«Мәнгілік Ел»


Рахимбеков Есбол Жанбрбаевич

завуч по воспитательной работе КГУ «Областная специальная коррекционная школа –интернат № 3 г.Степногорск» управления образования Акмолинской области

Тіл-«Мәңгілік ел» идеясының басты негізі.
Таң қалуға бірақ сәт жетеді.Ал,таңғалдыруға адамның ғұмырыда жетпейтін заман.Осыдан 26 жыл бұрын тәуелсіз еліміздің жарлығына елбасымыз қол қойғанда таң қалмаған пенде қалмады, бабамыздың табаны тимеген жерге,балаларымыздың қаламы тиеди деп қуаныштан бөркімізді аспанға аттық.  Елбасымыз: «Қарасуда қаймақ болмайды, Қас шеберде оймақ болмайды» дегендей.
биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толады. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығын – халық бірлігін дәлелдейді. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялық көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды ресімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастықта лайықты орын алды. Бұған жету жолы да оңай болмағаны аян. Иә, ел болып еңсе тіктедік дегенде – арғы жағында арқасүйер, табан тірер не бар екенін қазақ жұрты мен қазақстандықтардың жарасымды тіршілігінің дәлелі болды. Бір кездері Алаш арысы Міржақып Дулатов «Түрік баласы» атты жазбасында: «Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», – деп, сонымен бірге тағы жазған мақаласында: «Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады», – деді. Біздің Отанымыз Қазақстан – бүгінде тәуелсіз мемлекет.Елбасымыз өз сөзінде «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз.Басқа бақыттың қонуы бір бөлек,сол бақытты бағалай білу бір бөлек.Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ.Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол- өткен бабалардың алдыңдағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдыңдағы зор жауапкершілік.Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп,тәубе деп,Тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз.Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз» деген еді.Шынында да тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман – есен өтуіміздің өзі баға жетпес мұра емес пе?!

Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі –Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» – деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының тарихи жалғасы – бүгінгі өркениетті Қазақстан. Еліміздің өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын алуы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазірдің өзінде елді біріктіруші күшке, ұлттық идеологияға айналды. Ол – «Қазақстан-2050» Стратегиясының, сонымен қатар, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, ұлттың рухани құндылығы.Қазақстанның бүгінгі алатын орны,халықтың әл-ауқаты мен экономикасының дамуы елімізде жүргізілген саясаттың нақты нәтижесі болып табылады.Өткенге сәл шегініс жасап көретін болсақ,тәуелсіздіктің бірінші күні яғни 1991 жылдың 17 желтоқсанында Елбасының «Кең – байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді.Не істесек те ақылмен істейік,арзан ұранға ермейік,ұшпа сезімге ерік бермейік.Әсіресе, жастар салқынқандылықтан,үлкенді сыйлаудан,сөзге тоқтаудан айнымаса,қашанда достыққа адал болса,бауырмал,кеңпейіл болса,халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік» – дегенінің өзінде елбасының көрегенділігімен Қазақстанның жарқын болашағына деген үлкен сенімі мен серпіліс берер салиқалы ойы ұштасып жатқаны бүгінде ақиқатқа айналды.Содан бері жиырма бес жыл уақыт ішінде қаншама жаңашыл бағдарламалар мен жолдауларын арнап мемлекетіміздің өркендеуі мен өсуіне ықпал ететін тиімді даму жолдарын нақты көрсетіп берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы жаңа дәуірдің,келісті келбетінің көрінісін саралап берді деп толыққанды сенімді айтуға болады. «Мәңгілік Қазақстан» деп аталуы арқылы тұғырлы еліміздегі әрбір отандастарымыздың жүрегіне жылу ұялата,мақтаныш сезімінің және оған деген сенімін айқындады.Елбасымыз тағы бір сөзінде, бүгінімен ертеңін ғана ойлап,кеңшілікті ойлаудан түсер пайданың қазіргі бәсекелестік заманында түкке тұрмайтын тіршілік екенін баса айтты. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ,осыдан мүлтіксіз орындап, сүрінбей өту – ортақ парыз,абыройлы міндет екенің баса айтуға болады.Шынында да, бұл біз үшін жүктелген,мақсат етілген,жұмыла жеңетін алдағы міндетміз.Осы орайда басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ілігуі, яғни «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Атап айтар болсақ, тұңғыш мемлекеттік тұжырым идеологиясының елең еткізерлік жаңалық екені бізге мәлім.Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін – тұжырым ретінде «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануының айтсақ болады. «Мәңгілік Ел» идеясы,қазақ елінің тәуелсіздік жолында еңбекпен қол жеткізген биік асу,үлкен белес. «Мәңгілік Ел» ұғымын тереңірек түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету маңызды болып табылады.Түрік тарихын зерттеуші, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы: «Мәңгілік Ел» – түрік жұртының данагөйі,үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея…» – екендігін жазған еді.Түрік қағанатын құрағаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік Ел» идеясын қолына алды.Мәңгілік ел – мақсаты түрік елінің билігі деп біршама ғасыр бұрын мәңгілік ел идеясын ұсынылғаны байқалады. Мәңгілік ел дегеніміз – мемлекеттің ғасырлар тоғысында,ірі державалар арасында бәсекеге төтеп бере отырып, өзіндік қорғасын саясатын ұстану деп түсінуге болады.Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Бір кездерде дүркіретіп билік құрған Көктүріктер империясы ту еткен, Тоныкөк негізін қалаған, ұлы Шыңғыс хан империясының атына айналған Мәңгі ел құндылығы бүгін, міне, осылайша Қазақстан мемлекетінің түп қазығы – ұлттық идеясына айналды. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы тағы бір данамыз Асан қайғының осы тектес идеясымен де астасып жатыр. Бұл – «Жерұйық» идеясы. Бұл да- өте терең,ғажап идея.Халқының болашағын ойлап,ел аласы,ру таласы болмайтын жер іздеуі баяндалады.Елбасы Жолдауында ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын Асан қайғы армандаған «Жерұйық» идеясының жалғасы деп қарастыруымызға болады. Сөйтіп, Қазақстан халқының, дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлттық идеясы анықталды. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. Елбасы:«Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады», деді. Сонымен бірге Қазақстанды Мәңгілік елге айналдырудың жолдары,түрлі иірімдері мен тетіктері,кезеңдері нақтыланып көрсетілді. «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы», – деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып,орын алатын тәуелсіз мемлекет құру еді.Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтүні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болуы еді.Осы армандар ақиқатқа айнала бастады.Мәңгілік елдің іргетасы қаланды.Ендігі жердегі Қазақстан дамуының мақсатының бастысы – ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.Бұл – аса биік,астамшыл мақсат.Бірақ оны ендігі жерде ешкім қиял деп айта алмас,себебі біз аз уақыт ішінде талай жоспарларды шындыққа айналдырдық.Күні кеше, бұдан 24 жыл бұрын бізде ұлттың экономикасы да,қазіргідей қалыпты мемлекет те,заңдастырылған шекара да болмаған еді.Қазір бұлардың бәрі бар.Қазақстанда қазір көшбасшы ұлттармен тең дәрежеде өмір сүріп отыр.Біз өзімізді оларға мойындаттық.Ендігі олар бізбен санасатын болды.Дана халқымыз: «Қиындыққа мойыма,ұмтыл-дағы іспен жең.Мақсатсыз жан өмірде қанаты жоқ құспен тең»деген.Тілекжан Хасенұлының айтуынша,дамыған елдерге тән ерекшелік – халқының, азаматтарының рухы ояу,асқақ болады.Олар өздерін ешкімнен кем санамайды.Олар басқаны сыйлайды,басқалармен санасады,басқалардан үйренеді,сонымен бірге өзіне де сенеді,өзін де мақтан тұтады.Дамыған елдің адамы – нағыз патриот: өз елін,өз жерін,Отанын сүйеді,өз тілін,дәстүрін,әдебиетін,тарихын біледі,қадір тұтады.Елбасымыз қазақстандық патриотизм туралы,әрбір азаматтың патриоттық сезімін ояту,қалыптастыру туралы тектен-тек айтып жүрген жоқ.Патриотизм біздер үшін – қуатты күш,қосымша инвентиция.Оның негізінде рух,намыс жатыр. Қазіргі ел аузындағы  мәңгілік ел, Нұрлы жол деген тіркестер бейнелі түрде кездейсоқ айтылған емес.Бұл-қазақтардың ғана емес,бүкіл қазақстандықтардың таяу жылдардағы бетке ұстар идеясы,өмірлік нысанасы.Мәңгілік ел – мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық идея.Мәңгілік ел – Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан философиялық идея.Көреген хандарымыз бен дана билеріміз,кешегі өткен Алаш арыстары қазақ елін қайырымды қоғамға,Жерұйыққа,Мәңгілік елге айналдыруды арман еткен,сол үшін күрескен,қан төккен,еңбек еткен.Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан,яғни үш негізден тұрады: біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі,екіншісі – әл – Фарабидің философиялық шығармаларында,әсіресе, «Қайырымды қалада», үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны.Бұлардың бәрі бір- бірімен тығыз байланысты,бір заманнның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып,кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік,яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады. Мен пікірімді жүрекжарды жырыммен былай түйіндегім келеді.

 

Мәңгілік Отаным бар бақыттымын,

Бабалар арман еткен шаттық күнін.

Өткенін бағаласын жас ұрпағым,

Қуанышпен қарсы алсын әрбір таңын.

Мақтан тұтар «Мәңгілік еліміз» бар,

Әлем білген кең байтақ жеріміз бар.

Батырларым білегімен қорғап өткен,

Тұлпарлардың тұяғының іздері бар.

Талай тұлға тарихтың толқынында,

Бәрінің теңдік еді арманыда.

Ата – баба рухымен бізге жеткен,

Бостандықтың баға жетпес құны осында!

Туған елдің көк туы Тәуелсіздік,

Желбірейді, әрқашан тұрып биік.

Тәуелсіз елде туған өрендерім,

Өр намысты, білімді, рухы биік

«Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда,

Болашағы айқын болар сара жолда.

Тәуелсіздік қасиетті тұмарымдай,

«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда.

«Қазақстан – 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық,қадірлі халқым! (Нұрсұлтан Назарбаев)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *