Қысқы орманға серуен. (тәрбие сағаты)


 Садыкова Кулшат Сатыбалдовна
 Дамуы шектелген №4 мектеп-интернатының тәрбиеші-дефектологы

Мақсаты:
Білімділік : Жабайы аңдар, олардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақша аң аттарын дұрыс айтуға үйрету. Қазақ тіліне тән ғ,қ,ұ,ү,ң,ө,і дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық : Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар, ертегіден көрініс көрсету арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін, шығармашылық талаптарын  дамыту.
Тәрбиелік : Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу;Биллингвалдық компанент: орман – лес, орманда – в лесу, жабайы аңдар – дикие животные, мекендейді-обитает, көжек-зайченок, мыршай-лисенок, бөлтірік-волченок,

Көрнекілігі: слайд, мазмұнды суреттер, сызбалар.
Әдіс – тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, жұмбақтар,ойындар, ертегіден көрініс, тақпақтар.
Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен балалар!

–                 Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

–                 Қыс мезгілі.

–       Қыста ауа-райы қандай болады?

–                 Суық, аяз, боран болады.

Аяз, суыққа  қарамастан, бізге аспандағы күн өз жылуын аямай төгіп тұр. Жылуын бүкіл әлемге сыйлап тұр. Қане, қолымызды күнге созып, біз осы жылулықты сезініп, жүрегімізге ұялатайық.

–                Мына суретте не көріп отырсыңдар?

–                Қысқы орман.

–                Орманда қандай аңдар мекендейді?

–                Жабайы аңдар мекендейді.

–                Сендердің осы орманға серуенге барғыларың келе ме?

–                Орманға кіру үшін, мына қақпаны ашу керек. Ол үшін орманда қандай жабайы аңдар бар екенін білуіміз керек, дұрыс шешсек қақпа есігі ашылады.

(балалар аңдардың дауысын тыңдап, қай аңның дауысы екенін табады)

Бүгінгі серуен кезіндегі әңгімемізде, сендер мына сөздерді жиі естисіңдер. Естеріңе сақтап қалыңдар.

Аңдар- звери

Жануарлар- животные

Орманда мекендейді -обитают в лесу

Үй жануарлары – домашние животные

Орман- лес

–                Міне, балалар есік ашылды. Орманға кіруге жол ашық.  Жаңа біз дауыстарын естідік, енді сол аңдарды іздеп, үйлері қайда екенін тауып алайық.

–                Балалар, алдымызда тұрған қандай аңның үйі?  Мен сендерге көмектесейін. Мына жұмбақты шешсеңдер бұл қай аңның үйі екенін естеріне түсіресіңдер.

Қыс бойы ұйықтайды,
Көктемде оянады.  (аю)

–                Сонымен аюдың үйі екен. Аюдың үйі қалай аталады? (апан, орысшаберлога,)

–                Ұйықтап жатқан аюды мазалауға болмайды. Олар қыс бойы ұйқыда болады, көктемде оянады. Балалар, аюды апанның ішінде қалай ұйықтап жатқанын көру үшін, аю туралы тақпақ айту керек, сонда аюды көре аламыз. Аю туралы тақпақты кім айтып береді екен?

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Мұғалім сабақ сұраса,

Ұйықтап қапты, масқара!

–                Міне, енді апандағы аюды көруге болады. Аю қыста не істейді? Аюдың баласын қалай атайды?  (қонжық-медвежонок)

Орманның ішін әрі қарай аралайық. Мұнда тағы үй тұр, бұл қай аңның үйі екен? Қиын болса мына жұмбақты шешіңдер сонда,қай аңның үйі екенін білесіңдер.

Қалқиған құлағы бар,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

–                Дұрыс, қоянның үйі. Қоянның үйін қалай атаймыз?

–                Ін деп атаймыз. (нора-ін)

Қоянды інінен шығару үшін, қоян туралы тақпақ айтып беру керек. Кім айтып береді екен?

Ақ қоян-ау,ақ қоян,

Үркек қоян, сақ қоян,

Қаша берсең орманға,

«Қорқағым» деп ат қоям.

–                Міне, қоян інінен шығып келе жатыр.Қоян қыста немен қоректенеді?

–                Ағаштардың қабығын, құрғақ шөп, бұтақшаларды қорек етеді.

–                Қоянның түсі қыста қандай болады?

–                Түсі ақ болады.

–                Қоянның баласы қалай аталады?

–                Көжек деп аталады.

Қояндар белсенді өмір сүреді. Олар қысқа қорық жинамайды, табиғаттан іздейді. Қыста жүндері ақ және қалың болады. Қоян қардыңастында ұйықтайды.

–                Әр қарай жүрейік. Міне тағы да бір үй тұр.

–                Мына жұмбақты шешсеңдер, қай аңның үйі екені естеріне түседі.

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (қасқыр)

–                Дұрыс айтасындар, қасқыр. Қасқырдың үйі қалай аталады?

–                Ін деп аталады.

–                Қасқыр немен қоректенеді?

–                Жабайы аңдарды аулап жейді, қорек табылмаса үй жануарларын да аулап қорек етеді.

–                Қасқырдың баласы қалай аталады?

–                Бөлтірік-волченок.

–                Ал қасқыр інінен шығу үшін, мына тапсырманы орындайық.

–                «Аңдардың құйрығын тап» Бұл тапсырмада суретте көрсетілген қай аңның құйрығы екенін дұрыс тауып айтуларың керек.

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Міне, енді қасқырды да көруге болады.

–                Орманды әрі қарай аралайық.  Айнала, қандай тамаша! Мұнда тағы бір үй тұр. Үйдің иесін табу үшін, мына жұмбақты шешейік.

Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)

– Түлкінің үйі қалай аталады? (ін-нора)Түлкі інінен шығу үшін өлең оқып берейік.

Қазір бізге түлкі туралы өлеңді  Руслан  мен Юра оқып береді.

– Түлкі, түлкі, түлкішек,

Қайда зулап барасың?

– Апамүйінебарамын.

– Апаңүйі не берер?

– Ешкісауыпсүтберер,

Лақсойыпетберер.

– Оны қайда қоямыз?

– Тал түбіне қоямыз.

– Итжепкетсеқайтеміз?

– Таяқалыпқуамыз.

– Жеткізбесеқайтеміз?

– Жылай-жылайқаламыз.

–                Өте тамаша! Міне, енді інінен шыққан түлкіні де көруге болады.

–                Түлкі немен қоректенеді?

–                Тышқандарды, ұсақ жәндіктерді аулап жейді.

–                Түлкінің баласы қалай аталады?

–                 Мыршай.(мыршай-лисенок)

–                Серуенімізді әрі қарай жалғастырайық. Балалар, қараңдаршы, ағашта тағы бір үй тұр. Қай аңның  үйі екенін табу үшін, мына жұмбақты шешейік.

Қарғып жүрер жан-жаққа,

Өте құмар жаңғаққа. (тиiн-белка)

–                Тиіннің үйін қалай атайды? (қуыс-дупло)

–        Дұрыс таптыңдар. Олар қуыста тығылып жатыр. Оларды қуыстан шығару үшін, кім тиін туралы тақпақ айтып береді екен.

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

–         Міне тиін қуыстан шықты. Тиін қыста немен қоректенеді?

–         Жаңғақ, кептіріп жинап алған саңырауқұлақтармен.

–                Орманды әрі қарай аралайық. Мұнда тағы бір үй тұр. Үйдің иесін табу үшін, мына жұмбақты шешейік.

Үстi толы ине,

Бiрақта, iс тiгiп,

Қадамайды түйме. (Кiрпi-еж)

–          Қыста кірпі не істейді?

–          Ұйықтайды.

–         Дұрыс, қыста ұзақ ұйқыда болатын аң.  Кірпінің баласы қалай аталады?

–         Кірпі-ежик

–                Міне, біздің серуеніміз осымен аяқталды. Серуен сендерге ұнады ма?

–                Орманда қандай аңдарды көрдіңдер? Есімізге түсіру үшін мына аңдардың көлеңкелеріне назар аударайық. Мұқият қарап алып, қай аңнның көлеңкесі екенін айтыңдар. (балалар жауабы)

 

–                Мына суреттегі аңдардың балаларың қалай атайды? (балалар жауабы)

–                Орман, аң, құстар бұлар да табиғатқа жатады. Табиғат біздің байлығымыз, біз табиғатты аялап, қорғауымыз керек.

Қазір балалар, құрметті қонақтарымызға өзіміздің дайындаған «Шегіртке және орман аңдары»  атты ертегімізді сомдап берейік.

 

Шегіртке және орман аңдары

(жаңашаертегі)

–  Ерте, ерте, ертеде, ертегілер елінде әнші шегіртке болыпты. Шегіртке жаз бойы ән айтып, би билеп, скрипкада ойнайды.
Күн артынан күн өтіп, жаз да, күз де өтіп, қылышын сүйретіп қыс келеді. Орман іші ертегідей тыныштыққа бөленген. Жер бетін  қар жауып, қақаған аяз да келеді.
Әбден тоңған шегірткенің ән айтуға шамасы келмейтін болды. Шегіртке дірілдеп ағаш түбіне отырып:
– Енді күнім не болмақ? Бекер жүрісті қойып, тамақ тауып жейін. Жақын жерде аюдың апаны бар еді. Аюға барып бір амалын табайын.

–  Тық, тық. Аю ағай, аман ба?
–  Бұл кім?
–  Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
–  Қыс боларын біліп пе едің? Қыста мен ұйқтаймын, қорегімді  жазда жинап алғанмын. Ұйқымды бұзба, әніңді айтып, билей бер.
Шегіртке дірілдеп келіп бұта түбіне отырады.
–  Енді күнім не болмақ? Жақын маңда түлкінің іні бар еді деп түлкіге келеді
–  Тық, тық
–  Бұл кім?
–  Түлкі апай, аман ба?
–  Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
–  Қыс боларын біліп пе ең?
Қыстың қамын жазда ойла. Мен ұзақ жолға шығып барамын. Қар астынан азық іздеп жеймін, мазамды алма. Әніңді айтып, билей бер.
Шегіртке енді күнім не болмақ, деп кірпі қыздың үйіне келеді
–  Тық, тық
–  Бұл кім?
–  Кірпі апай, аман ба?

– Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
–  Қыс боларын біліп пе ең? Менің інім тар. Өзім жапыраққа оранып, ұйықтап жатырмын, мұнда саған орын жоқ. Бар, әніңді айтып, билей бер.
Шегіртке дірілдеп келе жатып, бұта түбіндегі қоянды көреді.
–  Сәлем бердік, қоянжан. Мына суық аяздан құтқар, тоныңды бер, қыс біткенше асыра.
–  Қыста тонымды ауыстырып, жауларымнан қорғанамын, ағашты кеміріп, күндіз ұйықтаймын, түнде жүгіріп азық іздеймін, мазамды алма, әніңді айтып, билей бер.
Шегіртке дірілдеп құлап түседі.

Қоян:
–  Мұнда келіңдер, шегіртке құлап қалды! Аңдар келіп шегірткенің аяқ қолын уқалайды, ыстық сүт беріп, жылы төсекке жатқызады. Шегіртке көзін ашады.
–  Мен қайдамын? (дірілдеп)
–  Қорықпа, енді біз сенімен біргеміз. (аңдар шегірткені қоршап)
–  Қамқорлықтарыңа рахмет. Мен де, қыстың тіршілігін жазда жасаймын.
Аңдар өздеріне жинаған азықтарынан шегірткеге сыйлыққа береді.
–  Рахмет, рахмет. Мен де сендерге мына әуенімді сыйлаймын.

Орман аңдары қол ұстасып, би билейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *