«Қазақтың біртуар Қасымы» әдеби кеш сценариі


 Абилина Бахытгуль Аскаровна
 «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы

Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны, «Тереңде тұнып жатқан дауыл» жырдың иесу Қасым Аманжоловтың мерейтойына орай ақынның қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, жыр көшіндегі ұлы Абайдың ізімен қазақ жырын тезге салған, өртке тиген дауылдай өлеңін бөбегіндей әлдилеп өткен ақын артына өшпес мұра қалдырғанын әр баланың бойына сіңіру.

Көрнекіліктер: Қ.Аманжолов  портреті, кітап көрмесі, ақын туралы дәйексөздер

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі әдеби кешіміз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен Қасым Аманжоловқа арналады. Өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл ақын жайлы сыр шертіп, Қасым ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдерінен өрілген сазына тербелсек деп отырмыз.

 

Кітапханашы:

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім, жалын атөан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп тулатып бір қоз,айын да…

Аманжол- Рақымжанның Қасымымын,

Мен қалған бір атаның ғасырымын.

Біреуге жұртта қалған жасығымын,

Біреуге аспандағы асылымын, – деп жырлаған ақиық ақын, аудармашы, композитор Қасым Аманжоловтың терейтойына орай «Қазақтың біртуар Қасымы»атты әдеби –музыкалық кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

 

2-жүргізуші.

Жырларында заманының табы бар,

Ұлтымыздың рухы бар, жаны бар.

Тентек ақын, текті Қасым ортаңда,

Жаңа ғасыр, ұлы ақынды танып ал!

 

1-жүргізуші.

Нығырақ басамын мен аяғымды,

Алға ұстап жүрегімді, аянымды.

Өз жүрген жолдарыма келем жазып,

Сырымды,барлық өмірбаянымды.

(Ақын өмірі жайлы баяндама дайындаған 21-топ студенті  Алпысбаев Еламан)

Ақын жайлы көрме  мен шығармашылығына

 

2-жүргізуші.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Олар да бұл Қасымды бір байқасын.

Өртке тиген дауылдай өлеңімді

Қасымның өзі емес деп кім айтасың?

 

1-жүргізуші. «Нар тәуекел» өлеңі оқитын Мынжан Аманжол

 

2-жүргізуші.

Нар, тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,

Бұл сапарда сүрініп те қалармын

Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!

Жығылсам да жүгірумен өтемін,

Аяңшылдың ақылын мен не етермін?

Жығылармын, алқынармын, шаршармын,

Барар жерге бұрынырақ жетермін.

 

1-жүргізуші.

Қасым – әлсізге шірене қарап, мықтыға шыбындай бас иетін іш пыстырар қорқақтардан мезі болып жығылса да, барар жеріне өзгелерден бір дәуірдей бұрын жеткен Қасым. Сол жүйрік екпінімен, киіп-жарған дауылдай адуын қимылмен қазақ поэзиясына мәдениет әкелген Қасымды да  тежеген дүлей күш, сұрапыл болған-ды.  Ол соғыс еді.

«Қоштасу» өлеңі оқитын Бахитжанов Алихан

 

2-жүргізуші.

«Өмір деген бір өзен ғой! Адам сол өмір өзенінде домалап бара жатқан тас секілді.Толқын қақпақылынан жағаға жеткенше күндер өтіп барады.Сұрапыл соғыс жазатын жылдарымды алып кетті. Енді бір сілкініп алмаса болмас!» деп заман қырсығына өкініп отырады екен.

«Үстімде сұр шинелім» өлеңі оқитын Муратов Метиш

«Брянск» өлеңі оқитын Газизова Арайлым

1-жүргізуші.

Ақынның жан түкпірінен жаңғырып, жанартау боп атылғанына майдан даласында жазылған «Қоштасу», «Сарыарқа», «Орал», «Елге хат», «Ғалиға хат» өлеңдері, «Абдолла» поэмалары куә.

«Балалық шақ туралы» өлеңі  оқитын Алпысбаев Еламан

2-жүргізуші.

Қ.Аманжолов  тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Жаным сәуле, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран»,  «Біздің дастан», «Жамбыл тойынды» атты поэмалары  – оның эпиктігінің дәлелі.

Өңімде ме еді, түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды…

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.

Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,

Тулады толқын, шайқалды шың-құз…

Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,

Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?

 

Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,

Барамын сөніп, келмейді өлгім!

Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,

Талпына берді қайран жас көңілім!

Барамын сөніп, барамын сөніп.

Жұтар ма мені мына сұм соғыс?

Арманым бар ма, өлсем бір көріп,

Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?

1-жүргізуші.

Ақын – ой перзенті. Ол адам, қоғам өміріндегі өзін толғантқан нендей жайларды, ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін, сырлы сезім толқынын ақтармай қала алмайды. Сөйтіп, оның қуанышы да, мұң- шері де, жетпеген ой-арманы, өзек тілген өкініші де поэзиясына түсіп отырады.

Қасым өлеңдерінде шынайы достықты, адамгершілікті ту етеді. Ол барша адам баласын зұлымдықтан бойын аулақ ұстап, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге шақырады.

«Мен табиғат бөбегі» өлеңі оқитын Зенова Аягоз

Ақын туралы деректі фильмге назар аударайық

2-жүргізуші.

Бір күні от өмірім қалса өшіп,

Қайран ел туған жерден кетпес көшіп.

Торқадай жамылып ап топырағын,

Жатармын өз жерімде бір төмпешік.

«Атамекен» өлеңі оқитын Жагыпаров Еламан

 

1-жүргізуші.

Өмір!…Адамға екі өмір, екі ғұмыр берілмеген.Адам –пенде, бұл жалғанның қонағы.Бұл жалғанда мәңгілік ешнәрсе жоқ.Бәрі де топырақтан жаралып өседі, өнеді, қайтадан топыраққа сіңеді.Тек қана мәңгі өлмейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын-ол поэзия.Қасым поэзиясында мәңгілік өлмейтін ғұмырдың лебі есіп тұр.

«Қуанышқа, бақытқа» өлеңі оқитын  Ережепов Асан

Ән: «Туған жер»

(Колледждегі жас ақындар «Өмірге келер әлі талай Қасым» деген тақырыппен ақынға арнаған өлеңдерін, шығармаларын оқыды)

 

2-жүргізуші.

ХХ ғасырда Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерден кейінгі қазақ поэзиясының кезеңі- Қасым кезеңі.Қасым- асау да ағынды жырдың тоғанын ағытқан көш бастаушы.Ол өлең өлкесінде тәккәппар дүниеге, қазақ халқының тағдыр- тақсіретін еркін суреттеп, батыл жеткізе алды.Бұл өжеттілік пен қайсарлық Қасымға ғана тән қасиет.

«Өзім туралы»  өлеңі оқылады. Оқитын Алпысбаев Еламан.

 

1-жүргізуші:

Қасым-ақын ғана емес,аудармашы Қасым ретінде де бізге жақсы таныс. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Шевченконың өлеңдерін тәржімалаған.Сондай-ақ дүние жүзіндегі әдебиет пен мәдениеттегі ұлы тұлғаларды өлеңіне арқау ете білген көркем тілді поэзия шебері.

«Көкірекке құйыл, нұр» өлеңі оқитын Садыкова Шынар

2-жүргізуші:

Қасымның өмірі-қасиетті де қасіретті өмір!Ол соғыстан оралғаннан кейін қазақ өнерін дамытып,поэзия отын жағуға Алматыға келеді.Ол баспана таба алмай,баспалардан қолдау таба алмай көңілі азып,қағажу көп көрген.

 

Берсең бер,бермесең қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын астанамды.

Өлеңнің отын жағып жылтармын,

Өзімді,әйелімді,жас баламды.

 

1-жүргүзуші:

Күнделікті күйбең тірлік ақынды қанша мұңайтса да,ол бар сүйенішін өлеңнен,өнерден іздеді.

Амал не,қайран ақын,есіл ер ауыр тұрмыстың тауқыметінен айықпас ауруға ұшырады,өкпесі тесіліп,өзегі талып көз жұмды.

«Қара ағаш» өлеңі оқитын Ғазизов Қажымұрат

2-жүгүзуші:

Бұл 1955 жылдың 18 қаңтары еді.Қаңтардың қақаған қара түнінде қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз ағып түсті.Қазақ поэзиясындағы босағыдағы басын төрге шығарған ақын фәниден бақиға аттанды.Өмірге еңбекпен келіп,шалқақтап өткен ақын мәңгілікке жүрек соғысын тоқтатты.

Бірақ Қасым мәңгі халық жүрегінде,ақынды өнерлі ұрпағы ұмытқан емес!

1-жүргізуші.

Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,

Бақытын ойламаймын  құр басымның.

Тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын,

Ақ көңіл адал болсаң сырласыңмын.

Қасым –жалғыздықтан жалығып, адал дос іздеген ақын.

«Алатау»  өлеңі оқитын Қамаш Нұрлан

2-жүргізуші.

Қасымды ақын досы Сырбай Мәуленов былай есіне алады: «Қасым бала мінезді еді.Кейде ол ашық күн секілді, кейде ол көкірегінде оты бар секілдіеді.

Қасым өзі айтқандай табиғаттың өзі өлеңіне құя салған жан еді.оның өлеңдерінен табиғаттың өзіндей балалықтың, табиғаттың өзіндей даналықтың лебі есетін.

Қасым –өзі өмірде де, өлеңде де шыншыл ақын.Ол екі сөзінің бірінде  мен өмірдің, табиғаттың баласымын деуші еді»

Мынау аспан,ай жұлдыздар тұрғанда,

Қасым оты еш уақытта сөнбейді.

Жалынын ол бөліп беріп жылдарға,

Тек қасымша алға құлаш сермейді.

1-жүргізуші.

Ұлы Мұхтар Әуезов «Жыл келгендей жаңалық» деп бағалаған ұлттық жырдың уытты да тегеурінді толқыны Қасым поэзиясынан нәр алып, қазақ жырын қайтадан түлетті.Осы толқыннан туған толқын, бүгінгі ұлттық жырымыздың, бір заманның бет пердесін ашып отырған ұлы Мұқағали  да Қасымнан үлгі алға.

«Туған жер» өлеңі оқитын Абаев Дастан

2-жүргізуші.

Қазақ даласы –Алтайдан Атырауға , Арқадан, Жетісуға дейін созылып жатқан кең жазиралы, өнерлі өлке. Осы өлкелерде қаншама қасиет бар  десеңізші!

Сарыарқа жері-Біржан сал, Ақан сері, Абай,Сәкен, Мағжан, Мәди, Қасымдар сынды асылдар дүние есігін ашқан өлке.

«Қазақстан» өлеңі оқитын Мустафа Гульжан

1-жүргізуші.

Қасым- көркем өнердің телегей теңізі.Ол өзінің  өртке тиган дауылдай өлеңдерімен бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерді.Тумасынан ұлтының ұлағатынан нәр алып, барлық болмыс-бітімімен қазақ болып жаралған ақын.Еркіндікке ғашық, бостандыққа құштар, азаттықты аңсаған ақын.

«М. Мақатаев «Қасым солай болмаса»» өлеңі оқитын

Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
Қуат алып жырына бәз-даладан,
Ол жанған.
Күні жоқ-ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазған Адам…»
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан-жырды.
Жеді.
Тынды…
Керемет дерттер төиіп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген — қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда…»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..

2-жүргізуші.

Қасымның аңсаған арманы орындалды.Ақынның көзі тірісінде жетпеген арманына ұрпағы, елі жетті.Қазақстан егеменді ел атанды.Қазақ елі өзге елдермен керегесі кең, терезесі тең ел болды.Көк байрақты желбіретіп, көгінде қыран құсын самғатты.

Ақын Қасым әруағы елінің мерейіне сүйсініп жатқан да шығар. Кім білсін?…

Мұғалім:

«Қазақтың  біртуар Қасымы» атты әдеби кешіміз осымен аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *