“Желтоқсан ызғары-жүрегім сыздады…”


Джумашева Айсулу

Қаскелең мәдениет колледжінің 2ХА (халық аспаптар) тобының студенті

Жетекші: арнайы пән оқытушысы Рахимбаев Талгат Султанович

Қаһары қатты, суық боран басталды,
Жастардың басын жарып, көзін, ойып тастады
Қолына қару алып небір қангөй зұлымдар,
Аямастан ту сыртынан бас салды.

Сол кездерде елді біздің қас зұлымдар басқарды,
Кейін елде қуғын-сүргін, қырғын соғыс басталды.
Ел шулады, талай жастың өмірлері қиылды,
Талай жанның көздерінен мөлдір шықтай жас тамды.

Ол кездерде шындық пенен шын әділдік болмаған,
Көтеріліс талай жанның жас ғұмырын жалмаған.
Нағыз батыр! Ұл-қыздары: Қайрат, Ләззат секілді,
Өз елі үшін, өз жері үшін өлімнен тайсалмаған.

Шырылдады мұз бетінде шыбын жаны жастардың,
Басын жарып, шашын жұлды талай қарындастардың
Денелері мұз бетінде аямастан сүйреліп,
Көмілмей-ақ, ит пен құсқа жем секілді тасталды.

Аямады, балаларды аналардан айырды,
Ана жүрек мың тілініп, шырылдады, қайғырды.
Мәйіттері ұлдарының қара жерге бұйырмай,
Қала сыртына тиелді де, үйінді боп жайылды.

Ел деп, жер деп жанын пида еткендер,
Көтеріліс жолында құрбан болып кеткендер
Батырларды- Ербол, Қайрат, Сәбира, Ләззат секілді,
Халқым менің, ешқашан ұмытып кетпеңдер!

Ажал ұстап тұрса-дағы құлқынынан Қайратттың,
Ләззат келіп рухтандырып жастарды, елдік үшін сайратты.
Ел тізгінін еліме ұстатып, дәмелендірмей өзгені,
Басқалардың өзегін басып, өршіл оттай ойратты.

Бүгін, міне, тәуелсізбіз, егемен ел еңселі,
Қазақстан- кемел елміз биік ұстар еңсені.
Егемендік алу үшін ерлерімнен айырған,
О,Желтоқсан! Қалай ғана ұмытамын мен сені?!

Желтоқсанда жаңғырады жүрегімнің жан әні,
Мерекемен еске аламыз, жұлдыздарды, дараны.
Сол желтоқсан тәуелсіздік бастамасы болғанмен,
Баласынан ажыратты талай асыл ананы…

Қаһарман ұлын өсетін ел мақтайды,
Өшетін ел өсірмейді, даттайды.
Желтоқсанның батырларын жастарым,
Еске алып әр жылда, есінде мәңгі сақтайды.

Шындықты жырлаған қамшымды қынға салайын,
Ерлікті мұндай ұмытпа, жұртым, талайың.
Тәңірдің сыйы- тәп-тәтті мына Тәуелсіздікті,
Бағала халқым, қадірле мәңгі ағайын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *