Ашық сабақ «Театр -ерекше патшалығы» Салтанатты жиын «Менің Президентім». Кіріктірілген ашық сабақ «Орманға саяхат»

 Мукашева Роза Зейнуллиновна
 СҚО Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, «Балдәурен»  бөбекжай б/б тәрбиешісі

Мақсаты:театр-ойынына қызығушылықты ояту ;әр баланың сезімін қалыптастыру ;театр түрлері жайлы білімдерін бекіту  (драмалық,қуыршақ);

Жаңа терминдермен таныстыру (актёр, режиссёр, драмтеатр); бір-біріне мейірімділігін, эмоционалды-жағымды қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ширма, слайд, таяқта 10 театралдық маскалар (көңілсіз және көнілді), «Дос іздеген бота» ертегісі (Боталы түйе, мысық, ит, әтеш, бақа, лақ, қозы, ара, бота маскалары)

Сөздік жұмыс :

Билингвальді қарым –қатынасты игеру: театр-театр,актер-актер,режиссер-режиссер

(Балалар залға кіреді,тәрбиеші қарсы алады.)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Көңіл-күйлерің жақсы ма? -Жарайсыңдар.Қараңдаршы,бізге қонақ келіп тұр,Амандасып алайықшы.          – Сәлеметсіздер ме,апайлар; Здравствуйте дорогие гости;Good morninq

-Балалар,орындықтарыңа жайғасып отырыңдар,мен сендерге бүгін немен айналыстынымызды айтамын.

-Бәріміз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді тастайық та,кішкентай сиқыршыға айналайық.Келісеміз бе? Жарайсыңдар.Балалар,сендер білесіңдер ме қызықтылар мен сиқыршыға қайда айналуға болады?

Әңгіме : «Театр»

-Ертегілер  жақсы көресіңдер ме?

-Ертегілерді,сахналық қойылымдарды  көруге ме,әлде тыңдауға ма жақсы көресіңдер?

– Ертегілерді мен сахналық қойылымдарды  қайда тамашалуға болады? Театрда.

-Қандай театрларды білесіңдер? Драмалық,қуыршақ.

-Драмалық театрда кім кейіпкерлердің рөлін ойнайды? Адамдар.

-Оларды қалай атайды? Актер.

-Әрине ,балалар,актерлер әртүрлі кейіпкердің рөлін сомдайды. Сахнада олар ақылсызь патша болып  немесе шашыынды ханшайым болып ойнайды.Немесе қорқақ қоян болып,кішкентай күшік та бола алады.

-Балалар,сендер бір кейіпкердің рөлін ойнағыларың келеме?

-Кәне,ойнап көрейікші.Біз қазір драмалық актерлер боламыз.

Этюд: «Марғаулар»

Бәріміз елестетейік, біз сахнадамыз,апайлар көрермендер.Музыка ойналады,біз енді балалар емеспіз кішкентай марғаулармыз.Жылы үйшіктен шықты.Қар жауып тұр екен,марғаулар тонып қалды.Оларға суық ұнамайды,сондықтан марғаулар домаланып,құлақтарын,құйрықтарын,аяқтарын жинап.Міне қар жауып болды,марғаулар бойларын жазып алдыңғы аяқтарынан қарды түсіріп бір сергіп алды.(марғаулардың биі,фломастер мысықтың маскасы,құйрықтар)

-Жарайсыңдар,балалар.Марғауларды сахналауды білесіңдер, ендеше Аққала болып көрейік,балалар оны неден жасайды?Қардан,әрине!

Этюд «Аққала»

Кәне бәріміз тұрып Аққала болайық.Аққала аязды жақсы көреді.(Балалар Аққала болып күліп,бойларын жазып,жаттығулар жасайды.Аққаланың биін билейді,қардың сықырлаған дауысы)Ой,қараңдаршы балалар күннің көзі жылыта бастады,аққалалар ери бастады,әуле басы еріді-бастарын салбыратады,енді қараңдаршы қолдары ери бастады-қол салбырайды,содан кейін дене да еріді,аққала суға айналды.(Судың дауысы)Балалар тәрбиешінің соңынан қимылдарды жасайды.

-Балалар,рахмет сендерге,жарайсыңдар.Актер бола аласыңдар.

-Шаршаған шығарсыңдар.Кәнекей,орындарыңа жайғасып отырыңдар.Қарңдаршы,мен сендерге не дайындап әкелдім.

Әңгіме: Маска

-Дұрыс айтасыңдар.Бұл маскалар.Карнавалда киетін маскалар емес,театрда киеді бұл маскаларды.(2 маска:біреуі-көңілді,2-сі-көңілсіз)

-Маскалар бірдей ма?

-Әрине әртүрлі.Оны қалай білдіңдер?

-Қандай көңіл-күйді көрсетеді? Көңілді және көңілсіз.

Психогимнастика: «Маскалар»

Тәрбиеші:Ендеше ,балалар,қазір үнаған масканы таңдап алыңдар да шеңберге тұра қалыңдар.Маскаларыңды дұрыс қарап алыңдар да ,қандай күйде тұрғандарыңды әңгімелеп беріңдер,немесе кел беттеріңмен ,дауыспен көрсетіңдер.

-Кәне ,маска,өзіңді таныстыршы! (Маска көңілді немесе көңілсіз екенін дауысымен көрсете білу керек)

-Көңілсіз маска көңілді маскаға қарап амандасу керек. (Балалар бір-бірімен амандасады.)

-Енді мен сендермен амандасып көрейінші. (тәрбиеші балалармен дауыс ырғағын ауыстырып амандасады.)

-Балалар.Дұрыс амандаскан жоқсыңыз.

-Неге? Көңілді амандасу керек.

-Жарайсыңдар,балалар.Маскаларыңды қойып,біраз демалайық.

Сергіту сәті:

Қолымызбен хоп-хоп-хоп,

Аяқпенен топ-топ-топ.

Бір оңға,бір солға,

Айналамыз біз онда

Қолымызбен хоп-хоп-хоп,

Аяқпенен топ-топ-топ.

Бір оңға,бір солға,

Басымызбен шайқаймыз.

Қолымызбен хоп-хоп-хоп,

Аяқпенен топ-топ-топ.

Бір оңға,бір солға,

Секіреміз біз онда.

-Біраз сергіп алдық.Балалар,біз бүгін театр жайлы әңгімелеп отырмыз.Ал қуыршақ театры туралы не айта аласыңдар.

Балалардың жауаптары.

Ендеше,бүгін  «Дос іздеген Бота» ертегіні сахналап көрсек қайтеді.Біздің көрерменіміз апайлар  болады.

«Дос іздеген Бота» ертегісінің сахналық көрінісі. Ж. Қалжанова.
Қойылымның мақсаты:
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін – өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.

Қатысушы кейіпкерлер:
Боталы түйе-Айша
Мысық-Ерасыл
Ит-Кәрім
Әтеш-Арайлым
Бақа-Алинур
Лақ-Аңсар
Қозы-Медина
Ара-Алихан
Анасы-
Санжар:Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Бір күні анасы:
– Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қызық емес,- дейді.
Бота әндете жолға аттанады.
Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.
Мысықты кездесіреді:
– Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін,- дейді бота боздап.
– Мяу – мяу, мияулаған мысықпын,
Өзім тым пысықпын,
Кел екеуміз дос болайық.

– Жоқ – жоқ сен сияқты дос керек емес.

Бота итті кездестіреді.
– Аф, аф,
Атым менің Саққұлақ,
Жүремін ылғи шапқылап.
Кел екеуміз дос болайық.

– Жоқ – жоқ сен сияқты дос керек емес.

Бота әтешті кездестіреді.
– Ку – ка – ре – ку,
Алқызыл менің айдарым
Таңмен ерте тұрамын,
Кел екеуміз дос болайық.

– Жоқ – жоқ сен сияқты дос керек емес

Бота бақаны кездестіреді.
– Бақылдаған бақамын,
Қызыққа күнде батамын.

– Жоқ – жоқ сен сияқты дос керек емес

Бота лақты кездестіреді.
– Мен ақпын,
Секеңдеген лақпын
Кел екеуміз дос болайық.

– Жоқ – жоқ сен сияқты дос керек емес

Бота қозыны кездестіреді.
Мен қозымын,
Момақанның өзімін.
Кел екеуміз дос болайық.

– Жоқ – жоқ сен сияқты дос керек емес

Бота Араны кездестіреді.
– З – з – з, кел екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.

– Жоқ, жоқ сен сияқты дос емес.

Ара ашуланып қуа жөнеледі. Бота зорға дегенде қашып құтылады.

Анасы: Дос таптың ба, ботам?

Бота:- Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.

Анасы:- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Бота қуанып достарын шақырып алады.

-Балалар,міне ертегіні де сахналадық.Сендерге ұнады ма ертегі.Жарайсыңдар.Ендеше көңіл-күйлерің және қандай әсер алдыңдар бүгінгі ерекше күнімізден.Мына маскаларды алып қуыршақ театрының шымылдығына іліңдер.Рахмет сендерге.

Салтанатты жиын. 1 Желтоқсан –Президент күні!

«Менің Президентім».

Мақсаты:Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан  үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер,слайд,қалалардың суреттері

(Балалар музыка әуенімен залға кіреді)

Тәрбиеші: – Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Менің Президентім» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.

Арайлым: -Армысыздар, бармысыздар, құрметті тәрбиешілер, балалар және қонақтар!

Тәрбиеші : -Арайлым сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

Арайлым: -Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

Тәрбиеші:-Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?

Арайлым: – 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Тәрбиеші:- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.Ендеше бүгінгі тұнғыш президентімізге арналған ертеңгілігімізді Әнұраннан бастаймыз.

Ән  -ұраным,жан- ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім,

Салтанатты мерекемізде,

Шырқалсын біздің Әнұранымыз.

Ән ұран

Салтанатты мерекемізге құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Маутбаева Тоты Ахметқызына береміз.

«Жұлдыз» тобының балалары шығып тақпақтарын айтады.

Дінмұхамед:

Алтын күннің астында,

Желбірейді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы мене қызымыз.

Адлет:

Ару қалам Астанам,

Бой көтерген жас қалам.

Бәйтеректің биік шыңы,

Ерекше ғой басқадан.

Ерасыл:

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Медина:

Бейбітшілікті  қалады,

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы,

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Алинура:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де,жер де, суда да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім,мақтанышым, тірегім.

Балжан:

Елбасыиыз жолдайды,

Халық оны қолдайды,

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Азель:

Великую землю,

Любимую землю,

Где мы родились и живем.

Мы Родиной- милой,

Мы Родиной-светлой,

Мы Родиной нашей зовем.

К.Алихан:

Бұл заңда жеңіс даңқымыз,

Салтанат құрған салтымыз,

Ата заң –біздің қорғаушы,

Ата заң –біздің ақылшы.

Айша:

Елім менің –тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір дәмін,

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағын төбеме көтерген күн.

Сұлтанбек:

Президент ,наш Президент!

Таких как Вы на свете больше нет,

Вы думаете о будущем страны,

Я счастлив, что гражданин казахской земли!

Тәрбиеші:жарайсыңдар ,балалар.Қандай керемет тақпақтарың.Бұл орындалған тақпақтар кім туралы?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Біздің тұнғыш Президентіміз.

Тосын сәт: Слайдтан қазақ жерінен келген Алтын адам көрінеді.
Алтын адам: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым – Алтын адам. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
– Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.
Алтын адам:
– Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
– Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтып өтейік.(қалалардың суреттері ілініп тұрады)
Бала:«Астана»
– Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы бар.
Бала: «Алматы» .
– Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.
Адлет: «Ақтау» .
– Ақтау – Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында Жантурин атын – дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Бәйтерек», ойын – сауық кешендері және Каспий теңізі бар.

Алтын адам:
– Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
– Балалар, Отаныңыз қалай аталады?
– Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
– Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
– Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
Алинур: Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.Томпақ,осы салтанатты мерекеге мектепалды даярлық топтары мен ересек тобының  балалары арнап өлең, тақпақтарын дайындап келді .Балаларға сөз берейік.

Ән : «Қазақстан» орындайтын «Жұлдыз»  тобы, шумақтарын Дінмұхамед орындайды.

Тірбиеші: Томпақ,міне біздің балалар өз отанына деген ықыласын қалай білдіреді! Балалар,мерекеге арнаған қандай тағы да сыйлықтарың бар?

Алинура: Апай,біз өзіміздің ұлттық биімізді дайындадық.Қазір соны осы мерекеге тарту етеміз.

Тәрбиеші:ендеше,құрметті ата-аналар,қонақтар,Томпақ балалардың орындауында «Көкпар» биін тамашалаңыз.

Алтын адам:балалар,мен сендерге бір ойын ала келдім сыйым ретінде.Ойнаймыз ба?

Балалар: ия,ойнайық.

Тәрбиеші: Томпақ ойынның шартымен таныстырасың ба?

Алтын адам :Әрине.Шарты былай: бес бала ортаға шығады да мына матаның төртбұрышынан ұстайды,ал 5-ші бала оларға жалғасады.Музыка әуені ойналып тұрғанда балалар матаның бұрышын тастамай дөңгеленіп билейді,әуен тоқтаған кезде 5-ші бала болғаны  матаның астына тұрып шаңырақ құрады,қалған балалар бұрыштарын сәл тартып киіз үйдің шаңырағы сияқты көрсетеді.Бұл ойынға екі команда қатысады.Қай топтың шаңырағы дұрыс құрылып және тез болады,сол команда жеңімпаз атанады.

Ойын «Шаңырақ»

Тәрбиеші: мерекемізді әрі қарай «Астана» атты әнмен жалғастырамыз

Ән : «Астана»- орындайтын Ерасыл,Айша,Алинура,Адлет

Ән: «Атамекен» хор

Алтын адам: Рахмет ,балалар.Менің тағы да барар  жерім бар.Рахмет сендерге.Сау болыңдар

Тәрбиеші:  Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті ата-аналар, балалар, тәрбиешілер бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!

«Шағала» мектепалды даярлық тобында ТРИЗ әдістемесі бойынша кіріктірілген  ашық сабақ . 2016 ж.

Тақырыбы: Орманға саяхат.

Кіріктірілген сабақтар: математика,айналамен танысу,сауат ашу,құрастыру.

Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Өткен геометриялық фигуралар ,табиғат жайлы білімдерін бекіту.Топпен жұмыс жасауды дағдылау.

Керекті құралдар: шегіртке ойыншығы, геометриялық фигуралар,магнит тақтасы,фломастер,сандар,ТРИЗ ойынына заттық суреттер «Саяхатшының сүмкесі», «Жасыл алаң»; «Кімнің ізі?» карточкалар, 2-кі ақ қағаз парақтары Роршех іздерімен,бор, Эйлер шеңбері «Жер тұрғындары».

Іс-әрекеттің жұмыс жоспары.

Мотивациялық  қозғаушылық: Балалар ортаға шығып ,амандасады және шеңбер құрады.

Тәрбиеші: Балалар, міне шеңберге тұрып 3 тілде амандасамыз

Салеметсің бе,Күнім менің?

Сәлеметсің бе,Көк аспаным?

Сәлеметсің бе,Жер анам?

Сәлеметсің бе сен, Салеметпін мен?

Здравствуй,Солнце золотое!           Good morninq, Good morninq,

Здравствуй,Небо голубое!               Good morninq too yoo,

Здравствуй,матушка Земля!          Good morninq, Good morninq,

Здравствуй Ты и здравствуй Я!    We are qlad too see yoo.

Тәрбиеші: балалар,сендер орманға қыдырғыларың келе ме? Орманда жол жоқ,көліктер жүрмейді,кейбір жерден өтуге де мүмкін емес.Сонда біз қандай көлікпен саяхатқа шығамыз? Мен сендерге көмектесейін.Біздің көлігіміз  қандай екен мына ойыншықта  жасырынып тұр.Бұл ойыншықты қалай атайды? Қалай ойлайсыңдар ,инелік қандай көлікпен ұқсастыруға болады? Әрине, тікұшаққа.Біз осы тікұшақпен саяхатқа шығамыз,өйткені онымен орман ішінде,өзен,көлдер жағасында тоқтаймыз.

Тәрбиеші: енді осы тікұшақтың макетін құрастырайық.Неден оны жасауға болады? Ол үшін мен сендерге мына тікұшақтың жеке керекті заттарын дайындадым .Енді мына схемаға қарап тікұшақтарыңды жасап алыңдар. (Балалар тікұшақты құрастыруға кіріседі.Балалар осылайша үш топқа бөлінеді.)

Тәрбиеші: Көлігімізді 3 тілде айтайық: тікұшақ-вертолет-plane

Тәрбиеші: Балалар,саяхатқа шығу үшін бізге қандай заттар керек деп ойлайсыңдар? (Сүмке, шатыр,ыдыс- аяқ,)Дәлелдеңдер.

 

Үшбұрыш пирамидаға ұқсайды
Түсі әртүрлі болуы  мүмкін
Мұнда саяхатқа шыққанда тынығуға болады.
Жарты шарға ұқсайды.Қолы бар жарты шарды ұстауға
Темірден болуы мүмкін
Мұнда тамақ пісіруге болады
Матадан жасалған қап
Түсі әртүрлі болуы мүмкін
Мұнда барлық керекті заттарды салуға болады.

Тәрбиеші:  Міне енді саяхатқа шығуға болады.Тікұшақтың қасында тұрамыз да  мына өлең жолдарын айтамыз:

В путешествие летим мы                   Мы по лесу погуляем

Вертолётом – стрекозой                     Много нового узнаем

Над лугами, над полями,                    А потом наш вертолёт

Над высокими лесами.                        Всех нас в садик привезёт.

Тәрбиеші: Бірінші аялдамамыз «Мамандық» .Қалай ойлайсыңдар неге бұл аялдама осылайша айтылады?  Әр маманға мінездеме берейік.

Дидактикалық ойын: «Мамандар»

Мақсаты: мамандар жайлы білімдерін бекіту.

Шарты: балаларға сурет беріледі.Олар  сол мамандық туралы бір сөзбен мінездеме беру керек.Мысалы: дәрігер-адамдарды емдейді,дәрігер-врач-

Тәрбиеші: бұл аялдама ұнады ма сендерге.Не туралы білдіңдер?

Жарайсыңдар,әрі қарай жолымызды жалғастырайық (балалар өздерінің тікұшақтарының жанында түрып сөздерін айтады)

Тәрбиеші:Міне, келесі аялдама «Орман».Қараңдаршы,балалар біз қыстағы орманға тап болдық.Керемет,айнала таза ауа,ағаштар ақ шәлісін киіп алған,ағаштарда құстардың асханасы бар.

Балалар,орманда қандай қыстайтын құстарды көреміз?

Қарға-ворона                               Торғай-воробей

Тоқылдақ-дятел                                           Үкі-сова

Суықторғай-снегирь                       Шұбаршымшық-синица

Самыр құс-свиристель

(Торғай,карға,шұбаршымшық т.б.)Дұрыс айтасыңдар,бірақ орман тыныш,құстарда көрінбейді.Неге? (Олар тікұшақтың дауысынан шошып қалды).Балалар,оларға жем шашайық сонда олар мүмкін жемге келетін шығар. Ал біз олардың аттарын еске алайық.(Балалар берілген қағаздардан құстардың бейнесін құрастыру керек.Әр топқа жеке құстың бейнесін құрастыруға тапсырма беріледі)

-Бірінші жемге торғай ұшып келеді,содан кейін сауысқан,қарға,самыр құс т.б.

(осылайша балалар құстардың аттарын атайды.) Неге бұл құстарды қыстайтын құстар дейміз?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Орманда жүру қиын ,сендер шаршадыңдар.Сергіп қалайықшы.

Сергіту сәті: «Көңілді күн».

Тәрбиеші:демалдыңдар ма ,балалар?Саяхатты әрі қарай жалғастырайық.Орманда бізді тағы не күтіп түр екен.Оны біз келесі аялдамадан білеміз.Ол үшін тікұшақтарымызға мінейік,өлеңді жатқа айтып.

Тәрбиеші: балалар,біз орманнан шыққан сияқтымыз.Керемет,алдарыңда не көріп тұрсыңдар? Әрине,үлкен өзен.

–         Өзен неден тұрады? Судан.

–         Судың қасиетін кім айтып береді? Су -сұйық,мұзды,түссіз

–         Сұйық қай кезде? Судан мұз қалай болады?

–         Сұйық жылы жерде,аязда мұз болып қатады.

–         Өзен да сол су.Жазда сұйық,ал қыста мұз болады.Бірақ мұздың астында балықтар тіршілік етеді.

Бұл аялдамадағы тапсырма мынадай :мына қағаз беттерінде сурет болған, бірақ қандай сурет екенін білмеймін,өйткені қар үстіне түсіп қағаз су болып қалды.Тапсырма-қандай сурет мұнда болды (Роршахтың  таңбалары.Балалар өзеннің,балықтардың суретін салады және «өзен,мұз,су» деген сөздерді бояумен жазады)

Балалар,жарайсыңдар.Енді көрейікші,өзенде не тіршілік етеді? (Салынған суретті ортаға іліп көреміз,әңгімелейміз) Әрине,балықтар.Қандай балықтарды білесіңдер? Шаян-рак-crawfish ,шортан-щука- pike,жайын-сом-sheatfish,алабұға-окунь- perch,көксерке-судак- pike perch.

Тәрбиеші: Ой,балалар,балабақшада түскі астың уақыты да болды.Тікұшақтарыңа мінейік та,балабақшаға қайтайық.

Тәрбиеші: Міне,үйімізге де жеттік.Әлі уақыт бар екен.Бүгінгі саяхатымызға қорытынды жасайықшы.Біз үлкен саяхат жасадық.Не көрдіңдер,немен таныстыңдар,не туралы қайталадыңдар? Енді осы қайталағанның бәрін мына дөңгелектерге орналастырайық (мамандық,орман,сергіту сәті,өзен,) Неше аялдамадан өттік?

-Балалар,орманға саяхат жасағанымыз ұнады ма сендерге?Жарайсыңдар,ал мен сендерге мына қайықты жасадым,өздеріңе бүгінгі саяхат ұнаса ойларыңды смайлик жапсыру арқылы білдіріңдер.

Leave a Reply

Your email address will not be published.