Ең үздік жаңа жылдық сценарий


Жаныбекова Жанна Мейрамбайқызы
Қарағанды қ., № 91 ЖББОМ жаңындағы «Ботақан» шағын орталығының тәрбиешісі

Қатысқан тұлғалар:

Ересектер:Аяз ата,Ақшақар,Қоян,Түлкі.

Балалар:Тышқан.

Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіріп,жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмеген де арманда.

Жаңа жылын құтты болсын, ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайын.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылын құтты болсын, ағайын!

Балалар өлен жолдарын оқиды.

 

Жаңа жыл, жаңа жыл

жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап бар бала жүр.

 

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл жиек жамылған,

Асыл моншақ  тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп, сағынғын

 

Жүргізуші: Енді мерекемізді әдемі әнмен бастайық

«Кел,кел жаңа жыл» әні(музыкасы мен сөзі Е.Гольцованнікі)

Балалар орындыққа отырады.

Жүргізуші:Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

Көңілді музыканың сүйелдеуімен Аққала кіреді.

Жүргізуші:Бұл не өзі? Неткен ғажап?Өзің шықтың қайдан, а?

Аққала:         Менің атым – Аққала,

Үйренгем суық, қарға да.

Мұрным менің сәбізден

Міне, міне қараңдар!

Ал мерекенің құрметіне.

Шелегімді ауыстырдым қалпаққа!

Емеспін мен қарапайым Аққала.

Көңілдімін, сотқарлаумын аз ғана!

Ойнағанды ұнатамын мен өте,

Жүгіремін, би билеймін тамаша!

Балалар, ал сендер билегенді ұнатасыңдар ма? Өте жақсы! Онда бәріміз бірге билейік!

«Аққала балалармен бірге жалпы биі»

(А.Спадавеккидің «добрый жук» музыкасының сүйемелдеуімен)

Аққала:Жарайсыңдар, балалар! Өте көңілді биледіңдер! Ой, мүлдем ұмытып кетіппін! Мен сендерге Аяз ата жіберді ғой. Ол сендердің шыршаларыңда әдемі, түрлі түсті шамдардың жоқ екенін біліп, сендерге соны беріп жіберді.

Аққала қалтасынан шамдарды іздейді және бос лентаны шығарады.

Аққала:         Мен қатты асықтым,Мерекеге бүгінгі

Сөйтіп жүріп ұмыттымШыршаны безендіруді.

Жол –жөнекей шамдарды Алыппын –ау түсіріп

Көңілдеріңді қалдырдымТұрмын өзім қысылып!

(Аққала  жылайды)

Жүргізуші: Уайымдама, Аққала. Біз балалармен бірге саған шамдарды іздеуге көмектесеміз. Тек сен қай жолмен келгеніңді көрсетші.

Аққала: Рас па, балалар? Сендер маған көмектесесіңдер ғой? Онда тездетіңдер, жолға шығайық, шамдарды қардың астында қалмай тұрып тауып алайық. Ал біз сонда менің көңілді паровозыммен шығамыз.

Музыканың сүйемелдеуімен балалар паровоздың жылжығанын салады. Аққала шыршаны айналып жүреді.

Аққала:Мынау  Түлкінің іздері,Қалғам жолда кездесіп.

Музаканың сүйемелдеуімен Түлкі шығады.

Түлкі: Кім бұл, неткен шу?Ах, Аққала, сен бе бұл, Жалғыз келмепсің, кімдер жанында жүрген бұл?

Аққала:Сәлем, Түлкі! Бұл балалар- менің достарым.Аяз ата маған шам беріп жіберген,ал мен асығыстан түсіріп алыппын бір-бірден.

Сен осы жерден шам тауып алған жоқсың ба?

Түлкі:Мен бір шамды көріп ем,менің мыршайым ойнап жүрген.

Аққала:Түлкішек, қымбаттым, шамды бізге қайтаршы, онсыз балалар мерекені тойлай алмайды.

Түлкі: Мен қуана-қуана көмектесер едім, бірақ мүлдем уақытым  жоқ.Маған Тиін моншақ сыйлаған. Мен олармен өзімнің мыршайларыма арналған шыршаны безендірмекші едім. Бірақ менің моншақтарым бұтаққа ілініп қалып, үзіліп, шашылып қалды. Енді мен оларды қардың арасынан іздеп, қайтадан жіпке тізуім керек.

Жүргізуші:Түлкішек, ал бізде моншақ бар ғой. Қарашы олар сенікі емес пе?

Моншақтар, тез бері келіңдер.

Бізге бір би билеп беріңдер.

« Моншақтар» биі

( моншақтар костюмін киген қыздар орындайды)

Түлкі:Моншақтарың әдемі екен, бірақ олар менікі емес. Менікі шыршаның астына, қардың арасына түсіп кетті.

Жүргізуші: Түлкішек, ендеше біз балалардан моншақты іздеуге көмектесулерін сұрайық.

«Моншақтарды жина « ойыны

Моншақтар ( кішкентай түрлі-түсті шарлар) мен ұлпа қарлар шыршаның алдына араласып шашылады. 3-4 ұл бала мен осынша қыз шақырылады. Ұлдар ұлпа қарларды , ал қыздар моншақтарды себетке жинайды.Ойынның соңында ішіне моншақ салынған себетті Түлкі береді.

Түлкі: Рахмет, балалар менің моншақтарымды жинауға  көмектестіңдер. Ал мен ініме барып, сендердің шамдарыңды алып келдім. (Аққалаға береді)

Ал менің қайтуым керек,

Шыршамды безендірейік тезірек.

Түлкі қоштасып, кетіп қалады.

Аққала: Бірақ бұл бір ғана шам ғой, ал мен де олар көп еді,

Жүргізуші:Ендеше біздің моншақтарды іздеуді жалғастыруымыз керек.

Балалар музыканың сүйемелдеуімен паровоздың қозғалысын бейнелейді.

Аққала:Күтіңдер! Тоқтаңдар!Тыныш қана отырыңдар!Біреу келе жатыр-ау..

Музыканың сүйемелдеуімен Қоян шығады.

Қоян. Қатты тонып кеттім менүйіме асығып келемін

Мұнда біреу бар секілді?Қорқып тұрмын кіруге.(дірілдей бастайды)

Аққала:Қорықпашы, сүйкімді ҚоянДосыңмын мен, тұрағым – орман

Ал балалар менімен бірге!Іздесіп жүр шамдарды жоғалған.

Аяз ата маған Шам беріп жіберген Ал мен асығыстан

Түсіріп алыппын бір-бірден.Сен менің шамдарымды көрмедің бе?

Қоян: Көрдім, көрдім шамдардыАртында олар шыршаның

Аққала: Мүмкін, сен бізге оларды көрсетерсің.

Қоян: Көрсетуін көрсетемін ғой, бірақ мен қатты тонып кеттім, тіпті табандарымды сезбей тұрмын.

Мұрнымды тондырдым

Құлағым мен құйрығымды

Секіре де алмаймын

Тек суықтан тоңып тұрмын

Жүргізуші: Қоян, біз саған көмектессекМерекеге келді көп көжек

Олар өте тынымсызҚане, шығыңдар бір-бірлеп,

Шыршаны айналып, ән салыпБеріңдерші би билеп.

«Көжектер» биі

( Қоян костюмін киген ұлдар орындайды)

Қоян: Біз көңілді биледік,Мен де қалдым жылынып!

Рахмет көрсеткендеріңе көмекСендерге деген алғысым көп !

Міне, міне, шамдарың Қандай жарқын шамдарын.

Қоян шамдарды беріп, қоштасады және шығып кетеді. Аққала шамдарды санайды.

Жүргізуші: Аққала, неге ашулысың?

Аққала: Таптық қой шамдардыҚайда екен қалғаны.

Жүргізуші: Уайымдама, қалғанын табамыз, біздің көңілді паровозымызға тезірек отыр.

Балалар музыканың сүйемелдеуімен паровоздағы қимылдарды салады. Музыка ойнағанда Тышқан кіреді,

Тышқан:ПИ-Пи-Пи, кім шулап жатыр?Кім сөйлеген қатты-қатты?

Аққала: Сәлем, сүйкімді Тышқан,Ал, балалар менімен бірге!

Іздесіп жүр шамдарды жоғалғанАяз ата маған, шам беріп жіберген

Ал мен асығыстан, түсіріп алыппын бір-бірден.Сен менің шамдарымды көрмедің бе?

Тышқан:  Көрдім сенің шамыңды.Қардың арасында жатыр омбы

Аққала: Тышқан сен бізге көмектесшіБаратын жолды да көрсетші

Тышқан:  Қолым тимейді, Аққала, балаларым тонып жатыр інінде.

Біраз қар жинап алуым керек,Жылыту үшін інімді

Жүргізуші: Тышқан, балалар саған қар жинауға көмектессін, ал сен бізге шамдарды қайдан іздеу керектігін көрсетесің.

Тышқан:  Жақсы, келісемін.

«Қар жина» ойыны

Шыршаның алдына қар ұшқындарын шашады.Бірнеше бала оларды себетке жинайды. Балалардың қолдарына жылтырақпен безендірілген қолғаптар киіледі.

Тышқан:  Көмектестіңдер, көп рахмет,Шамдарыңды ала кет

Ал мен үйіме қайттымІнімді жылытайын ертерек.

Тышқан қоштасып шығып кетеді

Аққала: (күрсініп)

Соңғы шамымыз жетпейді, оны қайдан іздейміз.

Музыканың сүйемелдеуімен Ақшақар шығады

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аяз атамен бірге тұрамын.

Бетім мен шекем қызыл, ал шашымды жел өргенТонымдағы әдемі өрнектерді салып, Боран тәтем қолғап тігіп бергенМен Ақшақармын, қыстың сіңлісіАққала, ал сен қайдан келдің?

Аққала:Аяз ата маған, шам беріп жіберген

Ал мен асығыстан, түсіріп алыппын бір-бірден.

Балалар маған шамдарды іздеуге көмектесті, ал соңғы шамды қайдан іздеуге болатынын тіпті білмеймін.

Ақшақар: Аққала, алаңдама, шамың менде, мен оны тауып алдым жерден.

Ақшақар шамды Аққалаға береді

Аққала:Ой, көп рахмет, көмектестің, соңғы шамды тауып бердің,

Жаңа жылды қарсы алайық, Шыршамызды безендіре бастайық.

Аққала Ақшақармен бірге шыршаға шамдарды іледі.

Аққала:Міне, енді біздің шыршамыздың оттары жарқырайды.

Ақшақар:Аққала, ал сен шамдар жанып- жарқырауы үшін не істеу керегін білесің бе?

Аққала:Жоқ, Мүмкін үрлеу( үрлейді) немесе аяқты тапырлату (тапырлатады), немесе қол шапалақтау (шапалақтайды) керек шығар.Ештеңені түсінсем бұйырмасын………Олар қалай жарқырайды?

Ақшақар: Балалар, бізге кім көмектесе алатынын білемін……Әрине, Аяз ата.Ендеше оны шақырайық.

Балалар Ақшақармен бірге Аяз Атаны шақырады.Музыка әуенімен Аяз Ата кіреді.

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен!

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім, шалғыным

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулығың

Амансың ба, ұлдарым.

Аппақ ару қыздарым?

Аққала:Аяз ата, мен сенің өтінішіңді орындадым, балларға шамды әкеліп, бәрін шыршаға ілдік ал олар жаңбайды.

Аяз бізге көмектес

Жаға алар емеспіз еш,

Куант бізде, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Аяз атаКөмектесемін, әринеШамдарды жағамын бірден

Тек сендер артта қалмайҚайталаңдар менімен бірге

«Топ-топ, хлоп – хлоп, ай-яй-яй (2 рет тапырлатады, 2 рет шапалақтайды, саусақтарымен қорқытады)

Шамдарыңды жарқырат!» («кішкене шамдар» қимылын орындайды, алақандарымен шыршаны көрсетеді). Ересектер мен баллар Аяз атаның сөздері мен қимылдарын қайталайды, шыршаның шамдары жарқырайды.

Жүргізуші: Шыршамыз жарқырады, жан-жағына сәуле шашып.!

Аяз ата:Жаңа жылды қарсы алыпБи билейік, ән салып

«Блестят на елке бусы»  ән .(музыкасы А.Асановтікі, сөзі С. Оспановтікі)

Аяз ата:Билерің де, әндерің де. Неткен ғажап, тамаша

Келісіп тұр, сәндерің де. Көз тоймайды қараса.

« Қатырып тастаймын» ойыны

Аяз ата:Балалармен бірге ойнап, іздеймін мұрындарын

Егер оны алсам тауып, оларды тондыра аламын

Шеңбердің ішімен жүгіріп, балалардың мұрындарын ұстауға тырысады, олар мұрындарын қолымен жабады. Ары қарай «мұрындар» сөзі басқа сөздермен ауыстырылады- «шекелер, қолдары, құлақтары» және т.б

Аяз ата:

Асуларыңмен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Жүргізуші: Аяз Ата сіз отырып демала тұрыңыз,ал біздің балаларымыз сізге тақпақтарын оқып береді.

Балалар өлең оқиды

 

Міне тағы келіп тұр

Жаңа бір жыл, балалар

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан

Аяз ата:Өнерлі екен ұлдарың. Өнерлі ару қыздарың

Жарқын, жарқын жүздерің. Жайнап өссін гүлдерің

Қаптан кішкене қораптарын шығарады.

Аққала: Сыйлықтарың кіп-кішкентай,

Алақанымыздан көрінбей қалатындай!

Аяз ата: Ал, сен Аққала, тек асықпа, алдымен сиқырды үйреніп ал

Бұл дән беріледі сыйға, оларды отырғызу керек қыста

Көмекші боран, қаттырақ үрле, омбы қарды үйіп таста

Боранның дауысымен Аққала омбы қар секілді безендірілген үлкен сиқырлы қарды алып  шығады, шыршаның алдына қояды.

Сиқырлы музыка ойнайды, сиқырлы қардың ішінен сыйлықты алып шығады.

Аққала: Сыйлықтар өскенін омбы қарда?Көрмеппін мен ешқашанда!

Жүргізуші. Бұл жерде сыйлық өте көп, Рахмет, Аяз ата сиқырыңа!

Аяз ата:

Ақ көрпемді жамылып

Мұздан алқа тағынып

Әр жыл  сайын сендерге

Келіп тұрамын сағынып

Ақшақар: Жаңа жылмен, достарым! Жыл сайын келіп тұрамын!

Жүргізуші.Аяз Ата мен Ақшақарға рахметімізді айтып,әнімізді айтып берейік!

Ән «Аяз Ата»

Аяз Ата : Рахмет сендерге балалар,бізді бірақ басқа да балалар күтіп отыр,сау болыңдар!

Аяз ата мен Ақшақар музыканың сүйемелдеуімен шығып кетеді.

Аққала: Сендермен қоштасып, жиналатын уакыт жетті.

Паровозым  тұр тосып, Ертегіме мен кеттім.

Сау болыңдар, достарым!

Музыканың сүйемелдеуімен Аққала кетіп қалады.

Жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақыт болып бастады жыл дастаны

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Балалар музыкамен залдан шығып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *