Жаңа жылдық ертегі!


Таукенова Галя Тлеповна
№5 «Сауле» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау,жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету,шығармашылық қабілеттерін дамыту,достық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Қатысушылар: ертегі кейіпкерлері: Қар ханшайымы,Фея, Кай,Герда,Цыган қызы Рада,Аяз-ата,Ақшақар,ескі жыл,жаңа жыл.

Керекті құралдар: ойынға керекті құралдар, пеш,жұлдыз

Музыка ойналып, екі бала залға кіреді.

Нұркен: Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Інжу:     Ертегі әлемі Қандай өзі әдемі,

Жасыл шырша жанында,

Барлық достар жиналды.

Кәне балақай, байқашы,

Мән беріп қарашы!

Достардың барлығы,

Үлгерді ме, санашы.

Қалған балалар залға кіріп, шеңберге тұрып билейді. (балалар орындарына жайғасады ).

Жүргізуші: Құрметті балабақша ұжымы,ата-аналар,балалар, сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.Барлығыңыздың отбасыларыңа қуаныш,татулық тілеймін. Сіздерді № 12 МАД  тобының бүлдіршіндерінің  «Жаңа жылдық ертегі»  атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамын.

Кезекті тақпақтарға берейік.

Нұрсалим: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді!

Ақтарау: Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау,танымас тірі жанды,

Үсті –басы ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Жәния:      Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, жаңа жыл!

 

Ән: «Қош келдің Жаңа жыл! » (Балалар отырады)

Музыка ойналып залға Фея кіреді.

Фея: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар.

Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа Жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Фея балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді). Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып ортаға келіп тұрады.

Герда: Кай, Қар Ханшайымы балалардың мерекесіне келеді ме?

Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі) Кай мен Герданың қасына бір бала келеді.

Жәния: Ал, балалар, құр тұрмайық,

Кай мен Герданы шақырайық.

Ән салайық, қол соғайық,

Жаңа жылды қарсы алайық!

Залға Қар Ханшайымы кіреді. – Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді) Артынан  Герда :жүгіріп: Кай, Кай тоқта!

Шыршаның алдына келіп: – Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отырып жылайды)

Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді)

Фея: Шоқ Жұлдыз, қайдасың?! Шоқ жұлдыз: Мен мұндамын, қандай тапсырма бересіз?

Фея: Түсе ғой бері. Мына Гердаға жол көрсетіп жібер. (Жұлдызды алып Гердаға береді)

Герда: Кай, мен сені іздеп табамын! (Герданы сыған биіне киіндіру) Залға Қар Ханшайымы кіреді.

Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін.

Бегарыс: Сенің даусың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз.

Қар Ханшайымы:

Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар,шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар «қатып» қалады.

Фея: Ой, сұмдық. Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар. (Аналар балалардың атын атап, тірілтеді). Балалар бастарын көтеріп отырады.

Фея: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады.

Қар Ханшайымы: Ха- ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды.

Фея: Бізді қорқытпа, Жаңа Жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің.

Қар Ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Әй, сыған қызы Рада. Кел маған бал ашып бер. (Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады)

Би: «Сығанша» (Бидің ортасында Рада кіреді, билейді.

Сыған қызы Рада: Балалардың қолдарын кезек-кезек алып. Ой сен үлкен ғалым боласың. Ал сен ғарышкер болады екенсің, т.с.с

Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы, а-а?

Қар Ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа Жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер.

Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды.

Қар Ханшайымы: Сен не кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады)

Қар Ханшайымы (ойланып): Аяз Атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін. (Кетеді) Герда :залға кіреді.

Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым.

Герда: Мен әлі Кайды іздеп жүрмін.

Фея: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Ақшақар, Ақшақар!

Ақшақар: Міне, мен де келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың?

Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де қайта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші.

Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. Кәне тығылайық (Шыршаның артына тығылады)

Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді.

(ҚХ таққа отырады. Кай оның аяқ жағына отырады.)

Кай: Жан – жағымыз тып – тыныш. Көңілсіз бәрі. (Мұз пішіндермен ойнап отырады)

Қар Ханшайымы: Шудан көрі тыныштық жақсы ғой.

Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа Жыл ғой!

Қар Ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де.

Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын.

Қар Ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсымай қойшы! (Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады)

Герда: Кай! Сен мені таныдың ба? Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап менің мазамды алмышы.

Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?!

Қар Ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды.

Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) Ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап) Мен сені таптым, Кай!

Кай: Сәлеметсің бе, Герда!( Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады)

Фея: (шыршаның артынан Шығып): Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік.

Қар Ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха –ха –ха!

Фея: алалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата! АязАта: Келе жатырмын. (Есіктің артынан айқайлап ) Келе жатырмын! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар! – Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл күйлерің жоқ қой?

Ақшақар: Қар Ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңды алып, оны пешке ерітіп жіберші.

Аяз Ата: Бір, екі, үш, Бері кел пеш! Бір, екі, үш, Қар Ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде)

ҚХ : айналып, айналып, пешке барып құлайды.

Қар Ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын!

Аяз Ата: пешті итеріп, шығарып жібереді)

Аяз Ата: Міне, Қар Ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық!

Барлығы:

Қуант, бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу)

Ән: «Шырша жыры»

Аяз Ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме? Ойын «Кім жылдам»

Жүргізуші : АязАта, балалар сізге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік.

Бек:  Бар баланың қонағы,

Төрлет Ата жоғары.

Жұрттың бәрі атадай,

Қашан мырза болады.

Көрдің бе Аяз атаны.

Арнат: Аппақ күміс бар әлем

Зымыраймыз шанамен

Тоғайлар тон киеді

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала

Тұрғызамыз аққала.

Темірлан:Қалыңдасын қары бұл

Келсін аяз мықты ма

Қарсы аламын бәрі бір

Сағыныппыз қысты да.

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым.

Фея: Аяз ата, сізге арнаған әніміз бар, соны тамашалайық,

Ән: «Аяз Ата» (Таяғы бар…)

Фея: Балалар енді мені сіздер сияқты балалар күтуде,ендеше хош

Сау болыңдар!

Жүргізуші: ортаға бізбен бірге болған ескі жылымызды шақырайық.

Бәрі: Хош келдің тауық жылы.Мен сендерге молшылық ,бақыт әкелдім,енді жаңа ит жылын қарсы алыңдар.

Жүргізуші:Тауық жылы біздің жаңа жылымыз келгенше бізбен

бірге болыңыз.

Би: Гномдар.

Тақпақтар ағылшын тілінде: Інжу,Сұлтанбек,Жәния,Бегарыс.

Ән. «Джингл белс»

Жүргізуші: Келе жатқан  жаңа ит жылын шақырайық

Ит жылы:  Сіздерге осы жылы тек жақсылықтар ала келдім,бар-

лықтарыңыздың отбастарыңызға денсаулық,береке,ынтымақ тілеймін.

Тауық жылы: Келесі айналып көріскенше хош, сау болыңыздар!

Ақшақар: Мен өзімнің кішкентай ұлпақарларымды көріп тұрмын

Би: Ұлпақарлар.

Тақпақтар:

Мадина: Жапалақ қар себелеп.

Аспан астын қаптаған

Секілді көп көбелек

Қонарға жер таппаған.

Бегарыс.Ұшан-теңіз қалың қар

Жерді басып жабады

Шұнақ аяз жалаңдап

Екі санын соғады.

Айару: Лебі мұздай ызғарлы

Алып келді қыс қарды

Қысқы түндер ұзарды

Ұзақ түндер қысқарды.

Ойын: «Екі кәмпит»

Би: «Танго»

Ән: «Сами саночки бегут»

Жүргізуші: Балабақшамыздың директоры Г.А.Шакеноваға сөз береміз.

Жүргізуші: Аяз-ата біздің балаларымызға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз-ата: Әрине, балаларым. ( сыйлықтар үлестіреді ),Хош сау болыңдар.

Жүргізуші: Осымен «Жаңа жылдық ертегі» атты ертеңгілігімізді

аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *