Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі


 Тұрғанбаева Айнұр Тиркешқызы
 Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің тарих  пәні оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру-ой сананың кемелденуі!Алаш зиялыларына мың тағзым!
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып,рухани жаңғыруына жол ашу.
Дамытушылық: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзкарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: география,тарих
Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.  Мұғалімнің кіріспе сөзі: Армысыздар  кемеңгерлі ұстаздарым және менің шәкірттерім! Бүгінгі ТД-17 тобымен  дайындаған  ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!  Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт – дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Елбасы «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?» деген сауалды жалпы бұқараға қоя отырып, «Мен еліміз мықты әрі жауапкер­шілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім. Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын!» деп кесіп айтты. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны деп білемін!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!

2.  Алаш қозғалысы, бұл – Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.  Олардың алға қойған мәселесі – ұлтты сақтау. Ал ұлтты сақтау үшін алдымен оның жерін сақтау керек. Жерсіз ұлт та, қоғам да болмайды.
Ұлтты, жерді сақтау үшін оқыған азаматтар қажет. Осыны түсінген алаштықтар халықтың сауатын ашуға, оларды оятуға кірісті. Біздің кезіміздегі де, қазіргі оқулықтарда да қазақ ағартушылары деп Ыбырай, Абай, Шоқандарды айтамыз. Олар тек ағартушылықтың негізін қалаған тұлғалар.  Ал нағыз ағартушылар – алаштықтар. Бір өкініштісі, қазақ жеріндегі ағартушылық бағыт 20 жылға жуық уақыт қана жүрді. Ол Алаш зиялыларымен бірге келіп, олар репрессияға ұшыраған жылдары бірге кетті.
Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорда арманының бүгінгі көрінісі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал осы Тәуелсіз Қазақстан сол арыстардың бізге қалдырған аманаты.  Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында өткізілген осындай іс-шаралардың маңызы қашан да жоғары болмақ.

Алаш қозғалысының тарихы – қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбектерін бағалау – қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз.

Алаш зиялылары аумалы-төкпелі кезеңде, қазақ халқы келешекте жер бетінде өмір сүре ме деген сұрақ туындаған дәуірде өмір сүріп, халқының болашағы үшін бастарын бәйгеге тікті.

Алаштың көшбасшылары Ресей империясы мен жаңадан билікке келген құйтұрқы саясат ұстанған, империялық пиғылды жалғастырған коммунистердің қазақ халқына ешқандай жақсылық әкелмейтінін, келешекте Алаш өкілдерінің халқы үшін жасаған жанқиярлық іс-әрекеттерін кешірмейтінін, керегінде пайдаланып, кейін ойланбастан құрбандыққа шалатынына 1917 -1920жж. көздері жетті.

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?

Сүйінші, Алаш !

Тарихыңда толғаулы Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!

Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты

Ту көтерер тағы бір таң атыпты.

Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама,

Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым, Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.

Ортаға тобымыздың мақтанышы:Аққұл Жарболды шақырамын! Алаш партиясына шолу жасау!

3.Алаш зиялыларынан құралған көрініс!

4.Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт – дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Ендеше Алаш зиялыларының аманатын арқалаған осындай азаматтарымыз өсіп -жетіліп келе жатқанын көру біздің көкірегімізге, жанға жайлы сезім орнатады!

Ортаға  тобымыздың жігіттер құрамын  шақырамын!Ән -“Жігіттер”
5.Өз алдымызға жеке отау құрып, бабалар аманатына қол жеткізіп, шекарамыздың бәрін айқындап жаңа тұрпатты тәуел­сіз мемлекет құрдық. Алыс-жақындағы алып елдермен сая­си-әлеу­меттік, экономикалық және рухани қарым-қатынасты жол­ға қойдық. Бұл, әрине, бір ауыз сөзбен түйіп айтуға ғана оңай. Әйтпесе, тәуелсіздіктің осы ширек ғасырында қаншама қиындықтар, шиеленістер, күрмеуі қиын әлеуметтік және ұлттық мәселелермен бетпе-бет келгенін іштеріңіз сезеді. Сол бір қыйын кездерде көшімізді сүріндірмей, қайығымызды қайрандатпай осы кезге дейін жеткізген ел Президентінің  саясаты екенін баршамыз жан жүрегімізбен  сезіндік, сезініп те келеміз.

Біз қақпа-тереземізді жауып алып, есігін іштен іліп отырған ел емеспіз. Елбасы алғашқы сәт-сағаттардан бастап-ақ жаңа даму жолына түскен елдің көшін алыс-жақын елдермен тығыз қарым-қатынас және бейбіт өмір сүруге бағыттады. Төрт тараппен еркін байланыс орнатып жатқан соң жайын ауыздай жаланған жаһандану дәуірімен бірге келген сан түрлі құбылыс­тардан бас тарта алмайсың. Сондай кездері, рас, түрлі діни ағымдар мен ұлттық жадымызға, жан дүниемізге қайшы келетін келеңсіздіктер дендеп еніп кетті. Мұндай жағдайларға табандап қарсы тұратын Президент айтқан – ұлттың рухани коды.
Ұлттың рухани коды дегеніміз не?
Ол – сан ғасырлық тарихи тамырымыз, мирас болып келе жатқан атамұра өнеріміз, өзге елден ерекшелеп тұратын дәстүр-салтымыз, әдет-ғұрпымыз, тілдік ерекшелігіміз, діни ұстанымымыз, білім-ғылымымыз, қоршаған ортамыз, қыл аяғы ошағымыз, отымыздың басы. Президентіміздің бағдарламаға құрылған мақаласында ендігі жерде біздің дамуымыздың негізгі бағыттары болатын алғышарттар нақтылы көрсетілген.
6.Топтың орындауында хор:”Атамекен”

7.Ортаға  тобымыздың  студенттері:Шүкірбаев Алдамжар ,Аққұл Жарбол, Есемұратов Ерланды шақырайын!Рухани жаңғыруымызға шолу жасау!

Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжымастай құлыптау

Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.

Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.

Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік

– Бар қазақтың арман-жырын бір ету.

Асуды асып Қазақстан – ардағым,

Аспанменен астасып тұр арманым.

Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!

Көп рахмет жігіттер!
8.Ендеше экранға назар аударайық!”Рухани жаңғыру-ой сананың кемелденуіне” слайд

9. Сөз соңында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын. Сондықтан бұл мақаласында Үкіметке нақты тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Елба­сы­ның тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес.
Расында, халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жазуынан латынға, латыннан қазақ қа  көшіп жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қа­лып­

тастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солы­мыз­ды әбден танып, өткеннің кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадамы деп білемін!

Алаштың аруағы                  Жасаған жар болып,

Жебесін, қолдасын!             Қазақтың еліне,

Ақсақал тілей көр,               Жасасын, сақтасын,

Сапарды оңдасын!               Алаштың ордасын!

Қорытынды сөз: бүгінгі ТД-17 тобының дайындаған “Ашық тәрбие сағатымыз” өз мәресіне жетті.Зейін қойып тыңдағандарынызға рахмет!

Сөз соңында колледжіміздің ұстаздарына  сөз кезегін  берсек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *