Ертеңгілік «Төрле, төрле, Жаңа жыл!»


Рахметова Арайлым Серикхановна
учитель начальных классов КГУ «Топарская общеобразовательная школа села Кулаайгыр

Абайского района Карагандинской области»

І жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар,ата-аналар, оқушылар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит  жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге) Нұрдаулет! Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, Арайлым.Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директорының міндетін атқарушы Дюсенова Айткул Ариповнаға береміз.

ІІ жүргізуші:

Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші:  Өздерінің құттықтау әнімен ортаға әнші қыздарыңыз  келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ қыздар әнді айтпайды.

Қыздар: О, ағайын! Біз ән сала алмаймыз. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, біз ән айта алмаймыз.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды – деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

І жүргізуші: Балалар, Аяз ата келмей жатыр.Бәріміз қосылып аяз атаға арнап, «Аппақ-аппақ» әнін айтып жіберсек қалай қарайсыңдар

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата:

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын жапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймыз деп, әншілеріміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші қыздар, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Қыздар ән салады.3 сынып Ән айтылып болған соң Аяз ата әншілерге тәтті береді.

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

«Қуыршақтар театрынан» көрініс
Қоян: – Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Аю: – Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Ортаңызға келіп тұрмын.
Қоян: – Ал, аю аға, бастайық,
Асықпайық, саспайық!
Аю: –  Ендеше, қоян, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Қоян: – Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: – Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей…
Қоян: – Я десейш-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш  пайдаланғалы қашан?!
Аю: – Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба… ха-ха (күледі).
Қоян: – Хи-хи (күледі).
Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:
–    1,2,3,
Сиқырлы күш,
Мына екеуін лезде,
Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.
Қоян: – Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой…

Аю: – Не, не, алжыған неме,
Жасыңа жетпей адасып,
Қалыпсың ғой шатасып.
Қоян: – Аю отыр еді партада
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «б» дейді,
«Р»-ға тілі келмейді.
–    Ой, ой, мен не деп кеттім..
Аю: – Жетер, енді, қоян,
Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды Аяз атаға тарту етеміз?
Қоян: – Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі шипалы.
Аю: – Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!
Қоян: – Жоқ, сәбіз!
Аю: – Жоқ, бал береміз!
Екеуі таласып төбелеседі. Сол кезде Ақшақар  келеді де екеуін сиқырлап тастайды.
Ақшақар: Ақшақар келді міне, жеріңізге,
Тыныш өмір тілейді еліңізге,
Шаттық пен нұрға бөлеп үйіңізді
Жайғастым  келіп міне, төріңізге.
– Ал, балалар,жаңа жыл құтты болсын! Маған дайындаған қандай сыйларыңыз бар?

Ақшақар: – Жаңа жылда мереке
Ойын күлкі асқақ ән.
Жаңа жылға жаңа кеп
Мерекені бастаған,
Қоян мен аюға не болған?
–    Шырша тойында ренжісіп төбелескендері несі? Жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алу керек.
Жылды қалай қарсы алсаң, сол жыл сондай көңілмен өтеді деген сөз бар емес пе? (балалар мыстан кемпірдің сиқырлағаны туралы айтады).
Мыстан кемпір:  – Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен-өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Болмайды тара десем де, бәрібір ешкім тыңдамайды. Әрі сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.
Ақшақар: – Ендеше қоян мен аюға неге тидіңіз?
Мыстан кемпір: – Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?
Балалар: – Ия.Солай.
Мыстан кемпір: – Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.
Ақшақар: – Балалар, бүгін ешкімнің ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?
Балалар: -Иә. Солай.
Ақшақар: – Балалар, мынау не? Смайликтер. Алдағы жаңа жылды қандай көңілмен қарсы алмақпыз? Ендеше, осы смайликтердің ішінен таңдап алайық! Бұл бірінші тапсырма.
Мыстан кемпір: Оо, мыналарың керемет екен, маған ұнады. Менің де осындай көңіл-күйде болғым келеді.
Ақшақар: – Мыстан кемпір, енді аю мен қоянды ретке келтіріп, ормандарына жіберсек  қалай болады?
Мыстан кемпір: – Ол үшін мына қоянның қолындағы «Сәбіз» сөзінен 4 сөз кім құрап береді? (сіз, біз, іс, із)
Мыстан кемпір: – Ал, енді, аюдың қолындағы «бал» сөзін пайдаланып ары қарай жалғастырып жаңа сөздер жасау керек. Қане, кімдер,тез-тез құраймыз. Мысалы: бала, балшық т.с.с (балапан, балақай, балақан, балтыр, балдыр, Балқаш, Балтық, балғын)
Мыстан кемпір : – Балалар, сендер, өз білімдеріңнің арқасында достарыңа көмек бердіңдер. Мен де сөзімде тұрып, мына екеуін сиқырдан босатайын:
1,2,3
Сиқырлы күш,
Екеуін қайтадан,
Қалпына келтір тез!
Қоян: – Алақай, алақай! Балалар, үлкен рахмет сендерге!

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға   ” Аяз ата ” биімен 2 «А»  сынып оқушыларын шақырайық,              қарсы алыңыздар!

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамсанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар, тәттілер қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Тәттілер беріледі.

ІІ жүргізуші:  О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Тауық  жылы шапқылап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!

Тауық: Аружан. 4 сынып

Қымбатты балалар, жаңа жылдың да дабылы қағылды. Ендеше менің де өздеріңмен қош айтысар уақытым жетті.

Ескі жылда есіркеп,

Жаңа жылың жарылқап

Елде болсын тыныштық,

Бейбіт күнің жарқырап!

Қоштасамын бүгін мен

Сіздерді қимас көңілмен

Тарихтың еніп қойнына

Айтамын жүрек сөзін мен

Келер ит жылына

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әманда

Уақытым бітті тұрмаймын

Қоштасып қол бұлғаймын

Қош, сау болыңдар!

Бәрі: Сау бол, Ескі жыл! Біз сізді ұмытпаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жылың ентелеп еніп тұр,

Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұр.

Ендеше Жаңа жылды құрметпен қарсы алайық.

Барлығы:  Кел, Жаңа жыл төріме,

Тыныштық әкел жеріме!

Ырыс-құт әкел еліме,

Кел, Жаңа жыл төріме!

(Дабыл қағылады, музыка әуенімен Жаңа жыл келеді)

Нұрымхан: Мен – Жаңа жылмын!

Ботакөз: Мен – Жаңа нұрмын!

Нұрымхан: Мен – Жаңа жырмын!

Бірге: Баршаңызбен біргеміз!

Ботакөз: Ендім бүгін төріме,

Жақсылық себем көңілге

Бейбітшілік пен ырыс-құт

Әкелдім биыл еліңе.

Нұрымхан: Халқым менің!

Жаңа жылмын мен,

Елді шарлап самғаймын

Бір күн қызық бір күннен

Бола берсін әрдайым!

Балалар, әсем шыршаларыңды жағуды ұмытып кетіпсіңдер ғой. Қане, барлығымыз бірігіп Шырша шамы жан,жан деп 3 рет айқайлайық. (шам жанады, барлығы қол соғады)

Ән: «Жасыл шырша шамдары»

Ботагөз: Ендеше балалар шыршаның құрметіне би билейік(екеуі би билету)

2-жүргізуші:

Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл!
Аяз ата: – Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

І жүргізуші:

Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде тақпақ айтатын балалар да бар еді. Солар сізге және Ақша қарға, Жаңа жылға арнаған жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыз?!

Аяз ата:

Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,

Ақындарын сыйлаған ел емес пе.

Өнеріне бір тамсанайық!

ІІ жүргізуші:Олай болса, ортаға биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларын шақырайық.

1-оқушы: Жаңа жыл келіп шыршаны

Ойыншықтармен безеді

Аяз ата, Ақшақар

Бар әлемді кезеді.

2-оқушы: Жаңа жыл Аяз атаны

Мектепке әкеп кіргізді.

Қоржын толы сыйлығымен

Қуантады біздерді.

3-оқушы: Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,

Бақыт болсын таусылмайтын әркімде.

Отан аман, заман тыныш, бейбіт күн,

Тыйылмасын сәби, бөбек күлкің де.

4-оқушы: Жақсының барлығын

Өзіңмен ала жүр.

Жаңа жыл жарлығын

Есіңе сала жүр.

5-оқушы: Үйге кіріп Жаңа жыл

Өлең айтты жаңа бір.

Қарсы алып Аяз атаны

Мәз болып бала жүр.

6-оқушы: Көңілде жұбаныш,

Тасысын береке.

Жаңа жыл – қуаныш,

Жаңа жыл – мереке.

7-оқушы: Атамызбен бірге ойнап,

Жаңа жылды бірге тойлап,

Би биледік, ән салдық,

Жаңа жылды қарсы алдық.

8-оқушы: Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

9-оқушы: Аяз ата, аман ба,

Аман болған әманда.

Қарша қызды сүйеміз,

Ізетпен бас иеміз.

10-оқушы: Көк шыршаны қар шалып

Күміс шапан жапты оған.

Жаңа жылды қарсы алып,

Кел шырқайық бастап ән.

11-оқушы: Жаңа жылды жылда күтіп жүреміз,

Ол келгенде жақсы тілек ойлаңдар.

Лүпіл қағар қуаныштан жүрегім,

Жаңа жылды бізбен бірге тойлаңдар.

12-оқушы: Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

13- оқушы:О, Жаңа жыл, құтты жыл,

Жаңа бақыт несібем.

Жаңа жылдың қып-қызыл

Қоштастық біз кешімен.

14-оқушы: Жаңа жылым, жаңа жауған қардай бол,

Жақсы тілек адамдарға арнай бер.

Қаут алып әр жыл сайын арманым

Биіктерден биктерге самғай бер.

15-оқушы: Борандатып, арқалатып,

Аяз ата келеді.

Ақ көңілмен, пәк көңілмен

Бізге сәлем береді.

16-оқушы: Аяз ата, аяз ата

Сені күтіп жүрдік біз.

Томпақ қапты арқалатып

Келеріңе сендік біз.

Ән: 1 сынып «                                   »

Би: 1 сынып «                                   »

ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабыттарың шарықтай берсін!

Ақша қар: Қандай керемет жыр жолдары!

І жүргізуші:   Құтты болсын Жаңа жыл!

Құтты болсын Жаңа жыр!

Ән тыңдайық, құр тұрмайық,

Би билейік, шаттанып.

Ортаға  өздерінің тамаша әндерімен 4 сынып оқушыларын шақырамыз

Ән: «                       »

ІІ жүргізуші:

Айта берсек таусылмас,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Кел одан да, халайық,

Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: Ақшақар «Кімнің даусы күшті ?» ойынын ойнатады.

 

Ойын: Ата – аналармен ойын «Тез жет» Допты аяқтарының арасына қыстырып алып белгілі межеге дейін жүгіріп барады.

І жүргізуші:

Енді ортаға « Жаңа жыл » әнімен 2 сынып оқушыларын шақырамыз.

Аяз ата: Мен де сендермен бір ойын ойнатайын. «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.(пимамен жарыстыру)

ІІ жүргізуші:

Ортаға тамаша әндерімен 3 сынып оқушылары да келіп тұр екен.Қарсы алыңыздар.

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!Сендерге әкелген сыйлықтарымды тарата кетейін.

Жаңа жыл – жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

Ән «Шырша тойы»

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,бақытты болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *