“Жаңа жыл қарсаңы”


Жамашева Жаркынай Амантаевна

Қазіргі заман гуманитарлық  – техникалық колледжінің оқытушысы

Білімділік : білімгерлерге  сурет салу тәсілдерін түсіндіру, бояумен жұмыс

істеу техникасын  үйрету.

 

Дамытушылық: сурет салуға  арқылы  ой – өрісін, суретке  деген  қызығушылығын,

түстерді бір-бірімен үйлестіре білуге ,есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

 

Тәрбиелік: білімгерлерді тазалыққа, ұқыптылыққа,  шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

 

Құрал- жабдықтар және көрнекі құралдар: плакаттар, оқулықтар, интеративтік тақта,  қарындаштар, ақ қағаз , бояу түрлері  және  қыл  қалам.

 

Сабақтың   барысы:

1.Ұйымдастыру  кезеңі: Білімгерлермен сәлемдесіп, түгелдеу, зейіндерін сабаққа  аудару.

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Өткен сабақты қайталап, үй жұмысын тексеру.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірінеше түрлері бар. Олар: затқа қарап сурет  салу, еске сақтап сурет салу және елестетіп сурет салу. Сурет салу үшін  осының үш түрін де дұрыс игеру  өте қажет. Затқа қарап сурет салу дегеніміз суретшінің алдында тұрған затты, құбылысты өзінен айнытпай  нақтылы бейнелеуі болып табылады.  Мұндай бейнелеуге  натюрмортты салу, адамның келбетін бейнелеу, табиғат көрнісін бейнелеу  жатады. Суретші болу  үшін еске сақтап  сурет салу да өте қажетті нәрсе. Суретші бұрын көргенін көз алдына елестетіп, оның пішінін, түр –түсін, ерекшелігін бейнелеу үшін  еске сақтап  салып үйренеді  Есте сақтап сурет сала алмаған   адамнан нағыз суретші шықпайды. Көптеген суретшілер бір көргенде ұнап қалған образдарды, табиғат көріністерін  бейнелеуге тырысады.  Елестетіп сурет салу үшін суретші  өзінің  көргенін, естігенін, оқығанын іске асырады. Мұнда суретші бейнелейтін суреттің  тақырыбын өз ойынан, қиялынан шығарады.  Мұндай суретшілерді шығармашылығы мол суретші деп айтады.

Бейнелеу  өнері  пәк тек қана заттарды, айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуге үйретіп қана қоймайды. Сонымен бірге, оларды көркемдеп бейнелеуге де үйретеді.

Бейнелеу дегенеміз- заттардың, табиғат құбылыстарының, адамның және  жан-жануарлардың, өсімдіктердің  көрінісін қағаз бетіне  салу. Олардың нақтылы бейнесін беру суретші үшін әлі аз. Суретші бейнелейтін заттың, құбылыстың көркемдік жағын ойлау керек.

Көркемдігі жоғары суреттер деп сызықты, түсті, форманы, реңді, кеңістікті,  үйлестіруді суреттің  мазмұны мен тақырыбына сай  шебер  қолданған суреттерді айтады.

Шын мәніндегі дарынды  суретшілер адамның бейнесін, келбетін, жан дүниесін, мінезін, қимыл –қозғалысын аса шеберлікпен көрсете алады.Жануарларды  салғанда  да  олардың қимыл – қозғалысын, қылығын, ерекшеліктерін бейнелеуге тырысады, басқа табиғат көрінісін салғанда да солардың түрлі құбылыстарын,  жыл мезгіліне байланысты өзгерістерін, сұлулығын көркемдеп  бейнелейді.  (суреттер Power Point-те беріледі)

 

  1. Практикалық сабақ.

Білімгерлерге жаңа жыл қарсаңында  қандай безендірулер болады , кім жаңа  жылды қалай қарсы алады, жаңа жылда не нәрселер болады деп ойларын сұрай отырып сурет салуға  қызығушылығын ояту. Сурет салу кезеңдерін көрсете отырып  сурет салуды үйрету. Есте сақтау  және елестету арқылы, ой өрісін кеңейтіп жаңа жыл қарсаңы тақырыбына сурет салдыру.

  1. Сабақты қорытындылау

1.Сурет салудың неше түрі бар?

2.Елестетіп сурет салу дегеніміз қалай орындалады?

  1. Есте сақтап сурет салу дегеніміз не?

4.Затқа қарап сурет салу дегеніміз не?

  1. Үйге тапсырма.

Жыл мезгілдерін елестете отырып сурет салу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *