«Аудан Әкімінің жаңа жылдық шыршасы»


Бекназарова Назира  Орынбаевна
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы , Психологиялық педагогикалық  түзету кабинеті ритмика маманы

Қатысушылар:

Аяз ата, Ақша қар, Қалқанқұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ,тауық, балапандар, ит, күшіктер,Алтын адам, Бәйтерек, қыран құс,пошташы, Мысық Матроскин, ит Шарик, Стервелла, екі қарақшы, Эльза, аққала, Анна, бұғы, ешкі, лақтар, қасқыр, қоян, мыстан кемпір.

 

Қойылатын көріністер:

1.      «Суық жүрек» м/ф.

2.      «  Қалқанқұлақ» «Балапан» телеарнасы кейіпкерлері

3.       « Простоквашино» мультфильм кейіпкерлері

4.       «101 долматинец » мультфильм кейіпкерлері

5.      «Жеті лақ» ертегісі

6.     «Ну, погоди» мультфильм кейіпкерлері

7.     «Мыстан кемпір» ертегісі

8.     «Алтын адам, Бәйтерек, Қыран құс »

 

Сахнада «Суық жүрек» м/ф. кейіпкерлерінің суреттері тұрады. М/ф. музыкасы ойналады. Ортаға  аққала шығады. Аққала мұзайдынына келе жатады. Алдынан гүл шығады. Аққала гүлді иіскеп қатты түшкіреді. Сол кезде сәбізден жасалған мұрны ұшып мұзайдынның ортасына түседі. Сол маңда  бұғы жүреді. Бұғы сәбізді көріп аққалаға бермекші болады. Аққала мен бұғы бірге сәбізге қарай  мұзайдынмен сырғанап  барады да таласып қалады. Сол мезетте сәбіз ұшып кетеді. Бұғы аққаладан бұрын барып сәбізді әкеліп аққалаға салады. Аққала қуанып кетеді. Осы мезетте м/ф. музыкасы (ән айтып жатады) ойналады. Ортаға 6-8 гидроскутермен  мұз болып киінген ( ұзын сұр жылтыр шапан) балалар шығып билейді. Орталарында билеп Эльза да жүреді. Аяғына қарай Эльза (қолының сиқыры бар) билеп жүрген кейіпкерлерді қолымен тигізгенде , қолы тиген кейіпкерлер  қимылдамай қатып қалады. Сол кезде ортаға сіңілісі Анна көмекке келеді. Қатып қалған кейіпкерлерді Анна құшақтап ерітеді . Бәрі бірге билеп шығып кетеді.

 

Жаңа жылдық фанфар

 

1 жүргізуші:

Ау, жарандар,ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.

 

2 жүргізуші:

Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап, билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

 

Ән .

1 жүргізуші: БмЖО-ның тәрбиеленушісі, республикалық «Жас Ұлан-2017 » ән байқауының жүлдегері Сатыпалды Бақбергеннің орындауында «Жаңа жыл » әнін қабыл алыңыздар!

 

2 жүргізуші:

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

 

1 жүргізуші:

Қадірлі халайық, баршаңызды 2018 жаңа  жылдарыңызбен шын жүректен  құттықтай отырып, біздің ауданымыздың табысы мен ырысын молайтуға күш салып жүрген, бүгінгі жаңа жылдық жасыл шырша кешінің ұйымдастырушы және демеушісі болып отырған ауданымыздың әкімі  Қрықпаев Асқар Санатұлына сөз беріледі.

 

2ж:

-Сіздің құрметіңізге Халықаралық , республикалық  ән байқауларының жүлдегері, № 1 мектеп лицейінің оқушысы  Абдыхалық Еркеайымның орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.

 

(Музыкамен «Балапан» телеарнасындағы кейіпкерлер Қалқанқұлақ, таусоғар және  желаяқ шығады)

 

Қалқанқұлақ: Біз қайдамыз, қандай әдемі безендірілген шырша, көңілді балалар, киімдері қандай әдемі?!

 

1 ж: Балалар,  келген қонағымызды таныдыңдар ма?  Дұрыс айтасыңдар, бұл-«Балапан» телеарнасындағы кейіпкер – Қалқанқұлақ , Таусоғар, Желаяқ

 

2 ж.: Қалқанқұлақ! Қош келдің, қайдан адасып жүрсің? Құлағыңа не болды? Ара шағып алған ба? Әлде есікке қысып алдың ба?

 

Қалқанқұлақ: Жоқ, ара шаққан жоқ, есікке де қысып алған жоқпын.

Бүгін азанда ұйқыдан тұрсам құлағым осылай дәу болып кетіпті. Балалар енді не істеймін? Ертең мектепте жаңа жылдық шырша мерекесі өтеді. Қалай қатысамын мына құлақпен? Бәрі маған мазақтап күледі ғой…

 

2ж: Шынында да құлағың үлкен болып тұр, балалар қалай көмектессек екен?

 

Қалқанқұлақ: Балалар маған Аяз ата мен қарша қыз ғана көмектесе алады деп естідім.  Енді балалар маған сендердің көмектерің  қажет. Барлығымыз бірігіп Аяз ата мен қарша қызды бірігіп шақырайықшы.

 

-Аяз ата ,қарша қыз !3 рет

 

2 ж:

Бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен Қарша қыз келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

 

1ж:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді қарша қызбен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

 

( Ұлыған боранның дауысы естіледі.

Шанамен Аяз ата мен Қарша қыз қоңыраулатып келеді)

 

Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас бишілер» тобы «Қарша қыздар»   ортаға Аяз ата мен Қарша қызды әкеледі.

 

Аяз ата:

 

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар:

– Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

 

1ж.: Армысыз Ата, армысың  Қарша қыз!

 

Аяз ата: Амансындарма! Бар болыңдар! Біз қай жерге келдік қарағым?

 

2ж:   Киелі Құлан жеріне келдіңіз!

 

Аяз ата: Бәрекелді, балам! Құлан ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

 

1ж: Әрине, ата! Әнші балаларымыз да биші қыздарымызда барлығы осында.

 

Қалқанқұлақ: Ата менім де балалар сияқты жаңа жылды көңілді өткізгім келеді. Бірақ құлағым үлкен, құлағымды қалай өз қалпына келтіремін? Сізден басқа ешкім көмектесе алмады

 

Аяз ата: Әрине көмектесемін, ол үшін сен тентектігінді қойып бүгінгі жаңа жылдық кеште  балалармен және ертегі кейіпкерлермен ән салып, би билеп бізге жақсылық жасауын керек. Сонда ғана құлағын өз орнына келеді.

 

Қалқанқұлақ: Ата мен енді тентек болмаймын, достарыма жақсылық жасауға уәде беремін. Ал енді Қарша қыз балалармен бірге шыршаның шамын жағайық.

 

Қарша қыз:

Қызықты барлық ойға алып,

Жаңа жыл жатыр тойланып.

Қанекей әсем шыршаны,

Ән салайық айналып.

Аяз ата:

Жасыл шырша жанында

Барлығы тұр жараса!

Достарды бір қуантып,

Шырша, қане, жарқыра!

Бәрі:

Жарқыра! Жарқыра! ( шыршаның шырағы жанады)

 

2ж.:

Балалар бәріміз бірге  «Шырша әнін» шыршаны айнала орындайық.

 

Хор «Шырша әнін» орындайды.

 

Аяз ата:

Балалар,  2017 жылдың кімнің жылы болғанын сендер білесіңдер ме? Дұрыс, мүмкін ескі жылдан сұрармыз?

 

Балалар (хормен):

Тауық жылы!

 

Би «Шөжелер биі».

 

Тауық:

Армысыңдар, бүлдіршіндер! Сәлеметсіздер ме, Аяз ата мен Қарша қыз! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Қарша қыз:

Өзіңде қош келдің, Тауық! Міне сенің біздің арамызға келгеніңе де 1 жылдың жүзі болып қалыпты, солай емес пе?

2 ж:

Иә, бір жыл деген зымырап өте шықты. Ал, балалар, сендер үшін тауық қалай өтті? Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңдер?

1-бала:

Осы жылы жұмылып жүк көтерген, бірлігіміздің, тірлігіміздің арқасында кезекті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғанын мақтанышпен айта аламыз

 

2бала: Мен Қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің ұрпағымын

 

3бала:  ҚР Президенті- Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың – Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру » атты бағдарламалық мақаласын ақпараттық қолдау мақсатында қазірдің өзінде ауданымызда көптеген іс-шаралар өтілуде

 

2ж: Балалар қандай мектептеріңде іс-шаралар өтті?

 

1 бала:Біз  Құлан ауылы мен Тараз қаласындғы көне тарихи- мәдени ескерткіштер орындарына саяхатқа шықтық

 

2 бала: ЭКСПО көрмесін тамашаладым. ( Басқа балалар оқудағы жетістіктерін, спорттан,шығармашылық жетістіктерін айтады)

 

2ж:

Жарайсыңдар, балалар.  Бұл жетістіктің барлығы тек сендерге байланысты.

Аяз ата:

Тауық бізге сенің көмегің қажет, мына Қалқанқұлақ баламның ертең жаңа жылдық мерекесі. Құлағын кішірейту үшін жақсылық жасау керек екен. Қалай  және кімге жақсылық жасасақ екен?

 

Қалқанқұлақ: Көмектесші тауық? Мен жақсылық жасайтын жерді іздеп жүрмін.

 

Тауық:

Ендеше бірге «Ертегілер еліне» саяхат жасайық. Мүмкін  ертегілер еліндегі кейіпкерлерге көмегің қажет шығар.

 

Ән «Ертегілер, ертегілер» әні. Орындайтын келген оқушылар

 

***

Музыкамен «Простоквашино» м/ф. кейіпкерлері кіреді. Пошташы шал велосипедпен иығында сөйлейтін құс болады.  Жанында ит Шарик пен мысық Матроскин болады. Олар бір-бірімен таласып, жанжалдасып кіреді.

 

Мысық : Жақында жаңа жылдық мерекеге досымыз Федор келеді. Сен орманға барып шырша кесіп әкел.

 

Ит: Жоқ, жоқ ! Ағаштарды кесуге болмайды. Мысық өзің ойлашы, жыл сайын жаңа жыл тойланады. Әр жаңа жылда шырша кесілсе, орманда не қалады?-деп тұрғанда Аяз ата мен Қалқанқұлақ араласады.

 

Қалқанқұлақ: Бұл не шу ? Достар жаңа жылдың алдында ұрысуға болмайды. Келіңдер ортаға достасыңдар! (Достастырады)

 

Пошташы: Ия, менде екеуін табыстыра алмай келемін, жарадың Қалқанқұлақ! Ал енді балалар біздің   сендерге жасыратын жұмбағымыз  бар еді, тауып көріңдерші?!

 

Қалқанқұлақ : Біздің балалар алғыр ғой, кілең мықты балалар келгені анық. Жұмбақ табу, бізге қиын болыпты ма?! Пісте шаққанмен тең!

 

Пошташы: Онда бастаймыз.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады? Қар

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды? Қырау

Тікен, тікен тік пісте

Қысы жазы бір түсте? Шырша

 

Қалқанқұлақ: Көрдіңіз бе? Менің достарымның барлығы да өзім сияқты ақылды ғой?!

 

Аяз ата: Ақылды ғана емес, әрі өте таланттымыз. Солай ма, балалар?! ( Ия)

 

1-2 номер жіберу керек( келген балалардың өнері,кейіпкерлермен билеу )

Ән. М.Төлебаев атындағы балалар саз мектебінің «Бибі» вокалдық тобы «Болашағы елімнің»

 

 

Аяз ата: Рақмет. Міне Қалқанқұлақ сен тағы да бір жақсылық жасадың. Ит пен мысықты табыстырдың.

 

Қалқанқұлақ: Құлағым кішіриді ме ата? ( Ия) Ендеше келесі ертегі кейіпкерлеріне қонаққа барайық балалар.

 

***

 

Музыкасымен «Ну, погоди!» м/ф. Қоян мен қасқыр өлең айтып шығады. ( Осы жерде жүргізушілер кейіпкерлермен бірге бірдей қимыл жасап билеуі керек) .Өлең айтып жүріп қоян қасқырды микрофонның шнурымен айналып жүріп байлап тастайды. Ән біте салысмен қасқыр қоянды ұстамақшы болады, бірақ жіптен босай алмай айқайлайды

Қасқыр:

Қоян ұсталдың ба?

Қоян:

Қасқыр, енді татуласайық. Бүгін жаңа жылдық мейрам емес пе?!

Қасқыр:

Кешір қоян, осы жылы мен сені көп ренжіттім. Енді сені ренжітпеймін.Кел, татуласайық.

Қалқанқұлақ:

Сендердің татуласқандарың дұрыс болды.  Қоян біздің қонағымыз, сенде қонақ бол. Балаларға тосын сыйың бар шығар?

 

Қасқыр: Жарайды! Бізде  қызық ойын бар. Мына шарды ішке үрлеп , жылдам жаңа жылға тілек не тақпақ айтамыз. Сонда бір қызық болады. 8 шар. 4 баладан 2 топ.

(Қасқыр мен қоян әніне билейді)

Ойын «Шарды ішке үрлеп жаңа жылдық тақпақ , тілек айту.

 

2 ж: Қалқанқұлақ сен жарадың. Өмір бойы қасқыр қоянды қуады да жүреді. Енді достасты . Осы «Жеті лақ» ертегісіндегі қасқыр да жамандық жасап жүреді. Сол қасқырды да жаңа жыл алдында тауып алып ешкімен табыстырсақ  нұр үстіне нұр болар еді ия Қалқанқұлақ?!-дей бергенде, ортаға өз музыкасымен «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлері билеп шығады.

Залдың бір шетінде үйшік (ширма). «Жеті лақ» ертегісінің лақтар мен ешкі  шығатын кездегі  музыкасы ойналады.

Қасқыр: Кешірші мені ешкі лақтарын сондай сүйкімді екен, Аяз ата біз жақсы дос болып кеттік.

Қалқанқұлақ: Достар біз қасқыр мен қоянды , тағы ешкі мен қасқырды да табыстырдық , міне, осының өзі жақсылыққа жатады емес пе?!

Ән: Жартай Аяжан «Жаңа жыл» әні

 

***

Осы кезде  музыкамен ортаға мыстан билеп келіп, залдағы әр балаға тиісіп жүреді.

Мыстан: Кім менімен жарысады?

Қалқанқұлақ: Мыстан апа сізбен менің досым Желаяқ жарысады.

Мыстан: Желаяқ жарысар алдында шырын  ішіп алсаңшы

Желаяқ: Мыстан жарысар алдында қарсыласына кім шырын бергенін көрдің?

Мыстан: Бұл жай шырын емес күш беретін шырын- деп, су береді.. ( суға ұйықтатын дәрі қосады)    Желаяқ ішіп алады

Мыстан: Ал кеттік онда жарысайық, – деп жарысады.

Желаяқ шыршаны бір айнала бере ұйықтап қалады.

Аяз ата: Қалқанқұлақ сен бізге бір жақсылық жасап, құлағыңмен қайсысы алда келе жатқанын біліп берші?

Қалақанқұлақ құлағын жерге төсейді: Достар біздің желаяқтың аяғының дыбысы естілмейді, бірақ қорылдаған дыбыс естілуде. Таусоғар сен желаяқты ояту үшін жерді бір –екі рет дүңк еткізші? Жерасты дүмпуі оятуы мүмкін- дейді. Желаяқ оянады да мыстаннан озып кетеді. Мыстан шаршап отырып қалады.

Қарша қыз: Балалар біздің желаяқ мыстаннан озып кетті. Мыстан желаяқтың  шырынына  ұйықтатын дәрі қосып бергенің дұрыс болмады. Енді айыбың үшін бізге бір өнеріңді көрсет

Мыстан: Жарайды, бәріміз бірге би билейік (флешмоб)

***

Қалқанқұлақ : Ух мыстанмен билеймін деп шаршадым. Бір дыбыс естілетін сияқты. Тыңдап көрейінші? –деп құлағын жерге төсейді

Қалқанқұлақ: Балалар осында қонақтар келе жатқан сияқты, кім болды екен ,ә?!

Ортаға Бәйтерек, алтын адам, қыран құс кіреді.

Қалқанқұлақ: О , алтын адам! Қандай биік бәйтерек, алып құс?!

Бәйтерек : Мен «Бәйтерекпін»! Мені  «өмір ағашы» деп те атайды. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған Астана қаласының  символымын. Балалар біз сендерді жаңа жыл мерекесімен және Астананың 20 жыл толуына орай  мерекелеріңмен құттықтауға келдік. Мерекелерің құтты болсын! Еліміздің болашағы сіздер. Біз сіздерге сенеміз. Қазақстан елінің туын биікке желбірететін, білімді, ақылды азаматтар болып өсіңдер!

Алтын адам: Ал мен Тәуелсіздік монументінің негізгі тағы бір бейнесімін. Балалар! Сендер  еліміздің өнерлі, ақылды, білімді болашақ ұрпағысыңдар. Сендердей  ұрпағы бар мемлекет өркендейтіне сенеміз.

Қыран құс: Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани жаңғырудың негізі –тұрақтылық, бірлік, келісім, ал тұрақтылық-рухани жаңғырудың кепілі екендігіне айрықша мән берді. Елбасымыз жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағытты әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену, ал қазақстандық патриотизм –көпұлтты, көпконфессиялы қоғамның табысты кепілі болатындығын, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін ұлттық идея-«Мәңгілік ел» идеясын мақтанышпен айта аламын!

Қалқанқұлақ:    Достар! Менің жақсылық жасағанымнан құлағым орнына келді. Енді жаңа жылдық мерекені бірге тойлайық!

1ж: Ал ендеше сіздердің құрметтеріңізге мына бір тамаша әнді тарту етеміз

Ән   Әділбек Тұрсынай «Астана»

***

Осы кезде музыкамен  «101 долматылық» м/ф. Стервелла мен екі қарақшысымен кіреді

Күшіктер билейді (10 оқушы)

Стервелла: Қарақшыларым маған тон тігу үшін ала күшіктің терісі керек. Осы балалардың арасында бар ма? Қараңдаршы?( Осы кезде қарақшылары ортадағы ит болып келген балалардың бәрін Стервеллаға әкеледі, қарап керек емес деп жібереді)

Стервелла қуанып: Оо міне менің тоныма керек күшіктер осылар. Ұстаңдар қарақшыларым?

Аяз ата: Стервелле бұл күшіктер жаңа жыл иесі, бұларсыз жаңа жыл өтпейді. Менің сыйлықтарымның арасында сенің армандап жүрген  тоның да   бар. Қарша қызым, тонды Стервеллаға кигізе ғой ? ( Тонды әкеледі, кигізеді. Стервелла қуанады)

***

( Дәу  итпен барлық ертегінің кейіпкерлері бар, от шашумен, көңілді музыкамен ортаға келеді. Күшіктері алдынан шығады.)

1ж:

Жаңа 2018 жыл иесі Ит ортамызға келді. Қарсы алайық!

Ортада Жаңа жыл әні орындалады

Барлығы:

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Ит:

Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай.
Келіңдер қарсы алайық.
Жақсылыққа бағытталған.
Итпін мен жаңа жыл,
Жаңа жылда барлығыңыз.
Жаңа үміт таба біл.
Ит жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын.
Елде жерде табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын.

1ж:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2ж:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Конец формы
2ж:

Не ойласаң Жаңа жылда

Орындалады бар арман.

Жаңа жылды сондықтан,

Күтеді барлық балақан.

Аяз ата:

Рахмет ,өнерлерің өрге жүзе берсін!   Балалар! Осында аудан халқына  қамқорлық көрсетіп , көңіл бөле білген, ел азаматтары, өнегелі істері жас ұрпаққа қашанда үлгі болған  осы заманның «Атымтай жомарты» атанған ағайынды Мейрамбай, Сайранбай Дөненбаев сияқты  , ел азаматы аудан әкімінің қолдауымен тауық жылында мемлекеттік–жекеменшік  әлеуметтік әріптестік аясында Көкдөнен ауылынан 140 баланы  қамтитын «Аида» жекеменшік балабақшасы, Құлан ауылынан 100 орындық «Мөлдір» жекеменшік балабақшасы  2017  жылдың сәуір  айында ашылып, балалар игілігіне берілді.  Сонымен қатар «Шәушен» шаруа қожалығының демеушілігімен Жарлысу ауылынан 92 орындық балабақша ашылды.

1 ж:Ендеше кешке келген балаларға арналған сыйлық тапсыру рәсімін ел азаматы  Қрықпаев Асқар Санатұлына  берейік.

Сыйлықтар тапсыру.

1ж:

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері,

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі.

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі.

2ж:

Осымен  мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

1ж:

Балалар бәріңізді мерекелік дастарханға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *