ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Жолдасбаева Жанат Сұлтангелдіқызы

ОҚО Кентау қаласы, Кентау көпсалалы колледжінің әдіскері

XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарында толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.Сондықтан әрбір оқушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогигалық технологиялардың мәні зор.  “Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің  мәнін  анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда “технология” және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестерде технологияның мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.           Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, “білім беру технологиясы”  деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз — технологияның осы түрі.      “Технология” ұғымы “Tehne”- өнер, шеберлік ,“logos” – ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады.                         “Технология”–бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы./Педагогикалық сөздік/          “Технология”–өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. /Шетел сөздігі/    “Технология”–оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /В.М.Монахов/ Сондықтан, “технология”  терминін қазақ тіліне “ өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым ”   деп аударуға болады. Педагогикалық технологиялар түрлері:    Ынтымақтастық технология   Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.Амоношвили) Модульдық оқыту технологиясы  Проблемалы-модульды оқыту технологиясы  Ойындар технологиясы  Проблемалап оқыту Тиімді сабақтар негізі жүйесіндегі педагогикалық технология (А.Окунев)  Ұжымдық оқыту әдісі (А.Ривин,В.Дьяченко)    В.Шаталов технологиясы Ғалымдық ақпараттар ауқымындағы білім беру технологиясы Сыныпішілік саралап оқыту (Н.Гузик)   Бастауыш мектептерінде жалпы оқыту біліктілігін жетілдіру технологиясы (В.Зайцев)

Есептерді шығару негізінде математиканы оқыту технологиясы,т.б Сырттай қарағанда, технологияның әдістемесі мен оқыту үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында  карама-кайшылық жоқ. Себебі, “оқытудың әдістемесі” ұғымы “білім беру технологиясы” ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?»,«Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.  Олай болса, технология әдістемелік процестің құрамына еніп, әдістемені жүзеге асыруға қызмет етеді деген қорытынды жасауға болады.
Ғылыми–педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технологияның мәнін ғалымдар түрліше анықтайды. Атап айтқанда:
В.А.Беспальконың пікірінше, педагогикалық технология — алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы;
В.М.Монаховтың айтуынша,  педагогикалық технология — оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөлігі ретінде сипатталады.
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар. Осы негізді арқау ретінде алып, педагогикалық технологияның мәнін М.М.Жанпейісованың пікірінше былай сипаттауға болады: “Педагогикалық технологиялар — бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдама мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды»-дейді.
Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып бөлінеді.
Инновация (латын сөзі in-в, novis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша “оқытуды ізгілендіру” қажет. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар  талапты канағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.
Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп.Оның бірсыпырасы алда шешімін табар деп үміттенеміз.Дана бабамыз Ж.Баласағұн: «Елдің өзегі – білік,кілті – тіл, қадір қасиеті – кісілік» деген екен.
Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе – оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік  және интерактивті әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.
Сонымен қорыта келе, педагогикалық технология нәтижелері мынадай :
1.Түрлі  әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2.Оқушылардың барлығын сабаққа бірдей  қатыстыру  мүмкіндігі;
3.Олардың  әрқайсының деңгейін анықтау мүмкіндігінің  болуы;
4.Оқушылардың көбін бағалау  мүмкіндігі;
5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі;.
6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артуы;
7.Оқушының  жеке тұлғалық сипатын дамытуы, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген  кәсіби сенімін қалыптастыруы.
Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Педагогикалық технология әдістерінің  басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденіспен  жүргізуге болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру – міндет”. // Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005 ж.
Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж.
Әмір Шарапат. “Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары” // Қазақстан мектебі. № 6. 2001 ж.
Көшімбетова С. “Оқыту тиімділігі – озық технологияларда”. // Қазақстан мектебі. № 7. 2005 ж.
Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. / Егемен Қазақстан. 2 -наурыз, 2006 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *