Қысқы қиял


Досан Алдияр Тоқтарұлы, Райс Расул  Ринатұлы

Қостанай облысы, Меңдіқара білім  беру бөлімі “Жарсуат негізгі мектебі” ММ оқушылары

Міне, қыс келді.Адамдар қалың киімін шығара бастады. Қар қалындап жауды.Балалар далаға шаңғы тебуге,шанамен сырғанауға,қар атысуға,аққала жасауға шығады.Қыс айы қызық.Тіпті ойындарына шейін.Сіздер қыста не істейсіздер?Мен қыста далаға шығып ойнаймын.Мен,інім,тәтем үшеуміз далада ойнаймыз.қандай ойындар десеніз.Біз қар атысып,шанамен сырғанап,кейде МЕГА-ға катокқа барамын.Қысқаша айтқанда қыс өте қызық мезгіл.Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі – Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *