«Достығымыз жарасқан» гиперактивті балалармен жұмыс жасауға арналған коррекциялық сабақтың жоспары


Құмаш Әйгерім Жумагелдіқызы
ЖШС “Yu kids Island” “Zhuldiz-ardak” балабақшасының педагог-психологы

Сабақтың мақсаты: гиперактивті балаларға психологиялық көмек көрсету, зейіні мен қиялын дамыту, қозғалыс координациясын, эмоционалды-мәнерлі қозғалыстарды  қалыптастыру;

Міндеттері:

Білім беру: білім, білік, дағдыны  жетілдіру және дамыту, ережелерді ұстануды және өзгелердің жауаптарын тыңдап, толықтыруды үйрету; полилогтік және монологтік қарым-қатынасты жетілдіру.

Тәрбиелік: микротоппен жұмыс жасауға үйрету, жолдастық, бір-біріне   құрмет көрсету сезімін тәрбиелеу

Коррекциялық-дамытушы: толық, түсінікті, дәлелді жауап қатуды жетілдіру, балалардың когнитивті қабілеттерін дамыту ойындары арқылы  белсендендіру; жылдамдықты, эрудияцияны дамыту

Қолданылатын әдістер:

1)зейінді, қиялды дамытуға арналған ойындар

2)ерікті зейінді дамытуға арналған ойындар және тапсырмалар;

3)тыныс алу жаттығулары

4)релаксациялық әдістер

5)кері байланыс

6)қозғалмалы ойындар, ауторелаксация

Полилингвалды құрам: құм-песок-sand, жеміс-жидек-фрукты-fruit, көкөністер-овощи- produce, қол-рука-hand

Көрнекі құралдар: доп, қонжық, жеміс-жидектер мен көкөністердің мүсіндері, ноутбук.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.Сәлемдесу

Мақсаты: психологиялық ортаны қалыптастыру

Балалар шеңбер жасап отырады, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы лебіздерін айтады, көңіл күйлерін құмға салады

Тыйым салынған жаттығу

Балалар шеңберге психологпен бірге тұрады.

Психолог: мен сендерге әртүрлі қимыл-қозғалыстарды көрсетемін, ал сендер тек біреуінен басқа барлығын қайталайсыңдар.

Психолог тыйым салынған қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, мәселен, бір орнында секіру, ал балалар оны қайталамауы тиіс.

Хайуанаттар бағы ойыны.  Балалар бізге қонаққа бүгін қонжық келіп қалды. Ол бізге хайуанаттар бағы ойынын ойнауға ұсыныс тастап отыр.

Психолог: балалар біз бұл ойынды қонжықпен бірге ойнаймыз ба?

Балалар: иә, иә!

Қонжық: ал енді түрлі жан-жануарлардың қимыл-қозғалыстарын бейнелеуге тырысыңдар. Мен бір рет шапалақтаған кезде, қоян секілді секіріңдер, екі рет шапалақтағанда аю секілді жүріңдер, ал үш рет шапалақтағанда бүркіт секілді қолдарынды жайындар.

Психолог. Ал балалар қонжыққа рахмет айтып, оны шағарып салыңдар.

Балалар: сау болыңдар, қонжық.

Көкөністер мен жеміс-жидектер ойыны. Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектерді бір-бірінен ажыратуға нұсқау беріледі.

Психолог: көкөністер мен жеміс-жидектердің дұрыс ажыратылуын қадағалау.

Логикалық тапсырма.

Мақал – мәтелдер жасыру:

Сап-сары ала дөңгелек

Талда өседі дөңгелеп (лимон)

Бұтағында қазығы

Ортасында азығы (алма)

Жер астына түседі

Сап-сары боп өседі  (Сәбіз)

Сергіту сәті.  Бау-бақша және егістік. Бау-бақша дегенде аяқтарының ұшына тұрады, жеміс-жидектерді ағаш басынан алу үшін , егістік дегенде жерге отырады, көкөністерді жинайды.

Зейінді бол.

Балалар шеңберге психологпен бірге  тұрады. Психолог допты қолына алып, балалардың есімін атап лақтырады. Балалар өздерінің аттарын естіп, допты қағып алуы тиіс.

Алып жануар.

Психолог балалармен шеңберге тұрып, олардың қолдарынан ұстайды.

Психолог: өздеріңді бір үлкен, алып жануар ретінде елестетіңдер. Мен нұсқау берген кезде, барлығымыз алға қадам басып, дем аламыз, ал артқа қадам басып, демімізді шығарамыз.

Саусақтармен әңгімелесу.

Мақсаты: балалардың өз іс-әрекеттерін бақылауын қалыптастыру. Егер бала бұзықтық жасап, бір нәрсені сындырып, біреуді ренжітетін болса, онда оған бұл ойынды ұсынуға болады: бір ақ парақ қағазға алақаннның суретін  салып, оны жандандыруға болады: түрлі түсті қарындаштармен оған көз, ауыз салуға болады.  Балалардан сұраңыз:

“Сенің есімің кім?”, “Нені жасағанды жақсы көресіз?”. Егер бала бұл іс-әрекетке қосылмайтын болса, диалогты өзіңіз айтып шығыңыз. Саусақтардың жақсы  екендігін, көптеген істі жасай алатынын атап көрсетіңіз (не нәрсе екендігін) бірақ кей кездерде оны тыңдамай кететінін айтуды да естен шығармаңыз. Ойынды иесі мен қолдардың арасында келісім жасап аятау керек. Қолдар 2-3 күннің ішінде тек жақсы істер істеуге уәде береді: амандасу, шеберлік таныту, ешкімді ренжітпеу.

Біраз уақыт өткеннен кейін бұл ойынды қайталап, келісімнің мерзімін ұзақ уақытқа дейін ұзарту керек.

Ал қазір біздің күнделікті іс-әрекетімізді түрлі қимылдармен  көрсетейікші.

Хал-жағдайларын қалай?———————————-бас бармақты көрсету.

Осылай!

Қалай жүзесің?———————————-қолды алдыға қарай созып, сермеу.

Қалай жүгіресің? ——————-шынтақ тұсында қолды бүгіп, алдыға-артақа қимыл-қозғалыс жасау

Осылай!

Қалай алысқа қарайсың? ————————–қолын маңдайына қойып алысқа қарау

Дәл солай!

Түскі асты тосып отырсың?————- жұмулы қолдарымен иегін тіреу.

Дәл солай!

«Сіздің қолдарыңыз нені жасай алады?»

Педагог: Қанеки сендердің қолдарын қайда?

Балалар: Міне біздің қолымыз!

Қолдарын алдыға созып, алақандарын көрсетеді.

Педагог: Ал сендердің қолдарын нені жасай алады?

Балалар: ойнау, киіну, жуыну…….

Педагог: Ал қолдарынмен шапалақтай аласыңдар ма?

Балалар: иә!

Педагог: күнге беті-қолдарыңды қалай жуатындарынды, қалай шапалақтайтындарынды көрсетіндерші.

Педагог: Ал қолдар ойнағысы келе ма?

Балалар: иә!

Педагог: Күнге қолдарымыздың қандай ойындар ойнайтынын көрсетейік.

Педагог саусақ гимнастикасын көрсетеді, балалар оны қайталайды.

Саусақ гинастикасы

Алақандарын бір-біріне қарама-қарсы қойып

Сәлеметсің бе, саусақ! ———————–шынашақтарын тигізеді

Сәлеметсің бе, саусақ!———————-шылдыр шүмек

Сәлеметсің бе, саусақ!——————– ортан терек

Сәлеметсің бе, саусақ!———————-балан үйрек

Сәлеметсің бе, саусақ!———————-бас бармақ

Сәлеметсіңдер ме, саусақтар—————– екі қолдың саусақтары айқастырылып, құлп салынады.

Педагог: Күнге сендердің қалай ойнайтындарын өте қатты ұнады

Дидактикалық ойын. Не дұрыс емес. Үлестірмелі сурет тарату. Бір бүтін суретті құрастыру.

Жеміс-жидектердің пайдасы туралы ақпарат беру. Видео көрсету.

Қозғалмалы ойын «Үлкен-кішкентай»

Педагог: үлкен болып өскендеріңді көрсетіндерші.

Балалар аяқтарының ұшына тұрып күнге қарай жоғары тартылады.

Педагог: Ал енді кішкентай кездерінде қандай болғандарынды көрсетіндерші

Балалар табынамен тізесін бүгіп жерге отырады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Педагог: 1,2,3 өз орнынды тап.

Қорытынды: Балалар шеңбер жасап жерге отырады. Психолог допты балаларға бере отырып, кері байланыс орнатады, әсерлерін бөлісуін сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *