«Қош келдің-жаңа жыл!»


Кабдешова Гүлмаржан Жалғасқызы
№7 «ЕрТөстік» балабақшасының тәрбиешісі

Залдың іші жаңа жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген. Ортада ойыншықтар ілінген жап-жасыл шырша. Балалар жаңа жыл мерекесіне арналған музыка ырғағымен бір-бірінің артынан кіреді, шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші: Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,

Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды.

Мен келдім есіктерді ашыңдар деп,

Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.

Жүзімізде-қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Келе жатқан жаңа жыл,

Әкелсін көп жақсылық.

Құрметті ата-аналар, қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге бар жақсылық, зор денсаулық тілейміз.Жаңа жыл сіздерге құт  береке әкелсін. Бүгінгі №6 «Ақтиін» МАД тобының «Қош келдің, жаңа жыл» атты ертеңгілігін көріп тамашалауға шақырамын.

Балалар бүгін біз қандай мерекеге жиналып отырмыз?

Балалар: Жаңа жыл мерекесіне.

Жүргізуші: Дұрыс балалар, қараңдаршы біздің шыршамыз қандай әдемі. Сендерге ұнай ма?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Балалар шыршаның түсі қандай? Шыршада нелер ілінген?

Балалар: Шыршаның түсі жасыл, ойыншықтар ілінген.

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Кел, балалар, келіңдер

Тамашаны көріңдер.

Енді балалар әсем шыршаны айналып шырша туралы ән айтайық.

Ән: «Біздің шырша».

Балалардың шырша туралы тақпақтары.

1.Шыршаға бардық,                            2. Біздің шырша тамаша,

Әсем ән салдық.                                    Қызығына қарасаң.

Аяз атадан,                                              Ойыншықтары толған,

Сыйлықтар алдық.                                 Сан жетпейді қарасаң.

Жүргізуші:Балалар мерекеміз қызықты болуы үшін,ортамызға кімдер жетіспейді?

Балалар:Аяз ата,Ақшақар.

Жүргізуші:Әрине,олай болса бәріміз бірге шақырайық,келіп қалар.

Балалар:Аяз ата,Ақшақар!

Осы кезде залға Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Мұз болып қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Ақшақар:Сәлеметсіздер ме балалар!Мен Аязатаның немересі Ақшақармынғой.Алыстағы қар патшалығынан келдім.Далада қар борап тұр,жол көрінбейді мен атамнан адасып қалдым.Өзі де кешікпей келіп қалар.Ал енді балалар Аязата келгенше мерекені жалғастырайық.

Жүргізуші:Ендеше балалар Жаңа жылға арнап тақпақтар айтайық.

1.Жүзімізде күлкі ойнап,        2.Ән саламыз, би билеп,

Қанаттанды жанымыз.                Жырдан шашу төгілді

Жаңа жылды біз тойлап,           Бүгін бізде жаңа жыл,

Шаттанамыз бәріміз.                  Қандай қызық көңілді

Ақшақар: Балалар, сіздер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер? Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешіп көріңдер?

1  Жасыл ине киемін                            3.Қыста ғана болады,

Жайлаймын тау биігін                         Ұстасаң қолың тонады. (Қар)

Жаңа жылды тойласаң                    4. Терезеге қонады

Төріңдемін үйіңнін.   (Шырша)           Әсем ою салады. (Аяз)

2. Жаздай тынығады,

Қыстай зымырайды. (Шана)

Осы кезде Мыстан кемпір залға кіреді.

Мыстан кемпір:Е-е менсіз мерекені тойлап жатыр екенсіңдер ғой.Мерекеге мені неге шақырмайсыңдар,жо-жоқ мереке болмайды,оған мен жол бермеймін.

Ақшақар:Ей,мыстан кемпір,бос айғайды қойсаңшы.Ешқашан жамандыққа тоймайды екенсің.Қашанғы осылай жүресің,одан да бізбен бірге ойнап,күл,биле.Биле дейсіңдерме, онда кішкентай мыстандармен  билеп берейін.

Би: «Көңілді мыстандар»

Би біткен кезде мыстан  Ақшақарды алып қашып кетеді.

Жүргізуші:Балалар енді біз неістейміз,олай болса барлығымыз Аяз атаны шақырайық.

Балалар:Аяз ата,Аяз ата!

Сол кезде залға санта-клаус кіреді.

Санта-клаус: Сәлеметсіздерме балалар мереке құтты болсын!Сендер Аяз атаны шақырып жатырған дауыстарыңды естіп,шет елден мен келдім.

Жүргізуші:Санта-клаус қош келдіңіз,сіз Аяз атаны көрдіңізбе?Ақшақарды мыстан алып кетті,сіз бізге көмектесіңізші.

Санта-клаус:Аяз ата алыс жолдан жете алмай келе жатқан шығар,ол келгенше Ақшақарды іздеп табайық.Мен қалың орманда келе жатып адасып қалған едім,жол табуға бір қарақшы көмектесті.Онда мен қарақшыны көмекке шақырайын.Қарақшыны шақырады.

Сол кезде қарақшы  келеді.

Қарақшы:Мені неге шақырдың,мында не болып жатыр?

Санта-клаус: Сені бізге көмектестеп шақырдым,Мыстан Ақшақарды алып кетті,бізге Ақшақарды қайтар.

Қарақшы:Маған сыйлыққа не бересіңдер,мен тектен тек көмектеспеймін.

Санта-клаус: Біз саған сыйлық  береміз.Қалай келісесізбе?

Қарақшы:Сендер маған сыйлық бересіз,ал сендерге Ақшақарды қайтарамын деп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші:Қарақшы бізге Ақшақарды алып келеді,мерекемізді одан әрі жалғастырайық.Кәне балалар Санта-клаусқа арнап шет тілінде ән айтып берейік.

Ән: «Merry Christmas»

Балалар тақпақтары

1. Winter, winter                        2.New year Day

Cold and ice                               Happy Day

A mug of chocolate                  We are glad

Would be nice                           And very gay

Санта-клаус:Жарайсыңдар,балалар сендер шет тілді біледі екенсіңдер.Мына жерде мен сияқты кішкентай санталар бар екен. Енді осы санталармен бірге би билеп берейік, тамашалаңыздар.

Би: «Кішкентай санталар»

Санта-клаус: Енді балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Қарды дәл тигіз»

Осы кезде Қарақшы мен Ақшақар кіріп келеді.

Қарақшы:Міне қараңдар Ақшақарды алып кедім.Менің сыйлығым қайда?

Жүргізуші:Қарақшы көмегіңе көп рахмет,бүгін жаңа жыл мерекесі біздің сыйлы қонағымыз болыңыз.

Қарақшы:Олай болса балалар әдемі ән орындап берсін.

Жүргізуші:Жарайды,кәне балалар ән орындап берейік.

Ән: «Ёлочка»

Қарақшы:Мына жерде мен сияқты қарақшылар бар екен,кәне биге шығыңдар.

Би: «Қарақшылар»

Ойын: «Кім бірінші» (Ата-аналармен ойын)

Қарақшы:Мен енді кетейін,сыйлығымды беріңдер.

Жүргізуші:Қарақшы көмегіңе көп рахмет,міне сыйлығын . Аяз атаны көрсен жол көрсетші.

Қарақшы:Сау болыңдар балалар.Мен Аяз атаға жол көрсетейін.

Жүргізуші:Балалар Аяз атаны тағыда шақырайық.

Балалар:Аяз ата,Аяз ата!

Залға аяз ата көңілді әуенмен кіреді. Шырша айналып би билеп, ән айтады.

Аяз ата: Балаларым балғыным,

Өмір гүлім шалғаным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Амансыздарма, балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Денсаулықтарың мықты болсын!

Жүргізуші: Аяз ата сіздердің келгендеріңіз қандай жақсы болды. Бәріміз бірге мерекемізді көңілді жалғастырайық.

Аяз ата қараңызшы біздің шыршамыз әдемі емес, шыршамыз әдемі болу үшін бірдеңе жетіспей тұрған сияқты.

Аяз ата: Иә, балалар шынында да шыршаның шамдары жанбай тұр екен. Оны сиқырлы таяғыммен сиқырлап жандырайын. Балалар, сендер маған көмектесіңдер 1-2-3 шыршаға қуанышты жарық түс. Аяз ата таяғымен жерді ұрып қалады.Сол кезде шамдар жанады.

Жүргізуші: Аяз ата сізге рахмет, шыршамыздың шамдарын жарқыратып жағып бердіңіз. Енді, балалар сізге арнап өлең айтып береді.

Ән: «Аяз Ата».

Жүргізуші: Аяз ата балалардың сізге арнаған тақпақтарын айтқысы келіп тұр.

1. Тамаша сый алып,                                  2. Ақ қырауға малынған,

Келді аяз атамыз.                                           Сақалы да, мұрты да.

Шаттанып қуанып,                                        Аяз ата сағынған,

Шырқап ән айтамыз.                                    Сәлем берді жұртына.

Жүргізуші: Аяз ата балалар сіздермен ойнағысы келіп тұр.

Ойын: «Қар сыбасу».

Ақшақар: Аяз ата сіз шаршап қалдыңыз, енді сіз отырыңыз, біз мына кішкентай ұлпа қарлармен билеп сізді салқындатамыз.

Би: «Ұлпақарлар».

Жүргізуші: Енді балалар кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Шырша безендіру».

Жүргізуші: Бізбен бірге жайдары,

Аяз ата жайнайды.

Жарқырайды шыршамыз,

Ән салайық баршамыз.

Ән: «Тамаша».

Жүргізуші: Балалар келе жатқан 2018 (ит) жылы. Енді жаңа жылды ортаға шақырайық.

Кел, кел жаңа жыл.

Ортаға жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме балалар, жылдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші:  Қош келдіңіз! Жаңа жыл төрлетіңіз.Біздің балалар сізге арнап ән айтып береді.

Ән: «Жаңа жыл».

Балалардың жаңа жыл туралы тақпақтары:

1.Аспан жерге төгеді,                             2. Жаңа жылды біз тойлап,

Ақ күмісін уыстап,                                        Шаттанамыз бәріміз.

Жаңа жылда келеді,                                    Кел жаңа жыл біздерге,

Бізге қарай жылыстап.                                Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларға қандай сыйлық әкелдіңіз? Сол сыйлықты таратып беріңізші.

Аяз ата: Бәрекелді, балалар жаңа жыл құтты болсын! Ақшақар қызым көмектесіп жібер, балаларға сыйлық таратайық.

Жүргізуші: Аяз атаға рахмет айтайық.

Балалар: Рахмет.

Аяз ата: Балалар ақшақар қызым екеуміз басқа да балабақшаларға барып, балаларды құттықтайық. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар жаңа жыл құтты болсын! Осымен №6 «Ақтиін» МАД тобының жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі жылы кездескенше, қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *