Студент атанғанда


Мұсахан Қаныбек

Қаскелең мәдениет колледжінің студенті

Студент деп  атанғанда бар адам

Таңғаларлық сезімімен қараған.

Кеше ғана мектептегі бала едік,

Бүгін міне қадам бастық жаңадан.

Кірдік білім бұлағына тұныққа,

Студенттік қызық сияқты ұмытпа.

Асыр салған, допты тепкен шақтарды,

Балалықты қалдырдық біз сыныпта.

Алыс жерден келдік атты терлетіп,

Өміріңді өрге қарай өрлетіп.

Студент боп болашаққа мұратпен,

Қадам бастық санаң өсіп ер жетіп.

Асу үшін мақсатыңның асқарын,

Алға қарай қадам баса бастадың.

Жаңа орта, жаңа ұстаз, дара жол,

Жаңаша өмір, күтеді басқа достарың.

Сағатыңның азайғанда бітері,

Шайтан ойлар қытығыңнан түртеді.

Тәтті күндер, балалығың қалды артта,

Қиын күндер енді сені күтеді.

Өмір сені қайыспайтын нар тұтса,

Қинайды,

Себебі сен туған жансың артықша.

Қиындыққа мойынсұнба бауырым,

Бәрі өтеді, барлығы да уақытша.

Алысқа кетіп, туысқаныңнан, анаңнан

Біліміңнің ірге тасы қаланған.

Студентті өмір мәңгі жетелер,

Аласармас баға жетпес ақ арман.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *