Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат


 Казангапова  Жанаргул Сабыркуловна
 воспитатель Специальный детский сад № 1  для детей с нарушением зрения, г.Актау

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұтқасы  бізге аманат»

Сабақтың мақсаты: Балалардың жан-жақты ой-өрісінің  кең болуына, өз

елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын  біле отырып, отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс: Түсіндіру, баяндау

Көрнекілігі: фотосуреттер, әдебиеттер, DVD

Сабақтың барысы:

Гимн: балалар қолдарын кеудесіне қойып айтады.

 

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

–    Қыс мезгілінде неше ай бар

–    Қыс мезгілінің қай айы?

–    Біз нешінші айда отырмыз?

–    Бүгін аптаның қай күні, қалай аталады?

·        Балалар есімізге түсірейікші желтоқсанның 1 жұлдызында қандай мерекені тойладық?

·         Балалар! Біз қай Республикада өмір сүреміз?

·        Біздің отанымыз қалай аталады?

·        Біздің еліміз қандай?

·        балалар, айтыңдарш, отан дегеніміз не?

·        Ия, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, сенің жерің және қалқың. Біздің Отанымыз Қазақстан.

·        Қане кім Отан туралы өлең, тақпақтар біледі?

 

Отан  – жерім, Отан –суым

Отан қуат нәр береді.

Отан –ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Отан сенің ата-анаң

Отан досың, бауырың

Отан өлке, астанаң

Отан аудан, ауылың.

Бұрын Қазақстан Кеңестер Одағының құрамында болған. Одақ 1991 жылы тарады. Қазақстан өз бетінше тәуелсіз, егеменді мемлекет болды. Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді емес, ешкімге бағынбайды . ішкі, сыртқы мәселелерді өзі шешетін мемлекетті тәуелсіз мемлекет дейміз. Қазақстанның өз елтаңбасы, туы, гимні бар.

– балалар туу, елтаңба туралы кім тақпақ біледі?

Балалар, тәуелсіздіктің белгісін кім айтады?

(алтын адам мен барыс).

Көз жаттығу:

Қане бәріміз тұрайық,

Көзімізді жұмайық.

Жайлап көзді ашып тұрып,

Бірге оңға қарайық.

Сосын солға қарайық,

Қайта көзді жұмайық.

Көзді ашып демалып,

Жоғары, төмен қарайық.

Көзімізді қайта жұмып,

Бәріміз бірге ашайық.

Ал енді экранға назар аударайық.

– Осы тәуелсіздік жолында 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақтың санасын дүр сілкіндірген желтоқсан ызғары  жылдар бойы арман   мен тәуелсіздік  елімізге оңай келген жоқ, осы жолда талай боздақтар жанын қиды.Өз ана тілін, ұлтын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытамын деген қазақтарға орыстың саясаты мүмкіндік бермеді. Сол үшін тәуелсіздіктің  туын аңсаған қазақтың ұлтшыл ұлдары мен қыздары 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы алаңға бейбіт шеруге шықты. Сол кездегі апаларымыз бен ағаларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл қыздарының арқасында келді. олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

– Кім “тәуелсіз ел” туралы тақпақ біледі?

·        Тәулсіздік?  Бұл-бақыт

Сарқылмайтын шаттық қой

Мейірімі мен тербеген

Тәуелсіздік – жарық күн.

Қазақстан Республикасының картасын көрсету

·        Балалар картадан біздің республикамыздың жер көлемі үлкен екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері бүгінде тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни, егеменді мемлекет. Жоғарыда айтып өткендей еліміздің бас қаласы – Астана. Картамызға назар аударайық. Елордамыз Астана жеріміздің қай жерінде орналасқан? Міне ортасында орналасқан.

Ойын:

Енді балалар мен сіздермен азғантай ойын ойнағым келіп отыр. Ойынның аты «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп аталады. Яғни, жақсы сөз айтсақ, бір бірімізге жақсы тілек білдірсек біз өсеміз, өркейеміз. Үлкен жетістікке жетеміз. Жақсы сөз жақсылық шақырады, олай болса балалар туған өлкеміз өсе берсін, өне берсін деген тілекпен жүрегімізден шыққан жақсы тілектерімізді тілеп, мына жүрекшелерді картамызға жапсырайық.

Мысалы:

·        Мен туған жерімді жақсы көремін!

·        Өркендеп өсе бер туған жерім!

·        Жарқырап жайнай бер Қазақстаным!

·        Мен еліммен мақтанамын!

Қорытынды:

1. Бүгінгі сабағымыздан біздер не түсіндік, кімдерді таныдық? Желтоқсан мерекесі, 16 желтоқсан үлкен мереке екенін түсіндік.

2. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

4. Біздің елордамыз қай қала?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *