Ағза толған химиялық элемент, неткен олар керемет!


Божбанова Гулжахан Жақсыбековна
«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК химия пәні оқытушысы

Химия пәнін оқытуда  оқушыларда мынадай құзырлылықты дамытамын:
Білімді өздігінен игеру  амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, бағыт–бағдар беру.
Тұлғалық ерекшеліктерін ашатын, қасиеттері қалыптасатын,  мүмкіндіктері жүзеге асатын  оқытуды ұйымдастыру.
Пәндік құзіреттілікті қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуға, алған білімдерін өмірде қолдана алуына, өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасау.

Сабақтың білімділік мақсаты: Тірі ағза химиялық элементтер жиынтығы екеніне көз жеткізе отырып, оқушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың   өзгерістер жасау мүмкіндіктері арқылы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету , есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейін үрдістерінің ерекшеліктерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жоспарын сабақ барысында тиімді пайдалануға дағдыландыру. Жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету.

Күтілетін нәтиже:

•         Білім сапасы артады

•         Ойын еркін жеткізіп, қорытынды жасайды

•         Қызығушылығы артады

•         Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді

•         Жеке тұлға қалыптасады

•         Көшбасшылық қабілет дамиды

Түйінді идеялар:

·         Өз идеясын білдіре алады.

·         Әр түрлі көзқарастарды бағалауға мүмкіндік береді

·         Сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.

Әдіс–тәсілдері:

·         Қисынды ойлау стратегиясы – кез-келген ақпаратты обьективті қабылдау,  яғни, креативтік ойлау дағдылары

•         Сыни тұрғыда ойлау – қабылдау, түсіну, ақпараттық кеңістікке шынайы көзқарас өлшемі, яғни, білім, дағды, іскерлік жиынтығы

•         Диалог әдісі – (О-О), (О-М) қарым-қатынасын жақсартуға, ойларын ашып айта білуге үйретеді.

Пәнаралық байланысы: Биология,  медицина, өзі-өзі тану пәндері.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, адам ағзасының құрылым схемасы, тірек сызбалар, слайдтар.

Ұйымдастыру: Оқушыларды топқа бөлу: «Алтын» тобы, «Күміс» тобы, «Сынап» тобы. Бағалау оқушылардың тапсырманы орындау барысында смайлик жинау арқылы жүзеге асатынын түсіндіру.

Психологиялық ахуал:  Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық, бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабақ барысында көтеріңкі көңіл күйде болайық.

Сабақ барысы:  Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтуіміз үшін,  бәсекеге қабілетті болу үшін, біздің мыңдаған жылғы тарихымыздағы құндылықтардың барлығы біздің бойымызда болуы керек. Әрқайсымыз ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуымыз керек. Яғни,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу арқылы рухани жаңғыруға көшу елімізді жаңа асудан асырады. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білуіміз керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.

Адам денсаулығы – маңызды тіршілік байлығы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін, ағзаны шынықтырып, спортпен айналысу керек. Дұрыс тамақтанбау, аз қимылдау, компьютер алдында ұзақ отыру – ағзаның бұзылуына, көрудің нашарлауына апарып соғады. «Дені саудың – жаны сау».  Ендеше,  Д.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің денсаулықты нығайтуда маңызы өте өте зор.

Химиялық элементтердің адам ағзасындағы ролі қандай?

ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕДЕГІ БАРЛЫҚ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР АДАМ АҒЗАСЫНДА – слайд арқылы көрсету.

АДАМ АҒЗАСЫНДА ҚАНДАЙ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР БАР:                  (кластер жұмысы  – суретті ағзаларды тұлғаға орналастыру).

АДАМ  АҒЗАСЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР:

Өкпеде – Lі, Nа

Қанда – Ғе, Nа, Lі, Са, Н.

Қалқанша безінде – I, Zn, Br

Тісте – Ғ, Са, Mg, Р

Гипофизде – Zn, Br, Мn, Cr

Мида – Na, Mg, К

Шашта – Al, Аs, СІ

Жүректе – Са, К

Ұйқы безінде – Mg

Жұлын сұйығында – Nа,

Бұлшық етте – Lі, Mg, К

Сүт безінде – Са, Мg

Бүйректе – Li  Se Ca Na Mg K Mo Cd  Hg  Br  Si

Бауырда – Li Se Mo Zn Ca Mn K Cu Si

Миға шабуыл – Тапсырмалар

·         Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландыра отырып,  қисынды ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар арқылы ой-пікірді ортаға салу.

·          «Сақина» тапсырмасы. Химиялық элементтер –  ағзада.

·         «Химиялық  лото».

·         4сурет/1сөз – үш тілде.

·         Кім білгір?  «Алма жинау».

·         Сұрақ-жауап.

·         Полиглот.

·         Кім жылдам? Элементтерді табу.

·         Оқушы шығармашылығы.

1.      Александр Македонскийдің Үндістанға сапарында оның әскерлері жаппай іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Ерекшелігі  сол, бәрінің ішкен суы да, жеген тамағы да бірдей болған. Ал, офицерлер неліктен іш ауруымен ауырмады?

(Себебі, офицерлер күміс ыдыстан ішкен. Күмістің  бактерецидтік қасиеті бар).

2.      Тайқазан жеті металдан құйылған. Ол қандай металдар деп ойлайсыңдар?

(Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын).

3.      Бірінші  Петр  өз заманында  «Ішкіштігі үшін» деген медаль тағайындады.              Ол қандай металдан жасалған? (темір).

4.      Өзі улы элемент. Оның оксиді орта ғасырларда хан сарайында бірін – бірі  уландырып өлтіруге пайдаланылған. Сонда бұл қай элемент? (мышьяк).

ПОЛИГЛОТ

Рефлексия:  Бүгінгі сабақтан өзіңіз үшін қандай қорытынды жасайсыз? (Оқушылар өз ойларымен бөліседі).

«Рахмет» жаттығуы:  Ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерімізді сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді оң алақанға саламыз. Мұнан кейін барлығымыз бір уақытта алақандарымызды қатты соғып «Рахмет» деп айқайлаймыз.

Бағалау: Оқушылардың тапсырманы орындау барысында жинаған смайликтеріне қарай бағаланады.

Үйге тапырма: Қайталау тапсырмалары беріледі.

Ендеше, санаға салып ойла, Денсаулықты жойма. Химиялық элементсіз, Тіршілік жоқ байқа, – деген өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *