«Жасыл шырша жанында»


Нурманова Канбиби Тугеловна
№7 «ЕрТөстік» балабақшасының тәрбиешісі

Жаңа жыл мерекесіне  сай зал іші әсем безендірілген. Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіріп, шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

Бүгін келді жаңа жыл,

«Қонжық» тобы тағы да.

Би билейді, ән салады,

Жасыл шырша жанында.

Даланың да қаланың

Думандатып от басып.

Тағы міне, жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын!-

Деп «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.

–         Балалар айнала қандай әдемі, қандай тамаша, біз ертегілер еліне кіріп кеткен сияқтымыз

–         Міне әсем безендірілген шыршамыз. Сіздерге шырша ұнай ма?

–         Ал балалар енді сендерге жұмбақ жасырамын, сендер ойланып шешуін табыңыздар.

 

1.     Ақ сақалды атаны – ай,

Мінезінің шатағы – ай.       (Қыс)

 

2.     Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.         (Аяз)

 

3.     Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді.          (Қар)

 

Ән: «Зырлайды шанамыз»

 

Жүргізуші: Ендеше біз қыс туралы тақпақтарымызды айтайық.

 

Балаладың тақпақтары.

 

Әмина: Қыс келгенде өңірге

Біздер келдік өмірге

Ақша қардай ақтілек

Тұрар әркез көңілде

 

Мадина: Ұшан теңіз – қалың қар

Жерді басып жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

 

Алай – дүлей осы маң,

Келді бүгін қыс кіріп.

Терезенің тұсынан,

Тұрды тынбай ысқырып.

 

Бейбарыс: Аяз келіп қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

 

Ойын: «Кім көп қар түйіншігін жинайды?»

 

Би: «Санта Клаус»

 

Жүргізуші: Балалар, думанды кешіміз басталып та кетті. Енді көп кешікпей Аяз атамыз да келіп қалар.

 

Осы кезде залға ырылдап қасқыр келеді.

 

Қасқыр: А, а мұнда отыр екенсіңдер ғой! Аталарың орманда адасып жүр екен. Қасқырларым аш еді, оларға табыстап кеттім. Қолындағы ұялы телефонын алып қашып кеттім. Өзінің байланысатын адамдары қандай көп, қайта-қайта телефон шалып жатыр.

Ха-ха-ха! Хи-хи-хи!  Енді мәңгіге тынышталатын болды сорлы қарт! Өз обалы өзіне!

 

Балалар (шулап):

–         Қасқыр, қасқыр! Аяз Атаны алып келіңіз!

–         Сіз бізге керек емессіз! Бізде бүгін жаңа жыл! Аяз атасыз жаңа жыл мерекесі өтпейді!

 

Қасқыр: А-а! Сіздерге Аяз ата басты адам болды  ғой?

 

Балалар:

–         Аяз атаға ешкім кедергі болмақ емес

–         Аяз атаны алып келіңіз

 

Қасқыр(жан жағына алаңдап):

Жа – рай – ды!

Бәріңізде маған қарсы болдыңыздар ғой! Ендеше мен сендерге әртүрлі шарт қоямын. Соны орындасаңдар, ормандағы қасқырларыма «Аяз атаны босатыңдар» деп айтамын. Келісесіңдер ме балалар!

 

 

 

Балалар:

Келісеміз!

Қане, шартыңызды қоя беріңіз!

 

Қасқыр: Ендеше ұялы телефонмен қасқырларыма осы шарт бойынша келіскенімді айтып қояйын. Әй ол қасқырлар үлгертпей  кетпесе… Қасқыр құлағына ұялы телефонды жақындатып  ыр…ыр…ыр… деп арасында қыңсылап қояды.

 

Балалар:

–         Әдейі уақыт өткізіп тұр ғой!

–         Қане Аяз атаны тезірек әкелеңіз!

–         Тіліне түсінбедік!

 

Қасқыр: (жуан дауыспен). Әркімнің өз тілі болады. Ал әлемдегі ең әдемі және бай тіл біздікі! Ал сіздерде қанша әріп бар?

 

Балалар: (шулап) Бізде 42 әріп бар?

 

Қасқыр: Жа – рай – сыңдар! Сауаттанып қалыпсыңдар ғой! Ал сендер қанша ұлттың тілін білесіңдер?

 

Балалар: (шулап):

–         Қазақ, орыс, ағылшын тілін.

 

Қасқыр: Бұл тілдерді сіздерге кім үйретті?

 

Балалар: Тәрбиеші, апайлар. Олар бізге көп нәрсені үйретті.

 

Қасқыр: Сіздердің Аяз аталарың аса білімді жан болып шықты. Дүниедегі сан ұлттың тілін біледі екен. Бағана адамдармен бірнеше тілде хабарласты. Оның телефонының сиқыры бар шығар ә! (Қасқыр ойланып тұрған кейіп танытады. Телефонын құлағына тақаңқырап өзінше күңкілдейді). Өй, мына қасқырларыма не болды? Жауап қатпайды ғой. Ұялы телефондарының ішіне қар кіріп кеткен шығар. Жарайды, кейін сөйлесермін! Енді ойын шартымды айтайын! Есепке қалайсыңдар?

(Тілін жалақтатып жан-жағына қарайды).

 

Балалар:

–         Айтыңыз, шешеміз!

–         Уақыт кетіп жатыр, тезірек айтыңыз!

 

Қасқыр: Үштен бірді алғанда неше болады?

Балалар (шулап):

–         Екі!

–         Екі болады!

Қасқыр: Үшбұрыш, төртбұрыштарды көріп жүрсіңдер ғой. Ендеше үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастасақ, қаншасы қалады? Балалар шулап әртүрлі жауап береді.

Қасқыр: Сендер дұрыс жауап бере алмадыңдар, бұрыштары көбейеді, төртбұрыш қалады. Енді тағы бір есеп берейін. Үстел үстінде жеті балауыз шам  жанып тұр. Үрлеп үшеуін сөндірдім. Неше балауыз шам қалады?

Балалар:

–         Төртеу!

–         Төртеуі қалды!

Қасқыр: Дұрыс емес! Үшеуі сөндірілседе, үстел үстінде тұр ғой. Яғни жеті  балауыз шам қалады. Ха-ха-ха! Хи-хи-хи!

Қасқыр: Сынақтан жартылай өттіңдер балалар! Ризамын сендерге! Енді қасқырларыма телефон шалайын. Аяз атаға рақымшылық жасасын! (қасқыр телефонын ұстап тұрып): Өй, құрып кеткірлер! Жауап қатпайды ғой! Ыр-ыр! Деп ызалы кейіппен қолын артына қайырып, әрлі берлі жүре бастайды.

Осы кезде әсем музыка ойнап, залға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.

Қасқыр: Мәссаған! Аяз ата! Ақшақар! Сіздер қалай келіп қалдыңыздар?!

Балалар:

–         Қош келдіңіз, Аяз ата!

–         Қош келдіңіз Ақшақар!

–         Қасқыр бізді қорқытып тастап еді, қалай жеттіңіз?

Аяз ата мен Ақшақар: Есенсіңдер ме, балалар!

Аяз ата: Аш қасқырлар бізді қоршап алып, қатты қорқытты. Ал мен өз тәсіліме көштім. Боранымды ысқыртып, дауылға айналдырдым. Олар қапелімде тосылып қалғанымен ілгері жылжи бастады.  Болмаған соң 60 градус аязымды жұмсап едім,  олар сол бойда қатып қалды.

Ақшақар: Бір қызығы олар күліп тұрған кейіпте қалды.

Ақшақар көңілденіп, күліп жібереді.

Балалар шулап, қол шапалақтап, қатты қуанады.

Балалар:

–         Өй жарайсыңдар!

–         Өздеріне сол керек!

Қасқыр: Кешіріңіздер! Кешіріңіздер! Менен бір қателік кетті. Ұялы телефоныңыз міне.

Қасқыр қаша жөнеледі. Балалар қол шапалақтап мәз болады.

Аяз ата: Қоштасып көп балалар,

Жетелеумен мол үміт.

Жеттім міне балалар,

Өздеріңді сағынып.

Ақшақар: Өмірдегі мол дәрім,

Өнер қуат, өнер-бақ.

Жаңа жылға жолдадым,

Тез жетсін деп жедел хат.

Аяз ата: Мына шыршаның шамдары жанбай тұр қане жағайық (Қолын көтеріп): шырша, шырша, қане жан! (екі-үш рет айтады)

Балалардың шыршаға арналған тақпақтары.

Әкежан: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынғын.

Еркеназ: Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейік енді шыршаға

«Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат».

Жасұлан:  Безендіріп бүгін сені,

Жыл қуантты баршамызды.

Жасыл шырша, жасыл шырша,

Жарқыратып жақшы шамды.

Балалардың бәрі қосылып:

–         Жасыл шырша!

Жасыл шырша!

Жарқыратып,

Жақшы шамды!

Би: «Шырша»

Ойын: «Ұстатпайтын жіп» (ата-анамен)

Жүргізуші: Балалар енді біз Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Мариям: Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Нұрдана: Аяз ата ойды-қырды

Аралап жүр түгел шолып,

Қарсы алғалы жаңа жылды

Олда көптің бірі болып.

Қандай қызық болса думан

Аяз ата сонда болды.

Күндізінде ойнап бірге,

Балалармен бірге қонды.

Ақтілек:  Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұртыда

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Аяз ата ақ сақалды

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқартаудан

Жеттің бізге таң ата

Ойын: «Қар сыбасу»

Би: «Ақшақарлар»

Ән: «Кішкентай шырша»

Жүргізуші: Аяз ата сіз балаларға қандай ойын я би алып келдіңіз?

Аяз ата: Мен балалармен бірге «Үйшік» ертегісін сахналағым келіп тұр.

Ертегі: «Үйшік» сахналау.

Жүргізуші: Енді кезекті балалардың ағылшынша тақпақтары мен әнге берейік.

Еркеназ: Уан, ту, сри,

Итс кристмас три

Уан, ту, сри,

Кристмас из фан,

Кристмас из мажик

Мери кристмас евриуан.

Жасұлан:  Сноу он зе граунд

Сноу он зе три

Сноу он зе хаус

Сноу он ми.

Ару:  Итс камин бойс

Итс элмост хея

Итс камин глолс

Зе глад Нью Ие.

Ән: «Хеллоу рендея»   «Hello reinder»

Ойын: ата аналармен

Ойын: «Кім тез?»

Ән: «Аяз ата, сіз бізді тоңдырма»

Би: «Мыстан»

Жүргізуші: Ақшақар, сіз Жаңа жылға жеделхат жолдадым деп едіңіз, әлі келген жоқ қой?

–         Біз Жаңа жылды тағатсыздана күтудеміз. Хабарласыңызшы!

Ақшақар: Жаңа ғана ұялы телефонмен хабарластым. Есік алдына келіп қалдым деген… міне, міне өзі де келіп қалды.

Ішке ентігіп Жаңа жыл кіреді.

Жүргізуші: Қане, балалар енді Жаңа жылдың келу құрметіне тақпақ әнімізді шырқайық.

Балалардың жаңа жылға арналған тақпақтары.

Еркін:  Қош келдің, төрге өрле Жаңа жылым!

Жанарыңнан ақ шуақ арылмасын.

Жұлдыз көңіл жылтылдап жүректерде,

Жайсаң, жандар, пейілің тарылмасын

Адина:  Ескі жылмен қоштасып,

Шығарып сап келеміз.

Жаңа жылмен достасып,

Алға баса береміз.

Келді, келді Жаңа жыл

Қуана қарсы аламыз.

Қол соғады дала, қар,

Билейміз, ән саламыз

Ару:  Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз

Өлең де әзір, ән әзір,

Кел Жаңа жыл біздерге

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Ән: «Шырша жыры»

Аяз ата: Балалардың сыйлықтарын таратады.

Аяз ата: Балалар, Ақшақар екеуміздің кететін уақытымыз таяп қалды. Әлгі қасқырларды да тірілтуім керек. Обал ғой!

Жүргізуші:

Жатталық ән, жаңа жыр,

Жаңарсын ел, қала, қыр.

Өміріміз жарық болып,

Құт әкелсін жаңа жыл.

Көңілде көп қуаныш

Көңілде көп жақсылық,

Кетер жылға мың алғыс.

Әкелген көп жақсылық.

Кел жаңа жыл, біздерге.

Кел жаңа жыл, біздерге!

Құрметті қонақтар! Осымен Жаңа жылды қарсы алуға арналған «Жасыл шырша жанында» атты кешіміз аяқталды. Сөз кезегін балабақша директоры Айзада Сыражановаға берейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *