« Құтты болсын, жаңа жыл!»


 Рахимжанова Гүлнар Болатқызы
  СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы МКҚК тәрбиеші

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шыршаның сәнді безендірілгеніне, карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді бірлескен ойындар ойнату, достық қарым-қатынас орнату.

 

Зал іші «Жаңа жыл» мерекесіне сай әсем безендірілген.

I – Жүргізуші:  Келді, міне, көптен күткен жаңа жыл,

Ортамызда міне жасыл шырша тұр.

Келіңіздер, жүзі жылы қонақтар,

Таң қалдырар бізде қызық думан бар!

II- Жүргізуші: Қолды соғып аянбай,

Құр отырма, қонақтар.

Көрсетер сонда өнерді,

Өнерлі біздің балғындар! – деп ортаға II-кіші «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

/музыка әуенімен балалар қол ұстасып , шыршаны   айналады, билейді/

I – Жүргізуші:  Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің  кейіпкерлері де жетіпті. Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

I – Жүргізуші:  Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:    Жаңа жыл!

I- Жүргізуші:  Балалар,  бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға  жиналдық. Келіңдер, қол ұстасып жүріп ән салайық.

ӘН: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

II- Жүргізуші:  Жарайсыңдар, қандай әсем ән!

/шыршаның жанына жақындап келіп/  Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр!  Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер балалар, сыйлықты ашып көрейік.

/Көңілді әуен ойнайды,   қорапты   ашады, оның ішінен  Сиқыршы  атып шығады/.

Сиқыршы: Амансыңдар ма,  балалар! Иә, бұл  менмін. Мені ораудан алып шыққандарың  қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы,

Сендерге арналған сиқырларым бар…

/сиқырларын көрсетеді/

Ойын: Шелекті қармен толтыру

 

 

 

II- Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, көрермендеріміз де бар.  Енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

II- Жүргізуші:  Кәне,онда Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата!

 

/Ақшақар шанаға ойыншық  Аяз атаны  салып, өзі жылап  кіреді/

 

I – Жүргізуші:  Балалар, мынау Ақшақар ғой.  Сәлеметсіз бе, Ақшақар,    сізге  не болды?

Ақшақар: Біз Аяз ата екеуіміз орманда адасып қалдық, бізге мыстан кемпір кездесіп Аяз атаны кішкентай етіп сиқырлап тастады.

/Ақшақар жылайды/.

I – Жүргізуші:  Ақшақар жылама, көңіліңді түсірме, одан да біздің бала-лардың өнерін тамашала.

Тақпақтар:            Жанәділ

Жасыл    шелек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

Азел

Ах, какой хороший,

Добрый Дед Мороз!

Елку нам на праздник,

Из лесу принес.

Огоньки сверкают,

Красный, голубой

Хорошо нам, Елка,

Весело с тобой!

Жан

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Інкәр

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз ата басқарды.

Әділет

Тауда туып тауда өсіп,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

 

 

Жанель

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыл.

Құтты болсын ,құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл!!!

Айнаш

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай, алақай,

Өседі  бойымыз!

Ажар

Аппақ тонға оралып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Би: «Ақшақарлар мен шыршалар»

Дуэт:Шыршаға бардық әні /Жанәділ-Інкәр/

 

II- Жүргізуші:  Балалар, Аяз атаның сиқырын қайтару үшін не істесек екен?

Сиқыршы,  мүмкін сен бізге көмектесе аласын? Мыстан кемпір Аяз атаны сиқырлап  тастапты, ал балалар болса Аяз атаны     күтіп отыр.

Сиқыршы:  Әрине, көмектесе аламын. Аяз аталарыңды қайтарып беремін.

/Үйшіктің ішіне ойыншық Аяз атаны  салып, сиқырлы сөздерін айтады,

үйшіктің ішінен Аяз атаны алып шығады/

Аяз ата:                      Аманбысың ұлдарым, амансың ба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан, асау желмен жарысқан

Өздеріңе оралдым, бар сыйлығым жоралғым.

Керемет бір ән тыңдап, келіп тұр-ау демалғым.

Ой, менің   Ақшақар қызым да  осында екен ғой!

Балалар, қандай әсем  болып кеткесіңдер! Қандай   керемет   шырша, бірақ шырша шамдары неге жанбай тұр? Кәнекей, бәріміз бірге сиқырлы сөзімізді айтайық:

Қуант бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!      /шырша жарқырайды/

/аяз атаны орындыққа отырғызу/

 

Ән:Аяз ата

 

I – Жүргізуші:

Тақпақтар:

Ляззат

Бүгін бізде мереке,

Бүгін бізде қуаныш.

 

 

 

 

 

 

Нұриман

Қайда қызық думан болса,

Аяз ата сонда болды.

Балалармен бірге ойнап,

Балалармен бірге жүрді.

Медина

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр!

Алуа

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жания

Жаңа   жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

 

Ерасыл

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз ата басқарды

Арлан

Келді  тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді!

Ислам

Жаңа жылда тойда біз,

Көрсетейік өнер біз.

Тақпақ айтсақ, ән салсақ,

Риза болар ескі жыл.

Сұлтанбек

Жаңа жылды қарсы аламыз,

Бірге жүріп ән саламыз.

От шашулар атылады,

Қызығамыз, тамсанамыз.

I – Жүргізуші:

Аяз ата, Сіз шөлдеген жоқсыз ба? Міне, сізге ыстық шәй..ішіңіз

Аяз ата:  Ой, шәйларың қандай ыстық… үрлейді   /үрлегенде шәй аппақ қарға айналады/

 

 

 

I – Жүргізуші:  Ой, Аяз ата сіз бәрін де қатыра аласыз ба? Мүмкін біздің балаларды қатырып тастайсыз.

Аяз ата  Қатырамын!!!

Ойын: «Қатырмақ»

Би: Ұлдар

Ән: «Қошақаным» трио

Аяз ата: Ақшақар қызым біздің мына балаларға арналған сыйлығымыз қайда?

Ақшақар: Ата біздің сыйлығымызды бағана мыстан кемпір сізді сиқырлап тастағанда тығып тастады ғой.

 

Аяз ата: Қап бәлем, осы мыстанды ма?!  Саспа қызым, қазір ол мыстанды табамыз.  Менің сиқырлы таяғыммен оны осында шақырайық:                                                   /мыстан, мыстан  кел мұнда!

 

Мыстан кіреді /үйіне тығылып алған/

 

Аяз ата: А-а-а келдің бе мыстан. Кәне, балалардың сыйлығын қайтарып бер. әйтпесе сені қатырып тастаймын, шық тығылмай.

Мыстан: /терезеден сөйлеп/ Жоқ, жоқ бере алмаймын. Сыйлық өзіме керек

Мен шықпаймын. Менің бір шартым бар., соны орындасаңдар беремін.

Барлық балалар маған ән салып би билеп берсін.

 

Хороводная: танец около елки/песня/

 

I – Жүргізуші:  Ал, енді мыстан риза болған шығарсыз. Енді балаларды     көп күттірмей сыйлықтарын беріңіз.

Мыстан: Ха-ха-ха. Мен сендерді алдадым., ешқандай сыйлық жоқ сендерге.

/осы кезде салют атылады да, мыстан шошып кетіп үйшігінің астынан сыйлық түсіп қалады/. Осылайша   сыйлықтар таратылады.

Аяз ата: Ал, балалар , енді бізге кететін сәт келді. Сау болыңдар! Жаңа жыл құтты болсын!

II- Жүргізуші:  Осымен жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз  яақталды. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі болсын. Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық. Жаңа жылдарымыз құтты болсын!

Сау болыңыздыр!!!

One Reply to “« Құтты болсын, жаңа жыл!»”

  1. Аяз әже

    Шана жеккен бұғымен,
    Жаңа жылдың жүгімен,
    Бір ақсақал келді де
    Зікір салды түнімен.

    Жаңа жылдың есігін,
    Ащы, тәтті несібін
    Ашып берер ақсақал
    Аяз ата – есімі.

    Аяз ата мырза екен,
    Бала біткен ырза екен;
    Сыйлық дорба жыл бойы
    Осы жерде тұрса екен.

    Қызыл, жасыл, тоқсары,
    Шұғылалы шоқтары;
    Жымыңдайды шыршада
    Сансыз үміт оттары.

    Айналумен шыршаны,
    Алдарқатып баршаны,
    Қоян болып, ат болып,
    Аяз ата шаршады.

    Сөз тигенде шөжеге,
    Шақырды да көжеге
    «Аяз ата, кел»- деді,
    «Бірге Аяз әжемен».

    Жаңа жыл кешінде

    Бақ бере жаңа жыл маңдайыма?
    Тілегім ақ кіршіксіз қардай мына.
    Өткен жылдың күйініш- сүйінішті
    Ырзық дәмі келгендей таңдайыма.

    Аяз ата келе ме қызыл шырай,
    Сағынғанға кәмпит ап, қалын сұрай.
    Мақта қыздар майысса белін бұрай,
    Қырау жігіт қызықтар қырын қарай.

    Асыла ма сыбаға ыстық пеште,
    Айтыла ма ертегі қысқы кеште.
    Көңіл тозбас замандас, көйлек тозар
    Көне жылым қалсын де мәңгі есте.

    Жаңа жыл, шырша

    Жаңа жылда, шыршада
    Шалқытыппыз біршама-
    Байпақ қайда, бас қайда?
    Су жетпей тұр мұршаға.

    Шампан аштық баршаға,
    Шашу шаштық қаршаға.
    Есіркеуге ескіні
    От тамыздық аршаға.

    Ақ шаһарға жол салдық,
    Тойладық да томсардық.
    “Жарылқа” деп “келген жыл”
    Жаңа таңды қарсы алдық.

    Жылдарды да ғасырды
    Уақыт қырдан асырды.
    Тылсым айғақ сан сырды
    Болашақтан жасырды.

    Өткен жылдар қаншама
    Сынақтарға салса да
    Өмір деген театрдан
    Шалдықпа достым шаршама.

    Жаңа жыл шамы

    Жаңа Жылдың түнінде
    Шамын жақ та үміттің-
    Ойың болса түңілген
    Жағып жібер, ұмыт қыл.

    Ұмыт өкпе, мұңыңды,
    Ымырт аяз ызғарын.
    Сөкпе өткен күніңді,
    Тарту еткен тұз, дәмін.

    Күндеріңді ғайыптың
    Бесігіне бөленген
    Күміс әнге шайып бір
    Есіңе ал өлеңмен.

    Жаңа Жылдың түнінде
    Джаздан болсын жыр – әнің.
    Жақсылыққа тігілген
    Маздай берсін шырағың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *