«Мемлекеттік тіл-менің тілім»


 Дуйсекешева Кенжегуль Рахметжановна
 МКҚК №19 «Бұлақ» МДҰ қазақ тілі мұғалімі

Болашағы зор егемендігі еліміздің өршіл талабына мемлекеттік тілді меңгерту,оқытуға ,оның ішіндегі өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуге ерекше мән берілуде.Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі –жас ұрпаққа сапалы білім беру –оны қазіргі заманға сай білімді ,жан дүниесін рухани байлық етіп тәрбиелеу қиыны мен қызығы бірдей .

-Балаларды қазақ тіліне ауызекі сөйлесе білуге үйрету,сөйлемдерді дұрыс айту,мұғалімнің сұрағына дұрыс түсініп ,жауап беру тәсілдерін меңгертемін.

Әрбір сабақты өткізуде мұғалімнің шығармашылығы,Әдіс-тәсілдері тиімді пайдалануы,сабақты түрлендіріп пайдалануы,сабақты түрлендіріп ұйымдастыруда дидактикалық ойындарды қолдану,сөздік-қимылды ойындар,мақал-мәтелдер,жұмбақтар қолдану балалардың қиялын шарықтатып,жеке басын дамыту үшін олардың психологиялық ерекшеліктері ескеріп оларға берілетін көлемі мен сапасына назар аударылады.Білімді меңгеру үстінде баланың ойлау қабілеті ұшталады.Дидактикалық материалдармен балалар жатыққан сайын ,олардың зейіні ,тапқырлығы ,ынталығы ,өздік ойлау жұмысы дами түседі.

Мысалы: «Ойыншықтар»тақырыбын өткенде «Кім қандай ойыншықтарды біледі?» «Керекті дыбыспен ойыншықты ата». «Жануарлар»тақырыбын өткенде «Ненің дыбысы?» «Төлдерін ата», «Қайсысы артық»-атты ойындар қолданылады.Бұл ойындар барысында балалар көзбен көріп,есте сақтау қабілетін дамытып,түр-түсін айыра білуге,сөздік қорын молайтып,қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айыра білуге үйренеді.Қазақ тілі сабағында балалардың шаршап ,жылықпауын қадғалау үшін ойын-тапсырмалар беремін.

Сабақтарда балаларды ұлттық салт-дәстүрмен таныстырып,мерекелерде іс жүзінде көрсетіледі.

Бiз осы мақалада мектеп  жасына дейiнгi балалардың қазақ тiлiнiн үйрену саласындағы мүмкiндiгiн анықтаймыз, олардың сөйлеу қызметінің дамуына акцент жасай отыра, мектеп жасына дейiнгi балаларды қазақ тілге ойын түрінде  үйретудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін ашамыз.

Ойын – бұл психология және философия сияқты бiлiм беру салаларында егжей – тегжейлі қаралатын феноменді адами оқиға. Педагогикада және білім беру әдiстемесiнде мектеп жасына дейiнгi балалардың ойындарына аса көңіл бөлінеді (Н. А. Короткова, Н. Я. Михайленко, А. И. Сорокина, Н. Р. Эйгес және басқалары). Бұл – педагогтардың ойынды, атап айтқанда мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқытудың маңызды әдісі ретінде қарастыруымен байланысты.
Біздің замандағы алдыңғы қатарлы ұстаздар (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин және басқалар) мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметі бойынша арнайы зерттеулердің бірқатарын жүзеге асырды.
Ойын технологиясы балаларды оқу жұмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым – қатынас режимдерін, жұппен және топпен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Ойын технологиялары қазақ тілін оқыту әдістемесінде белсендi оқыту нысанына жатады.
Ойын технологиялары шығармашылық – іздестіру деңгейіндегі балалардың жұмыстарын ғана емес, қазақ тiлiн зерттеу бойынша күнделiктi қадамдарды қызықты етуге ықпал ететін, бірегей оқыту нысандарының бірі болып табылады. Ойынның шартты әлемiнің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекiту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бiр қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетiнiң эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады. Ол бiлiмді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардың меңгеретін материалдарын өзіндік тәжiрибеден өткізуге,  оқу процесiнде әр түрлiлiктi және қызығушылықты тудыруға мүмкiндiк беретін ойынның екінші жағымды жағы  болып табылады.
Қазiргi заманда бала заманауи ақпаратты бойына сіңіргендіктен, ойынның маңыздылығы артуда. Барлық әлемде, Қазақстанда да пәндік – ақпараттық орта әлдеқайда кеңеюде. Сабақта және бос уақытта алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік беретін дидактикалық ойын оқыту нысанының бір түрі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрып өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке баулиды.

Балабақша бүлдіршіндеріне саналы тәлім тәрбие берудің жолдары көп. Солардың ішіндегі ең тиімдісі мен қолайлысы – ойын арқылы тәрбиелеу, өйткені жеті жасқа дейін баланың өсіп дамуы үшін қимыл-қозғалыстар, жаттығулар, ойындар ауадай қажет.

Дидактикалық ойындар қазақ тілін оқытуға бағытталған әдiстемелiк тәсiлдерді қолданумен  жаңа материалды зерделеудің барлық сатысында танымдылық қызметті  қарқындататынын зерттеу көрсеттi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз- ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау алуы қажет.

Тәрбие басы- тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі- балабақшада қалыптасады.

Қазақ даналығында «Тіл- ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтылмаған. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтыламын.

Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек біз, балабақша табалдырығын аттаған бала бойына қазақ тілін қасиетті сүттей сіңіру үшін біздің балабақшада балалардың, ата-аналардың тілге деген патриоттық сезімдерін ояту үшін көптеген  жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан- көп ұлтты мемлекет сондай-ақ біздің балабақшамызда бірнеше ұлттың балалары оқиды. Сондықтан күнделікті жұмыста балаларды бір-бірін сыйлауға, достық қарым-қатынасты нығайта білуге, біріне-бірі көмекке келуіне, рухани адамгершілікке тәрбиелеу менің міндеттерімнің бірі болып табылады.

Біздің балабақшамызды өзге ұлттың балалары мемлекеттік тілді меңгергендерін көрсетіп жыл сайын қалалық мақтау қағаздары мен дипломға ие болады. Осындай көрсеткішке жету, күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп айтуға болады.

Менің басты міндетім:

Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын жетекшілікке алып,  балалардың жастық ерекшеліктерін басшылыққа алып және алдыма қойылған мақсаттарыма сүйеніп, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданатын күнделікті жоспарымды   құрамын,құрылған жоспарым іс жүзінде жүзеге асырылып, тиімді нәтижесіне жетеді.

Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.

«Білім –менің тілімде» деп ұлы аталарымыз айтпақшы білімді болғымыз келсе ең алдымен мемлекеттік  тілімізді білуіміз қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *