“Жайна жасыл шыршамыз”


Шыңғысбай Балжан Сағатбекқызы

МКҚК «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі

Аяз ата мен ақшақар жасыл шыршаны безендіріп жатады.

Аяз ата: Қызым тезірек безендірейік қазір мұнда мерекені тойлауға балалар келеді.Мына сиқырлы таяқшаны сен ұстай тұр мен мына жерін жөндеп жіберейін .

Ақшақар: Жарайды ата. (таяқшаны шыршаның түбіне қойып сыйлықтар әкелуге асығып шығып кетеді)

Мыстан кемпір келеді.

Мыстан : Мен мына шыршаны болдырмаймын ха-ха-ха Аяз атаның таяғын ұрлап кеттім.Енді мұнда Аяз ата мен Ақшақар келе алмайтын болады.Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. /Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.Е қойш жарайды мына таяқшаны алсамда жеткілікті.

Поездің дауысы шығады.

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар №9 «Жұлдыздар» поезді бірінші жолдан жүргелі тұр.Сақ болыңыздар. (орысшасы айтылады)

Поезд дауысымен қуыршақтар ортаға келеді.

Жүргізуші. Стоп . Первая остановка «Куклы»  аплодисменты.

«Қуыршақтар» биі.

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар №9 «Жұлдыздар» поезді бірінші жолдан жүргелі тұр.Сақ болыңыздар. (орысшасы айтылады)

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар №9 «Жұлдыздар» поезді екінші жолға келіп тоқтайды. Сақ болыңыздар. (орысшасы айтылады)

Жүргізуші. Стоп . Вторая остановка «Маленкие санта клаусы»  аплодисменты.

«Санталар» биі.

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар №9 «Жұлдыздар» поезді екінші жолдан жүргелі тұр.Сақ болыңыздар.

Ақшақар келіп таяқшаны іздейді.Таба алмай мұңайып шығып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар №9 «Жұлдыздар» поезді бірінші жолға келіп тоқтайды. Сақ болыңыздар.

Жүргізуші. Стоп . Третье остановка «Снежинки»  аплодисменты.

«Ұлпақарлар» биі.

Жүргізуші: Стоп . Четвертое остановка «Новый год»  аплодисменты.

Песня «Новый год».

Жүргізуші: Жарайсыңдар менің кішкентай жолаушыларым.Біз неше аялдамадан  өттік?

Балалар: Төртеу

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар.Біз бесінші аялдамаға барып тоқтауымыз қажет.Өйткені Аяз ата мен Ақшақар көптеген сыйлықтарымен сендерді сол жақта күтіп отыр.

Поездің дауысы шығады .шыршаны бір айналып келеді.

Жүргізуші: Стоп последняя остановка . Желаю всем хорошего настроение.

Балалар алақайлап қуанады.

Жүргізуші: Қош  келдіңіз  бүгінгі  Жаңа  Жыл  кешімізге

Жаңа табыс  тілейік  ісімізге

Келе  жатқан  Жаңа жыл  құт  әкелсін.

Мына отырған барша жан бәрімізге- демекші Құрметті ата- аналар сіздерді келе жатқан 2018 – Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге саулық тілей отырып, «Жайна жасыл шыршамыз»  атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Асылмұрат: Сәлем достар аман ба?,Шырша құрып алаңға
Жылға шашу шашайық,Тойлап көңіл ашайық.
Мәриям:Ал халайық тұрмайық,Әндетейік жырлайық
Думандатып би билеп,Інжу маржан шашайық

Жүргізуші: Жарайсыңдар . –Балалар біз Жаңа жыл мерекесін қай жыл мезгілінде тойлаймыз? Күн қандай болады? Не жауады? Қардан не жасаймыз?

Ендеше «Аққала» әнін орындап жіберейік.

Мыстан : Қатырамын, сиқырлаймын, бастарыңа желді ұшырамын.
Тұрасыңдар, қозғалмайсыңдар! Күлуді де қоясыңдар!
Ойнауды да, ән айтуды да, билеуді де ұмытасыңдар!
Чуфра-муфра, карабас! –деп қыздарды ұрлап шығып кетеді.

Жүргізуші: Сен не істедің мыстан? Бұл балалар мерекені тойлап жатыр еді.

Әндетіп түлкі келеді.
Түлкі: Орманда жүремін.  Алдауды білемін.

Айламды асырып. Күнімді көремін.

Мен сұлу түлкімін.Жай өтпес бір күнім.

Ішінде жүремін. Айғай шу күлкінің.

Ұят аз бетімде. Ұрлық бар ниетімде.

Бар ойым  м-м-м-Тауықтың етінде Ой мұнда не болған Мен мына мерекеден тауықты ұрлаймын ба деп келе жатсам бәрі неге үндемейді.Оййййй-қатып қалған ба?

Жүргізуші:(мұңайып) мыстан бәрін қатырып тастады.

Түлкі : Мен оларды оятуды білемін.

Балалар оянбайды.

Жүргізуші: Олай болса ата-аналары ән айтса оянатын болар.

Ата-аналармен ән «В лесу родилось елочка».

Балалар оянып мәз болады.

Түлкі: Мерекенің сәні Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата ,Ақшақар, Аяз ата ,Ақшақар, Аяз ата ,Ақшақар.

Әсем әуенмен аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Құтты болсын балалар,Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,Еркелеп қыз-ұлдарым,

Өткен жылы келіп ем,Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,Уәдемді беріп ем.

Ойларың мен бойларыңда,Бірдей өсіп қалдыңдарма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы?Мені тани алдыңдарма?

Балалар:    Аяз атасың.

Аяз ата: Ақшақар сен неге көңілсізсің?

Ақшақар: Аяз ата сіз маған ренжімеңізші мен сіздің таяғыңызды жоғалтып алдым.

Түлкі: Мен білемін. Ол әлгі сиқырлы таяқты Мыстан ұрлап кетті. Мен қазір барып алап келемін.

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар түлкі сиқырлы таяқты алып келгенше біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар.

1.Асхат: Жаңа жыл, жаңа жыл,Тамаша тойымыз
Алақай, алақай,Өседі бойымыз.

2.Нұрислам: Сақалы аппақ күмістей,Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны,Сағындым аяз атаны

3.Латиф: Оралдың өлкеме,Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге, асқар тау қарлы шың.

4.Абылай:  Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,Аяз ата оранып.

5.А Ислам: Жаңадан тақпақ, Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді ,жаңа жыл аппақ.

6.Мәди: Әдемілеп тізілген, Ойыншықтар ілінген.

Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз.

7.Абдурахман: Ақшақарға малынып,Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына,Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді,Балаларды сағынып

8.М Ислам: Ақ сақалды,таяқты,Қалың қырау қабақты

Аяз ата аямай,Бізге сыйлық таратты

9.Балтабек: Той мереке салтанат,Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл,Тартуларын арқалап.

10.Расулла: Бізбен бірге жайдары,Жарқырайды жайнайды
Айналамыз шыршаны,Айналамыз баршаны

11.Жанболат: Ақ қырауға малынып,Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынып,Сәлем берді жұртына

12.Азамат: Жасыл шырша орманнан,Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар,Шыршаға әсем іліпті

13.Ерасыл: Аспан жерге төгеді,Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді,Бізге қарай жылыстап

Көрсін біздей балғынды,Шырқатайық ән-жырды

 

Жүргізуші:          Кел, балалар, тұрмайық,

Ойнап, билеп берейік.

Аяз Ата қуансын,

Биде билеп берейік.-қыздарымыздың үнді биін тамашалап көңіл көтеріңіздер.

Үнді биі.

Түлкі мен мыстан сиқырлы таяқты тартқылып ортаға қайта кіреді.

Ойын ойнатылады «Байпақ» балалармен.

Аяз ата сиқырлы таяғын алып Мыстанды қатырып тастайды.

Жүргізуші: Балалар ендеше шырша шамын жағайық,

Әсем әнге салайық.

Хормен: Қуант бізді таңырқат,Шамдарыңды жарқырат. 3-рет айтады.

Ән «Шырша жыры».

Жүргізуші:    Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,

Құт –береке боп  келгейсің  еліме!

Үміт  артып  армандарға  аяулы,

Шаттығыңа  бөлегейсің  мені де.-деп балаларымыздың тақпақтарына назар аударайық.

Ануза: Жаңа жылды қарсы алдым,Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым,Араластым биге де.

Мереке: Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз,Көптен күтіп сағынған

Ұлжан:  Ақ қар жапты даланы,Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,Шырша келді ортаға.

Жаңылсын: Жаңа жылды біз тойлап,Шаттанамыз бәріміз

Өлең де әзір,ән де әзір,Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге,Кел жаңа жыл,жаңа жыл.

Айзере: Тамаша, тамаша,Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы,Көз тоймайды қараса

 

Нұрай: Жүзімізде күлкі ойнап,Шаттанады жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап,Шаттанамыз бәріміз

Аружан: Тақпақ өлең жаттадық,Би үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып,Бізге риза болсын деп

Сәбина: Келді,келді жаңа жыл,Қуанып қарсы ала біл

Аяз ата сыйлығын,Алайық айтып,жаңа жыр

Бекзада: Тауда туып, тауда өскен,Шырша келді ортаға

Аяз ата, ақшақарды,Шақырайық ортаға

Айару: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,Құттықтаймыз әрине

Папамызды, мамамызды,Қонақтардың бәрін де

Раяна: Біздің балабақшада,Шырша тойы болады

Аяз ата,ақшақар,Біздермен мәз болады

Жәния: Дала нұр,қала нұр,Құтты болсын жаңа жыл

Кел жаңа жыл біздерге,Кел жаңа жыл,жаңа жыл

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық.

Иесіне ән-бидің тамсанайық

Қуаныш пен береке алып келген

Құрметті жаңа жылды карсы алайық.

Тауық пен Ит жылы бірге кіреді. Тақпақтарын айтады.

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,
Ескі жылдай ата бар.
Оны ортаға алып біз,
Қоштаса билеп қалайық

Флешмоб биі.

Жүргізуші: Берекелі өткен жыл,Тарихқа терең кеткен жыл.

Мың алғыс сізге айтамыз,Тауық сізді құрметпен.

Шығарып жолға саламыз.

Ал балалар ендеше өткен жыл тауық  жылымен қоштасайық.

Қош сау болыңыз.

Аяз ата сыйлықтарын беріп қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші:       Кәне менде сендермен

Тұрайыншы шеңберге

Көңілді әнді бастайық

Жаңа жыл әнін айтайық

Ән : «Жаңа жыл».

Жүргізуші:Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын.

Біз тілейміз Ақша қардың пәктігін.

Аралаймыз ақ ормандай ойларды.

Аялаймыз ару қыстың ақ күнін деп.

Құрметті Ата-аналар осымен  «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Қош сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *