Әлемнің әміршісі – еңбек. (тәрбие сағаты)

 Кенжебаева Арай Мекенкызы
 Дамуы шектелген №4 мектеп-интернатының тәрбиеші-дефектологы

Мақсаты:

1.Еңбек дағдыларын қалыптастыру, асханалық бұйымдарды үстел үстіне дұрыс қоюды үйретуді жалғастыру.

2.Саусақ моторикасын, эстетикалық сезімдерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Еңбекке деген көзқарасын дұрыс тәрбиелеу, ұқыптылыққа,еңбек ету талпыныстарын, қол ұшын беруге, көмектесуге,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шарлар, 2 үстел, дастархан, ыдыс-аяқтар, тегеш, бет орамалдар, кептіргіш, төсеніш, гүлдер,жаңғақтар,музыка,су құйғыш.

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Бөлмеге балалар (музыкамен) жайлап кіреді.Балалар бірге:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлемдесіп аламыз.

-Сәлеметсіздерме!

Балалар орындарына отырады. Жылдам музыка ойналады да кыз бала фея кіреді:

-Сәлеметсіздерма, балалар.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңбе, қызбала.

Фея:

-Мен жайғана қыз емеспін. Мен ертегі әлемінің әміршісі Перизат ханымның көмекшісімін. Ол кісіге сендердің көмектерін қажет.Көмектесіңдерші өтінем!

Тәрбиеші:

-Көмектесемізбе, балалар?

Тәрбиеші:

-Перизат ханым қайда турады?

Фея:

-Ол кісі ертегілер елінде тұрады. Бірақ ол жаққа бару үшін сендерге мына сыйқырлы,әдемі шарлар көмектеседі. Ал мен кетуім керек. Сау болындар.

Тәрбиеші:

-Ал кәне балалар бәріміз бір-бір шарларымызды ұстап ертегілер еліне ұшып барайық.

Музыка Ертегілер елінде.

Тәрбиеші:

-Міне балалар ертегілер еліне де ұшып келдік.Қарандаршы әдемі,үлкен есіктері бар екен. (слайд)

Тәрбиеші:

-Бірақ балалар бұл есікті ашу үшін сиқырлы сөз айтуымыз керек.

Эники,беники,рики,

Бізді ертегілер әлеміне кіргізіңіздер. (музыка волшебная)

Музыка ойналады (ертегілер елінде)

Т: Кане балалар есігіміз ашылды, кіреміз.

Перизат ханым келеді.

П: Сәлеметсіңдерме, балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер маған көмектесуге келдіндер ма?

Т: Сізде қандай жағдай болып қалды?

П: Маған көмектесіңдерші, менің сиқырлы таяқшамды сиқырлап кетті,істемей тұр. Маған қонаққа менің құрбы дос қыздар келуі керек, ал менің сиқырлы таяқшам істемей қалды, мен осы сиқырлы таяқшамен ғана жұмыс жасай аламын енді не істеймін? Көмектесесіңдер ме?

Т: Біздің қандай көмегіміз керек? Біз не істейік.

П: Маған қонақтарымды күтуге үстелді жасау керек.

(3б киіндіріп, аджапқыш, бас киім)

үстел жасауға 3 оқушы шығады. Үстелге 4 тарелке, қасық, салфетка, қант салғыш жасау керек.

(Үстелді жасап болғанша тәрбиеші басқа балалармен жұмыс)

Т: Балалар сендер аналарыңа үй шаруасымен көмектесесіңдер ма? Қалай көмектесесіңдер?

П: Менің көмекшілерімде жұмыстарын аяқтапты.

Т: Балалар сендер не істедіңдер?

Б: Үстелді  жасауға көмектестік.

П: Балалар қонақтар келгенде дастарханға отырмас бұрын қолдарын жуады ғой, ал менің қолдарын сүртетін орамалдарым кір болып қалыпты.Орамалдарды жууға көмектесесіңдер ме?

Т: Әрине көмектесеміз, менің оқушыларымыз тазалықты жақсы көреді қазір сіздің орамалдарыңызды тап-таза қылып жуып береді.

(2 оқушы орамал жууға көмектеседі)

П: Ой қандай еңбекшіл балалар екен, енді қол сүртетін орамалым да таза болды.Рахмет сендерге балалар!

П: Балалар білесіңдерма менде әдемі, сиқырлы кілемше бар. Ол кілемшемен мен қай жаққа барғым келсе ұшып барамын. Онда менің мысығым ойнайды. Қараңдаршы мысығым мына оралған тоқыма жіпті шашып тарқатып тастапты осыны жинап қоюға көмектесесіндер ма?

3 бала жинауға көмектеседі.

Т: балалар мына жіп қандай екен?

-кәне санайық?

-түстері қандай екен?

-көлемі қандай екен?

П: Қандай еңбекшіл,күшті балалар екенсіңдер, рахмет сендерге. Балалар білесіңдер ме, менің жеке гүл өсіретін бақ  бар.Онда неше түрлі гүлдер өсірем. Бірақ біраз күн болды, осы ертегілер елінде жаңбырдың жаумағанына біраз күн болды. Гүлдерім шөлдеп қалды. Балалар сендер гүлдеріме су құйып бересіңдер ме?

Т: Уайымдамаңыз балалар гүлдеріңізге су құйып береді.

(гүлге су құюға 2 бала)

П: рахмет сендерге балалар су құйғаннан кейін гүлдерім жайқалып әдемі болып кетті.

Т: балалар бұл бақта тек гүлдер гана емес әр түрлі ағаштар,талдар өседі екен қандай ағаштарды көріп отырсыңдар? Слайдтан емен, алма ағашы, шырша

Балалар мына жерде шырша ағашының жаңғақтары шашылып жатыр екен бұл жинап беремізбе? Мына себетке жинап қоюуымыз керек. (барлығы көмектеседі)

Т: жақсы балалар сендер ханшайымға қалай көмектестіндер?

П: балалар қараңдар сендер маған көмектескеннен соң менің сиқырлы таяғым істеп кетті. Мұның бәрі сендердің еңбектеріңнің арқасы. Әрқашан еңбекшіл болыңдар,жалқау болмаңдар. Сендерге менің сыйлығым бар.Көздеріңді жұмыңдар (сиқырлы музыка ойнайды) .

Т: сізге де рахмет біз өз үйімізге қайтайық. Сау болыныз ханшайым.

(музыка ойналады есік жабылады)

Т: Міне балалар біздің саяхатымыз аяқталды. Сендерге ертегілер елінде еңбектенген  ұнады ма? Еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз.

Қолдарымызды жууып бізге берген сыйлықтарыңды жеңдер.

Leave a Reply

Your email address will not be published.