«Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!»


Касенбек Гулшат Ермеккызы
Шашубай к. КММ «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы тірек мектебі (Ресурстық орталық) 44859 әскери бөлімі филиал «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді   безендірілгеніне, балалардың, Аяз Атаның, Ақшақардың басқа да кейіпкерлердің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді, бірлескен ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту.

Қатысушылар:  жүргізуші, кәмпит-қораптағы Сайқымазақ, Сиқыршы, Аяз Ата, Ақшақар, балалар.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді. Шырша алдында шеңбер құрып тұрады

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ата – аналар, қонақтар! Біздің бүлдіршіндердің мерекелік кешіне қош келдіңіздер! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбір отбасына  қуаныш, бақыт, шаттық әкелсін!

Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Қандай әдемі шырша! Ойыншықтары қандай әдемі! Айтындаршы қандай мерекеге біз келдік?
Балалар: – Жаңа жыл мерекесіне келдік!
Жүргізуші:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп, сағынған.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

Балалар хормен:  – Жаңа жылмен! (3 рет)

Жүргізуші: Балалар, мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен. Балалар, сендерге ұнады ма? Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің  құтты болсын! Енді шыршамызға арналған  тақпақ әндерімізді айтып берейік.

Аруна:

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Мейіржан:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Әлижан:

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтарын тізген

Шыршаны да көрдік.

Аңсар:

Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Ерслан:

Әдемілеп ілінген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Әмина:

Келіңіздер, келіңіздер.

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол жаңа жылдың,

Тамашасын көріңіздер.

Ән: «Шыршаға бардық»

Ән әуенімен балалар орындықтарға отырады.

Жүргізуші: -Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,

ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді балалар, осы Жаңа жыл мерекемізде кім жетіспейді?
Балалар: – Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: – Иә, біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар келу керек еді, неғып кешігіп жатыр екен?. Мына, шыршамыздың шамдары да жанбайды (шыршаны айнала қарап).

Ендеше, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Хормен:  –Аяз ата, Ақшақар! (3 рет)

Музыкамен залға үлкен жылтыр кәмпит-қорап келеді.

Жүргізуші: -Бәрекелді, қараңдар балалар! О, о, о, Сыйлықтар! Аяз атадан бұрын Аяз атаның сыйлықтары келген сияқты. Неткен, үлкен сыйлық! Сыйлық алу қандай тамаша, балалар, сыйлықты ашып көрейік. Сыйлықты ашу үшін сиқырлы сөздерімізді айтайық.

Балалар: -Ашыл қорап, ашыл. Ішінен сыйлық шашыл. (ашылмайды)

Жүргізуші:- Қорабымыз ашылмады. Қане, сиқырлы сөздерімізді одан да қаттырақ айтып көрейік (балалар одан да қаттырық қайталайды).

Балалар: – Ашыл қорап, ашыл. Ішінен сыйлық шашыл. (көңілді муз.ойналып

қорап  ішінен Сайқымазақ атып шығады).
Сайқымазақ: – Амансыңдарма, балалар! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!  Иә, бұл -менмін. Сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайын деп цирктен келе жатырмын. Мені сиқырлы қораптан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап – қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Әдемі шыршаларың да бар екен. Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен бірге ән айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнағым келеді.

Жүргізуші: – Сайқымазақ, біздің саған бір шартымыз бар. Соны орындасаң

бізбен бірге қалып Шырша тойын тойлайсың. Бізге шырша маңайын қардан тазартуға көмектес. Балалар шырша тойына дейін қар тазалап үлгермейтін сияқты.  Бізге көмектесесің бе, Сайқымазақ?

Сайқымазақ: – Әрине, көмектесемін.

Жүргізуші: -Ендеше жұмысқа кіріссең болады.

(Сайқымазақ балаларды қар тазалауға шақырады)

Ойын: «Қар тазалау »

Жүргізүші: Рахмет саған, Сайқымазақ, шырша маңайы қардан бір тазарып қалды. Енді бізбен бірге қалып,  Шырша тойын тойлай берсең де болады. Ендеше, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Хормен:  –Аяз ата, Ақшақар! (3 рет)

Музыкамен залға Сиқыршы келеді.

Сиқыршы:  (жүгіріп келіп, ентігіп) – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің бұл жерге келгенімді ешкімге айтпаңдаршы!?
Жүргізүші: (балалармен, Сайқымазақпен бірге таң қалып)- Қызық екен! Сен кімсің өзің? Адасып кеткен жоқсың ба? Бұл-балабақша. Шырша тойы өткелі жатыр.

Сайқымазақ: – Ә-ә-ә. Әп-бәлем! Мен  білемін, бұның  кім екенін. Бұл-Сиқыршы.

Сен не менің артымнан аңдып келдің бе?(сиқыршыға)

Жүргізүші: – А-а-а-а…. Енді түсінікті болды. Сиқыршы сен де цирктен қашып келемісің? Сайқымазақ екеуің бір-біріңді таниды екенсіңдер ғой…

Сиқыршы: -Жо-жооққ! Мен цирктен қашқан жоқпын! Осы балабақшада Шырша тойы болады дегенді естіп, менің де кішкене балалармен бірге көңіл көтергім келді.

Шыршаларың қандай әдемі! Балалар қандай әдемі киінген! Балалар, сендермен бірге Шырша тойын тойлап қайтсам бола ма?

Жүргізүші: – Сиқыршы, біздің саған бір шартымыз бар. Соны орындасаң бізбен бірге қалып Шырша тойын тойлайсың.

Сиқыршы: – Ол не болды екен?

Жүргізүші: – Сиқыршы, біз саған сиқыр көрсет немесе бізді сиқырлап таста деп айтпаймыз. Біздің балалар билегенді ұнатады. Балалармен би билеп, көңілдерін бір көтерсең, бізбен бірге мерекені әрі қарай тойлайсың.Біздің шартымыз осы.

Сиқыршы:  (қуанып) – Мен циркте сиқыр көрсетіп және барлығын сиқырлап жалықтым. Мен балалармен бірге би билеп, өлең айтып, көңіл көтерейін деп осы балабақшаға келдім. Әрине, билеймін! Мен билегенді ұнатамын. Балалар, менімен музыка әуенімен  жылдам-жылдам би қимылдар жасай аласыңдар ма?

Жүргізуші: – Әрине, менің балаларым барлық би қимылдарын жасай алады.

Сиқыршы: – Ендеше менімен бірге билеуге қалай қарайсыңдар?

Балалар: – Иә, билейміз.

Сиқыршы: – Кел, Сайқымазақ сен де бізге қосыл!

Көңілді жылдам би: «Арам, зам-зам»
Жүргізүші: – Рахмет саған Сиқыршы, біраз көңіліміз көтеріліп калды. Енді сен де  бізбен бірге қалып,  Шырша тойын тойла.

Жүргізуші: – Иәәәә, біздің мерекемізге Аяз Ата мен Ақшақар келу керек еді, неғып кешігіп жатыр екен?. Мына, шыршамыздың шамдары да жанбайды (шыршаны айнала қарап).

Ендеше, Аяз Ата мен Ақшақарды тағы да бір шақырып көрейік.

Хормен:  –Аяз Ата, Ақшақар! (3 рет)

Музыкамен залға Аяз Ата мен Ақшақар келеді

Аяз Ата:   Келе жатырмын, келе жатырмын!

Армысыңдар, балалар!

Сағынып келдім сендерді,

Барлық жерді аралап.

Көрдім талай елдерді,

Өсіп қапты бойларың.

Жетіліп ойларың,

Шыршаны сұлу айналып,

Күтіп жүр деп ойладым!

Жүргізуші: Армысыз, Аяз Ата! (Балалар да амандасады) Жоғары шығыңыз, балалар сізді күтті!

Аяз Ата: Жарайсыңдар, менің кішкентай достарым! Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын сендерді! Жақсы бала болып өсіндер, ата-аналарды қуанта беріндер! Бүгін бәрің де әдемі болып кетіпсіңдер!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Келе жатқан Жаңа жылмен бәріңізді құттықтаймын! Жаңа жыл сендерге қуаныш, бақыт әкелсін! Ата, мыналар «Цирк еліндегі»  Сайқымазақ пен Сиқыршының  дәп өздері емес пе? (Сайқымазақ пен Сиқыршыны көрсетіп). Біз балабақшадан кейін циркке бармақшы едік қой?!

Аяз Ата: – Иә, дәп өздері! Сірә, балабақша балаларымен бірге Шырша тойын тойлауға келген болар?!

Сиқыршы, Сайқымазақ: – Дұрыс айтасыздар, біз де шырша тойын тойлауға келдік.

Жүргізуші:  Аяз Ата, біз шыршаның шамдарын жаға алмай отырмыз, бізге шамдарды жарқыратуға  көмектесіңіз.

Аяз Ата: – Иә, шырша шамдары тек менің сиқырлы сөздерім арқылы ғана жанады. Шамды жағу үшін менің сиқырлы сөдерімді айтуларың  керек.

Жүргізуші: – Әрине, Аяз Ата айтамыз.

Аяз Ата: -Қане, балалар көмектесіп жіберіндер, шеңберге тұрындар!

Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (3рет) шырша жанады (балалар қол шапалақтайды)

Жүргізуші: –  Үлкен рахмет сізге Аяз Ата, балаларымыздың  сізге арнаған ән, тақпақтарын қабыл алыңыз.

Бекасыл:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз Ата оралып.

Александр:

Новый год, Новый год!

Пусть танцует весь народ.

Потому, что Дед Мороз,

Нам подарки всем принес.

Ерназар:

Аязата аппақ,

Кәмпиттері тәтті-ақ,

Маған кәмпит көп берсең.

Тағы айтамын тақпақ.

Әлішер:

Аяз Ата келеді,

Тамашаны көреді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық береді.

Әділет:

Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.

Нұртас:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

Ән «Аяз Ата»

Нұрай:
Кел, билейік, сенімен,
Деймін тартып жеңінен.
Еріп кетпе Ақшақар,
Адамдардың демімен.

Айша:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр ақшақар,

Көптен күткен сағынып.

Ақшақар: – Рахмет, Айша, Нұрай. Келіңдер ұлпақарлар ортаға.

Би. «Ұлпақарлар»

Аяз Ата: Ал, балалар сендер менімен ойнағыларың келеді ме? Ендеше мен сендерді қатырып жіберемін, мұзға айналдырам!

Ойын «Қатырамын»

1.     Кәне қолдарын қайда,

Әдемі билетіңдер!

Ал енді қатырамын

Қолдарынды тығындар!

2.     Кәне аяқтарын қайда,

Әдемі билетіңдер!

Ал енді қатырамын

Аяқтарды тығындар!

3.     Кәне құлақтарын қайда,

Әдемі билетіңдер!

Ал, енді қатырамын

Құлақтарды тығыңдар.

4.     Қане, беттерін қайда,

Әдемі билетіңдер!

Ал енді қатырамын

Беттерінді тығындар!

Аяз Ата: – Ой балалар шаршап қалдым!

Ақшақар: Аяз ата балаларға сыйлық беретін уақыт келген сияқты!

Аяз ата: – Иә дұрыс айтасын қызым! Қане, қайда менің сыйлықтарым!

(Аяз Ата қаптың ішінен сыйлықты алып, балаларға көрсетіп, сыйлықты тәрбиешілеріне табыстайды, балалар қуанып қол шапалақтайды)

Аяз-Ата:- Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.  Ал енді біз жолға шығайьқ. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!  -Қане, Сиқыршы, Сайқымазақ біз де сендермен  бірге «Цирк еліне» барып, сендердің сиқырларыңды тамашалап қайтайық.                                                                                                                                                                       Сиқыршы мен Сайқымазақ та балалармен қоштасып, Аяз Ата, Ақшақармен бірге залдан әсем әуенмен қолдарын бұлғап шығып кетеді.

Би: «Егер саған ұнаса» (топтық би)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін. Келер жылымыз сәттіліктерге толы болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *