«Оқушылардың қазақ тілі сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда тілдесім әрекеті дағдыларын дамыту»


Рамазанова Асем Бырлесовна
СҚО, Петропавл қ. «№21 орта мектеп» КММ қазақ тілі  мен әдебиеті мұғалімі 

Мақсаты:Оқушылардың қазақша  сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін түсіне алатын дәрежеге жеткізу.

Міндеті:

·        Оқушыларға көп сөздерді айтуға , есте сақтауға көмектесу.

·        Оқушылардың оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

·        Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, жан-жақты дамыту.

Зеттеу жұмысының гипотезасы: Егер әр оқушының пәнге деген қызығушылығы оянса, оқу белсенділігі өссе, тілдесім әрекеті жиі қолданылса, онда Тәуелсіз мемлекетіміз гүлденіп, білімді, өз ойын еркін жеткізе алатын азаматтар көбейеді.

Жобаның тәжірбиелік маңыздылығы:

Орыс тіліді оқушыларына қазақ тілін үйрету барысында ең тиімдісі- ойын технологиясы.

Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлесу тілі жасқсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері

Меутеп оқушыларымен жұмыс істеу барысында мұғалімдер күнделікті оқытуда әр түрлі жанрлар мен формаларды қолданады.

Мысалы:

·                   Ойын сабағы

·                   Спектакль сабағы

·                   Зертеу сабағы

·                   Ертегі сабағы

·                   Концерт сабағы

·                   Саяхат сабағы

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылардың пәнге деген жағымды қызығушылықтары  қалыптасады

2.Белсенді сөздік қорларын байытады.

3.Оқушылардың еркін ойлау мүмкіндігі туады.

4.Қазақша сөйлеу шеберлігін жете меңгереді, әсіресе, өз күшінің, өз қарқынының парағы сеніммен қарауға дағдыланады

5.Факультатив жоспары дайындалады

Оқушылармен жұмыс істеу түрлері:

·        Жеке жұмыс істеу кеспелері;

·        Жауабы дұрыс тапсырмалар;

·        Деңгейлік тапсырмалар;

·        Шығармашылық тапсырмалар;

·        Конспект кеспелері;

·        Дифферинциалдық тапсырмалар;

·        Сұхбат;

·        Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;

·        Сурет бойынша әңгіме құрау;

·        Берілген сұрақтарға жауап беру;

·        Берілген жағдайаттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;

Осы жұмыс түрлері арқылы балада сенім оянады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылып құрастырылған тапсырмалар, ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Мысалы осындай ойындар арқылы:

«Керекті сөзді тауып айт»

Ойынның мақсаты- ойлау қабілетін дамыту, қажетті сөздерді тауып айтуға жаттықтыру. «Ұлттық киім» десек-киім атауларын атау керек.

«Қатені тап»

Ойынның мақсаты-сауаттылықты, сауаттылық ережесін қалыптастыру. Сөздердің жазылуын, есте сақтау қабілетін дамыту. Мұғалім әдейі қате жіберіп сөздер не мәтін береді. Оқушы қателерді табу керек.

«Лингвист»

Ойынның мақсаты- оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша сөздік қорын, сөздердің дұрыс жазылуын және дұрыс айтылуын тексеру.

Суреттер таратылады, соған байланысты сөздер  жазу керек. Сабақ үстіндегі ойындарда оқушылардың шығармашылығы артады. Ойын оқу материалын түсінуге көмектеседі.

«Сөйлесім әрекеті»-әр түрлі ғылыми өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Сөйлесім әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, ақпаратты баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз – адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен пікір алмасу деген пікірді айтады. Осындай тәжірбиелерге сүйене келіп, сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп қарастырамыз.Олар:оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол- түсіну. Бір адам екінші бір адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесуде жүзеге аспайды. Сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндап, әр ойды түсінуге негізделеді.

Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, 1-ден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, 2-ден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты, 3-ден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасы дұрыс түсінудің мәні зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Сөйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы: 1. Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болды және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады. 2. Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.3. Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйренуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мұның өзі уақыт өте келе сарапқа түсіп, өмірде, ғылым мен техникада жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рөлі артады, коммуникация процесі дамиды. Оқылым процесінде 4 негізгі компонент үздіксіз қатысып отырады: 1. Көру мүшелері.2. Ойлау мүшелері.3. Тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі. 4. Қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі. Сонымен қатар бірнеше қосымша компоненттер қатар жұмыс істейді: 1. Дыбыстау мүшелерінің қимыл- қозғалысы. 2. дауыстап оқу.3. Есту мүшелерінің жұмысы. 4.Тілдік материалдар жиынтығы.

Тіл үйрену барысында жүргізілетін оқуды әдіскерлер  бірнеше түрге бөледі: аналитаикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, қосымша оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, танымдық оқылым, зерделік оқылым, ізденімдік оқылым, көрсетімдік оқылым. Оқылым  2 түрлі формада жүзеге асады. Бірі –іштей оқу, екіншісі- дауыстап оқу. Дуыстап оқу жылдамдығына қарай тез оқу және баяу оқу деп те бөлінеді.

Тілдесім – сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалымның іс жүзінде қолдануына мүмкіндік жасайды.

Тілдесім (общение) –айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Тілдесім –адамдардың қоғамдық -әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Тілдесім арқылы болатын әсерәр түрлі болуы мүмкін: а) жағымды не жағымсыз әсер; ә) ашық не жасырын әсер; б)тікелей не аралық әсер; в) негізгі не қосалқы әсер. Адамдардың бірбірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлеуіне байланысты тілдесімнің мынадай түрлері бар:1. ресми тілдесім ; 2. бейресми тілдесім; 3. қалыптасқан тілдесім;4. кәсіби (мамандыққа қарай) тілдесім; 5. әлеуметтік тілдесім; 6.дербестік тілдесім. Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді: 1. педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар; 2.нашар оқитын оқушылар.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.

SWOT анализ –ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттары мен оған жету жолдарна сүйенетін әдіс. Осы әдіс бойынша ұйымның мақсаттары анықталу негізіндегі оған жетудің басты құралдарына сүйенеді. Әдісті қолдану барысында мәселенің күшті және әлсіз жақтарына сараптама беріледі, орын алатын қатерлері, одан шығатын жолдары туралы айтылады.

Тілдесім әрекетінің атқаратын қызметі – тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру. Тілдесімнің қатысымдық қызметін ішкі ерекшеліктеріне байланысты саралайтын болсақ, онда оларды төмендегідей деп жіктеуге болады.

Тілдесімнің атқаратын функциялары /қызметтері/ мынадай:

1.     Әлеуметтік қызмет.

2.     Танымдық қызмет.

3.     Мағлұматтық қызмет.

4.     Қоғамдық не қауымдық қызмет.

5.     Эмоционалдық қызмет.

Әлеуметтік қызмет-тілдесім арқылы адамның ой-пікірі, көзқарасы әлеуметтік дәрежеге көтеріледі. Тілдесім әрекеті адамға қоғамдық ортадан өз орнын табуға көмектеседі, адамдармен пікірлесуге, түсінісуге жол ашады. Сонымен бірге қоршаған орта адамға әсер етіп, тілдесу арқылы оқушының сана-сезімі өседі, адам өзін қоғамдық ортада дұрыс ұстауға үйренеді, мәдениетті сөйлеуге, үлкендердің тағылым сөздерін жадында сақтауға тырысады.

Танымдық қызмет-тілдесудің нәтижесінде тіл үйренуші білмегенін біледі, үйренеді, әр түрлі адамдарды таниды, көреді,кісі бойындағы жақсылыққа үйренеді, жақсы сөзді жаман сөзден ажыратады, дұрыс іс-әрекетті нашар әрекеттен айырады, жалпы танымдық қасиеттері меңгеріп, өз бойына сіңіруге мүмкіндік алады.

Мағлұматты қызмет- тілдесудің негізгі қағидаларын меңгеру арқылы оқытушы мен оқушы ақпараттық материалдармен танысады. Сол сияқты әр түрлі мағлұматтармен алмасады. Өмірде кездесетін көптеген хабарлар жөнінде пікір алысады.

Қоғамдық қызмет-тілдесу арқылы адамдар бірігіп, ортақ мақсатты іске асырады, топтплып, ұйымдасып жұмыс істейді; қоғамдық істер атқарады; ұжымдық күрделі әрекеттерді ұйымдастырады. Осындай жолда бір-бірімен түсініседі, пікірлесіп, сөйлеседі т.б.

Эмоционалдық қызық –тілдесім адамдардың бір-бірімен сезімін, көңіл-күйі бөлісуге мүкіндік жасайды. Сөйлесу, білісудің нәтижесінде бірінің мінезін екіншісі түсінеді, соған қарай әрекет етеді.

Жалпы кез келген адам тілдесе келе, басқалармен пікірлесіп, оның жан-күйін сезінеді. Сол сияқты тілдесу арқылы өз ойын, қиындығын адамдармен бөліседі. Қуанған адам қуанышын біреуге жеткізіп, басқа адамдарды өзімен бірге қуантады т.б.

Сонымен тілдесім- тілдік қатынаста маңызды орын алатын адамзатқа тән ерекше күрделі процесс.

SWOT анализ барысында төмендегі нәтижелер анықталады.

Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
1.               Оқушылар тіл байлығы арқылы өз ойларын еркін жеткізе алады.

2.               Пәнге деген қызығушылығын оятады.

3.               Шығармашылық қабілеттерін дамтады.

4.               Сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
1.     Тілдік ортаның жоқтығы.

2.     Оқушылардың қызығушылығынның болмауы.

3.     Оқушылармен жұмыс істеу барысында мұғалімдердің ғылыми-теориялық  білімдерінің жеткіліксіздігі

4.     Оқу бағдарламалар мен оқулықтардың сәйкес келмеуі
Төнетін қауіп
Шешу жолдары
1.     Тіл мәртебесінің өспеуі.

2.     Тілді үйренуге деген қабілеттің төмендеуі.

3.     Басқа тілдердің мәртебесінің артуы.
1.     Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

2.     мазмұнды дұрыс құрылған оқулықтар болу керек.

3.     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

4.     Сабақ беруде тиімді жаңа технологиядарды қолдау.
Қорытынды:

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін әр мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білулері тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *