«Әдістемелік калейдоскоп»


 Таукенова Куляш Шакаровна
 преподаватель музыки г. Экибастуз я/с № 14 «Малышок»

Жүрг: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,балалар!

Наурыз көктем,наурыз жыр,

Ана мейірім шуақ – нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ нәзік сыр.

Ойна сырнай,ойна домбыра,

Бақыт пенен жақсылық,

Денсаулық пен шыдамдылық.

Тамаша көңіл-күй,

Тлейміз әр қашан!

Балалар: Наурыз бізге хош келдің!

1-3 тақпақтар

Ән  «Наурыз той»

Жүрг: Балалар! Наурыз – шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл ұғымды білдіреді.Наурыз тойын 22 –ші наурызда тойлайды.Осы күнгі күн мен түн теңеледі.Наурыз тойы- шығыс халықтары үшін ұлы той.Тойға дейін адамдар үйлерін тазалап,ыдыстардың ернеуіне дейін су және сүтке яғни,аққа толтырып қояды.Бұл жыл бойы шаңырақта береке болсын деген ұғымды білдіреді. Ренжісіп қалған адамдар татуласады.Наурыз тойында барша адамдар бір-біріне жылы тлектер айтып,жақсылық тлейді.Ендеше бір-бірімізді Наурыз мереркесімен құттыұтайық.

(балалар құшақтасып құттықтайды)

Муз .номер  «Наурыз!»

Сахналық көрініс

(залдың екі жағынан Алдар мен бай шығады)

Алдар:Б-р-р!Суық! Бұл бай емес пе? Жаңа шапан киіп алған,бір тойдан келе жатқан болар!О-о ,менің мына шақшадай басыма бір керемет жоспар пісіп қалды!Ассалаумағалейкум,байеке!

Мырза-бай:Алдар көсе,сенбісің,амансың ба!Есіннен адасқаннан саумысың.Мынадай аязды күні жұқа шапан киіп әрі түймелерін ашып жүргенің не?Тоңған жоқсың ба?

Алдар:несін сұрайсың,байеке!Бұл шапан сиқырлы шапан! Жел бір жағынан кіріп,екінші жағынан шығады,ал жылуы бойында қалады.

Бай:Солай ма!Ендеше,мына менің шапаныма айырбастап алайын.

Алдар:Жоқ!Бұндай шапан өзіме де керек.

Бай:Шапанға қоса атымды берейін!

Алдар:Жоқ-жоқ!

Бай:Тағы ақша берейін!

Алдар:Жарайды!Әйтеуір,қисынын тауып көндірдің-ғой.(Алдар ақшаны,шапанды алып,байдың тұлпарына мініп алып,тайып тұрады.Бай Алдардың соңынын қуа жөнеледі.Алдар ортаға қайта оралады.)

Алдар:Балалар,байды  керемет алдап соқтым ба?Ендеше,сендерді ойын-сауыққа шақырамын.

Ойындар : 1.Бәйге. 2.Тақия тастамақ

Әже :Сәлеметсіңдер ме,қонақтар,балалар!

Тыныш болсын даламыз,

Батыр болсын баламыз.

Уайым –қайғы жоқ болсын,

Ақ дегенің көп болсын!

1.Бала : Көктем келіп жер көгеріп,

Дала ғажап тұрды енді.

2.Бала : Ауламыз да,алмамыз да,

Құлпырады гүлдеді.

3.Бала:  Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол бол

Би «Аяқпенен топ-топ»

Жүрг:Әже  Наурыз  тойға калай дайындалады?Әже: Наурыз,ең көрікті,ең көңілді мереке,өйткені наурызбен бірге көктем келеді.Жер табиғат жаңарып,жаңа жыл келеді.Барлығы адамдар,жануарлар да суық қыстан шығып күн жылынып барылғы мәз мейрам болады.Бұл күні әндер айтылып,бір-біріне жақсы тлектер айтылады.

Жүрг:Наурыз қандай мерекесіне қандай тағам дайындалады?

Әже: Наурызкөже дайындаймыз.Оған жеті түрлі тағамдар салынады:сүрленген ет,су,бидай,тары,айран,тұз,мейз қосып жасаймыз.Осы наурыз көжені ішкен адам жыл бойын ауырмайды,тоқ болып көңілі жай болып өмір сүреді,балаларым!

Жүрг:Рахмет,әже!біздің балалар көп нәрсені білді.

Әже:Менің сиқырлы қазаным бар ,оған «Піс,қазаным,піс» деген үш сөзді айтсам қазаным не қаласам соны пісіреді. (әже сиқырлы сөзді айтады,қазаннан бауырсақ шығарады).Міне сендерге сыйлығым!

Жүрг:Міне,мерекеміз де аяқталып қалды!Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға зор денсаулық,ашық аспан,бақытты өмір тлеймін.Мерекелеріңіз құт-береке әкелсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *