«Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптың тақырыбы: Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары»


Кызыр Айгул
Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Беловодское орта мектебінің педагог-психологы, өзін-өзі тану мұғалімі

Мақсаты: Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге  бағыт беру.

Міндеттері: Мұғалімнің рухани-адамгершілік дағдарыс бүгінгі жаһандық мәселе болып отырғанын түсіну. Мұғалімдердің гуманистік педагог болуына ықпал ету

1.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену», топқа бөлу

Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! Бүгінгі «Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары» атты шеберлік сыныпқа қош келдіңіздер.

1.Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.Дағдарыс бүгінгі күні әлеуметтік- экономикалық және экологиялық ауқымда ғана емес, ол жеке тұлғаларда  өмірдің мәнін жоғалтуларында, нашақорлық, өз- өзіне қол жұмсау түрінде етек алуда. Бірталай білім қорын игере, адам рухани байлық, мейірімділік пен зұлымдық, сүйіспеншілік пен жанашырлық туралы ойланбайынша бақытты бола алмайды. Дағдарыс түрлеріне тоқтала кетсек, ол:

-жеке дара дағдарыс:   интеллектуалды (көп ақпарат), эмоционалды (стресс, дипрес.), физикалық (денсаулық);

-қоғамдық дағдарыс:  экономикалық, саяси, мәдени, отбасылық(толық емес отбасылар), білім беру (шамадан тыс жүктеме);

-экологиялық дағдарыс: климатты, ресурсты, табиғи. Бүгінгі өмірдеадамның жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасалынған

2.Адамзаттың жалпы ғаламдықбірлігі.Планеталық, жалпыәлемдік сипатта және әлемнің барлық халықтарының мүддесін қарастырады.

-барлық адамзаттың жойылып кетуін ескертеді.

-уақыт күттірмейтін және тиімді шешім қабылдауды қажет етеді.

Осы мәселелерді шешу үшін барлық мемлекеттердің ұжымдық күш салып, халықтардың бірлесіп әрекет етуін талап етеді.  Үшінші мәселені шешу арқылы алдыңғы екі мәселені бірден жоюға болады. Себебі, рухани және адамгершілік тұрғыда дамыған адам ешқашан өзге адамдарға да, табиғатқа да қиянат жасамайды. Мәдениетті адам айналаны ластамайды. Бұл мәселе үшінші болғанымен алдыңғыларына қарағанда аса қиын мәселе. Оның шешімі рухани-адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеуге байланысты. Руханилық – адам жанының ізгілігі. Оның негізінде адам мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау арқылы жүзеге асырылады. Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Руханилыққа апаратын жолдың бірі – білім алу және сол білімді пайдаға асыру. Руханилыққа жеткізер екінші сатыда – адам алған білімінің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын өзгертуге әрекет жасайды. Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі адамзатты одан әрі біріктіре түсу еді. Ортақ проблемалардың орын алуы ең алдымен рухтың тазалығын талап етеді. Әлемді шарпыған рухани дағдарыс бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Рухани-адамгершілік дағдарыс бүгін жаһандық мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ол бір мемлекет деңгейінде емес, бүкіл әлемді шарпып отырған құбылыс.

3.Адамзаттың ғаламдық проблемаларының рухани – адамгершілік сипаты (Рим клубының тұжырымдамасы).

Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін түсініп, оны шешу жолдарын қарастыруда 1968 ж. құрылған «Рим клубы» маңызды рөл атқарды, негізін қалаушы Аурелио Печчеи: «Егер де біз техникалық революция құрып, адамзаттың  өзіне лайық болашағына бағыт бергіміз келсе, ең алдымен адамның өзін өзгерту туралы ойлауымыз қажет».

А. Печчеи ең алдымен тұлғаның және қоғамның әлеуметтік қағидаларының өзгерістерін нұсқай отырып, адамзаттың материалдық құндылығын рухани құндылықтарға айырбастауды меңзейді.

«Сыртқы дүниенің көптігі сонша бірақ жүректе ешнәрсе жоқ…»

О.Гадецкий

Бейнебаян «Табиғатты аялайық» көрсету.

Үш  дағдарысты  ойлап,  адамның  санасын  өзгерту  керек. Шегі бар ресурсты шексіз пайдалану мәселесі қарастырылады. Гуманистік тәрбие беру арқылы адамның санасын өзгертуге болады, оған: жаһандық мәселе, әділдікке деген сүйіспеншілік, қиянат жасамау кіреді. Барлық дағдарыстардың бір ғана себебі бар-ол рухани- адамгершілік азғындық. Одан шығу жолы адамның санасын тазарту.

Айналамызды, қоршаған ортаны, елімізді, жақын туысқандарымызды, бауырларымызды, достарымызды нұрға бөлейік!

Қорытынды:

Жақсы болыңыздар

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар

Жақсы нәрсе айтыңыздар

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар

Жақсы нәрсе көріңіздер

Жақсы нәрсе жасаңыздар

Бақытқа жеткізер жол-осы!

Топпен ән айту: Туған жер

Сау болыңыздар!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *