөйлеу әрекеттерін дамыту

Пайдаланған әдебиеттер тізімі :

1. Ағылшын қазақ тіліндегі сөздіктер-Алматы,2001.

2. Адамбаев Б. Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық және мағыналық ұқсасатықтары.- Алматы, 1996. 17б.

Leave a Reply

Your email address will not be published.