“Кыскы киял”


Саденов Алихан, Буздакова Аружан, Махамбет Айдос Ғаниұлы, Қабдығали Айнұр Жұмабекқызы

Рудный қаласы әкімдігінің №7 мектеп-гимназиясы   даярлық сынып  сынып оқушылары,

Рудный қаласы әкімдігінің” №15  орта мектебі” КММ   2 сынып оқушылары

Қыс. Қыс келді. Күн қатты суық болып, борандатты. Бейбарыс, Ақниет, Анель қардан домалатып «Аққала» жасапты. Оларға Гүлсезім көмектесіп, қар тасып жүр. Аққала өте тамаша болып шықты, балаларға қарап күліп тұр. Дат – шанамен, Бекжан – шаңғымен ойнап жүр. Олар балалардың аққаласына қызыға қарап қояды. Сырғанақта шанамен сырғанап жүрген Ғания мен Перизатта балаларға риза болды.

Адамдар қалың киімдерін киіп, өз жұмыстарын істеп жүр. Құстар жылы жаққа ұшып кетіпті. Бірақ қарға қарқылдап, қыс мезгілінде ұшып жүр. Айнала аппақ мамықтай нұрға бөленген. Балалар далада шанамен сырғанап, коньки теуіп, аққала жасап кейбіреуларі мұзға шаңғымен сырғанап, ойнап жүр. Мектепте де оқушылар бір-бірін қарға құлатып, қар атысып ойнап жүр.           Олар ойынға кіріскені сондай беттері қып-қызыл болып, алмадай болып кеткен. Қыста көптеген мейрамдар болады. Биылғы  жыл – ит  жылы. Жаңа жыл мерекесі өте қызықты болды. Барлық үйде дастархан жайылып, көңілді күймен жаңа жылды күтеді.  Шыршаны безендірдік.  Сағат 12-ден кейін  от шашу  шаштық Қыстың қызығы өте көп. Ит  жылы құт әкелсін! Жаңа жылдарыңмен достар!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *