«Жаңа жыл армысың»!


Анарбекова Насипкуль Тулегеновна

Қарағанды қаласы, КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне

деген қызығушылықтарын ояту.

Кейіпкерлердің рөлін сахналай білуге үйрету. Музыка

ырғағымен ән айтып, би билеуге, тақпақтарын мәнерлеп

жаттап айтуға дамыту. Бір – біріне деген сүйіспеншілігін,

ата – аналарына қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.

Жалпы би:

Әуенмен залға кіру:

Тәрбиеші: Құрметті, ата-аналар, әріптестер, балалар,

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан

Жаңа – жылымыз бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін.

Ертөстік  тобының «Жаңа жыл армысың!» атты

ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

 

Құтты болсын жаңа- жыл мерекеңіз

Арта берсін жақсылықпен берекеңіз

Жаңа- жылда жаңа бақыт,  жаңа  нұрға

Толы болсын әрдайым керегеңіз.

 

2  -Тәрбиеші:

Даланың да қаланың

 

Думандатып отбасын

Тағы міне Жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын!

Жаңа жылда көңілді

Шырқалады әніміз

Ата – аналар сіздерді

Құттықтаймыз бәріміз.

Ән: Жаңа жыл

Тақпақ Адия

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алды маңдайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Ален

Әдеміліп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршымыз.

Ән шырқаймыз баршамыз,

Ел жарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық

 

Айзере

Аппақ, аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

О, алақай Аяз- ата келе жатыр алыстан.

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантуға біздерді,

Құтты болсын қуаныш,

Құтты болсын жаңа жыл,

Аяла

Жасыл шырша жанында,

Айналып ән саламыз,

Жаңа жылды қуанып,

Бақшада қарсы аламыз

Қол ұстасып, би билеп,

Үйренейік жаңа жыр.

Құтты болсын,

Құтты болсын, жаңа жыл

Сұлтан:

Сылдырайды моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Бізбен бірге жайдары

Жарқырады жайнайды.

Арайланды шыршамыз,

Айналамыз баршамыз.

(Әуен ойнайды Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Ешкім жоқ сияқты,

жаңа жыл мерекесіне аз уақыт қалды. Қызық екен уақыт қанша болды екен? (деп сағатқа қарайды) Сағат тілдері де жүрмей тұр. Бұл жерде бірдене дұрыс болмай тұр.

(Әуен ойнайды)                                                                                                                           Аққала кіреді. (Бала)

Ақшақар қыз сен мұндағы жағдайды естімеген екенсің ғой бұл жердің барлығын қу түлкі бұзып кетіпті тіпті сағат тілдерінде өзімен алып кетті. Енді не істейміз жаңа жылды қалай қарсы аламыз

Ақшақар:

Қайткендеде қу түлкіні тауып, одан сағат тілдерін алу керек. Біз қу түлкіден сағат тілдерін алып келейік, ал сендер өнерлерінді көрсетіп жаңа жылға дайындала беріндер.

Ойын: Кім мерген қарды себетке дәл түсіру.

(Әуен ойнайды.)

(Ақшақар мен аққала кіреді). (Алдынан түлкі шығады. Қолында сағат тілдері бар кезек -кезек жалап.)

Ақшақар: Қап қу түлкі біз сені іздеп жүрсек сен осында екенсін  ғой қане бізге сағат тілдерін қайтар.

Түлкі: Бермеймін олар өзімеде керек олар сондай тәтті кәмпиттін дәмі шығады.

Жүргізуші:

Сонда қалай түлкі жан жаңа жылды сағатсыз қалай қарсы аламыз.Балалар мерекеге дайындалды ғой олардың сыйлықтары не болмақ уақытта сағат тілдерінсіз жүрмейді.

Түлкі: Мен сендерді түсінемін бірақ мағанда керек ол тәтті.

Жүргізуші: Ақшақар Аққала онда біз Аяз атадан көмек сұрайық.

Түлкі: Ал бұл жерде кімнің мұрны сәбізден жасалған (Аққала мұрнын басып шығып кетеді)

Ақшақар: Түлкі біз сенің көңілінді көтерейік менің кішкентай ақшақарларым би билеп берсін тамашаланыз.

Би:Ақшақар Айгерім, Айзере, Аяла, Алия

Ақшақар: Енді бізге  сағат тілдерін қайтарыныз

Түлкі: Ақшақар мен сенен шаршадым (Ананы қара деп төбені көрсетеді.

Түлкі ақшақардың үстін тормен жауып тастайды). Сенің орнын осы мен келгенше осы жерде тұр (түлкі шығып кетеді.)

(Әуен ойнайды. )

Патша кіреді

Ооо мұнда тұрған кім не деген сұлу өзі қозғалмайды да сыйқырлап тастағандай не істесем екен (деп торды ашады.)

Ақшақар: Мені құтқарғанына көп рахмет енді бізге түлкіден сағат тілдерін алуға көмектес.

Патша мен Ақшақар (бір бірімен сыбырласып қу түлкіден сағат тілдерінің алуынын жолын іздейді.)

(Әуен ойнайды. )

Түлкі шығады:

(Қолына сағат тілдерін алып шығады.) Кім Ақшақарды тордан босатқан

Патша: Мен босатқан

Жүргізуші: Сіз бізге  сағат тілдерін қайтарыныз  біз сізге үлкен ұлпақар  береміз.

Түлкі: Ал қайда сендердің ұлпақарларың. Мен ондайды естімеппін.

Жүргізуші: Түлкіжан Жаңа жыл Ақшақар мен  Аққала мен ұлпақарлармен қызықтығой олай болса түлкі жан балалардың әнін тыңданыз.

Ән: К нам приходит Новый год

Жүргізуші: Түлкі жан көнілініз көтерілді ма?

Түлкі:

Жарайды Ұлпақарды алам сіздерге сағат тілін қайтарам сағат тілінің біреуін береді

Патша:

Міне менде тәтті алма бар мен бұны сағат тілінің екіншісіне ауыстырамын

 

 

Түлкі:

Сендер менің басымды ауыртпай бірден алманы бермедіңдер ме міне сендерге сағаттың екінші  тілі мен кеттім Жаңа жылға дайындаламын.(Әуен ойнайды түлкі шығып кетеді)

Жүргізуші:

Біз сағат тілдерін алдық енді мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Би: «Сағаттар»

(Әуен  ойнайды)

Түлкі  Бала кіреді: Інжу

Патша мені алдады, ақымаққылды,

Жүргізуші: Ой, балалар қарандар біздің түлкіміз тіпті кішкентай болып қалыпты

Бала Түлкі :

Қателесесіздер сіздердің маған берген  алмаларыңыздың шірігі болды мен содан кішірейіп кеттім мен сендерді кешірмеймін сендердің шыршаларыңның шамдарын өшіремін ха ха ха. (Шыршаның шамы сөнеді  Түлкі шығып кетеді.)

Жүргізуші:

Енді балалар не істейміз Шыршамыздың шамдары сөніп тұр. Тезірек Аяз атаны шақырайық.Бізге Аяз Ата ғана көмектесе алады.

Балалар Аяз Атаны үш рет шақырады

(Әуен ойнайды)

Аяз Ата келеді

Армысыздар аяулы ата-аналар! Сүйкімді балапандар! Қадірлі қонақтар!     Аппақ қардай ақ тілектер көп болсын,
Жаңа жылда елім тыныш, тоқ болсын.
Құт-береке ала келсін төрімен,
Күнде күліп, уайым – қайғы жоқ болсын.                                                                                                                           Балалар мен сендердің шақыруларың бойынша келдім, енді балалар шыршаны айналып тұрайық көңілді ән салайық.

Ән: Шыршаға бардық

Аяз Ата :

Біз әнде шырқадық бірақ біздің шыршамыз жаңбады енді шыршамызды жағып алайық сендер маған көмектесіңдер. Бірақ біздің шыршамыз көнілсіз шыршамыздың шамын жағып алайық.

Әлібек:

Бәріміз бір дауыспен,

Дейміз енді шыршаға.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат

Балалар

шырша шырша жан

Шамдарыңды жарқырат

Жүргізуші:

Аяз Ата  Енді балалар мен ойын ойнаңыз.

Ойын:Қаппен шыршаға дейін секіру.

тақпақтар:

Ерасыл

Жаңа жылды бар тілде,

Жаңа жырға балайды,

Жаңа жылға әркімде

Жақсы үмітпен қарайды.

Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз- Ата оралып.                                                                                                        Ералы

Аяз ата ойды қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа-жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болат.

Нұрасыл

Тамаша, тамаша !

Шыршамыз тұр  жараса

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Шахнияр

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз – Атаны.

Әлия

Мынау тұрған Аяз Ата                                                                                                                                            Сақалы ұзын сиқырлы ата.                                                                                                                           Өзі аппақ, тартымды,                                                                                                                                     Бәрімізді сүйеді,                                                                                                                                                              Ән: Ағылшынша

Жүргізуші:

Сіз шаршаған шығарсыз отырып дем алыңыз балалардың тақпағын тыңдаңыз.

Тақпақтар:

Исмайл

У новогодней ёлочки

Зелёные иголочки,

И снизу до макушки

Красивые игрушки.

 

 

Нұрдәулет

Той мереке салтанат,

Думандады шартарап.

Келіп қалды жаңа жыл.

Татуларын арқалап.

Мансур

На свете так бывает,
Что только раз в году
На ёлке зажигают
Прекрасную звезду.

Звезда горит, не тает,
Блестит прекрасный лёд.
И сразу наступает
Счастливый Новый год!

Ойын: Шарды үрлеп жерге түсіру.

Жанель

Хэппи нью иа фо ю

Хэппи нью иа фо ми.

Хэппи нью иа фо эвриуан

Зэтс уот ай уиш, ай ду!

Анар

Нью сиңс ту си

Нью сиңс ту хиа

Нью сиңс ту ду,

Ин зис нью иа!

Айдын

Огни на ёлке разные:

Зелёные и красные,

И жёлтые и синие,

Все они красивые.

Арсен

Той мереке салтанат,

Думандары шар тарап.

Келіп қалды жаңа -жыл,

Тартуларын арқалап.

Аяз сүйіп қарсы алған,

Жердің аппақ сұлбасын

Міне осы қаңтардан,

Басталады жыл басы.

Балалар: Аяз Ата сыйлықтарыңыз қайда.

Аяз ата: Шыршаның астында болу керек қайда кеткен (таппайды.)

Әуен ойнайды:

Бала Түлкі:  Мен сендердің сыйлықтарыңды тығып қойдым

Аяз Ата:

Сен бізбен ойнама балалардың сыйлықтарын қайтар

Бала Түлкі:

Жоқ жоқ қайтарады деп ойлама қандай тәтті кәмпит (аузында кәмпит болады.)

Аяз Ата:Қап бәлем мен сені кәзір қатырамын.

Бала Түлкі:

Жоқ жоқ керек емес міне сендердің сыйлықтарың Қолында кішкентай дорба болады

Аяз Ата:

Мынау менің дорбама ұқсамайды менікі емес менікі үлкен дорба және дорбам ауыр мынау кішкентай ғой.

Бала Түлкі:

Мен шіріген алма мен тәтті жеп кішірейіп кеттім міне енді менің дорбамда кішірейіп кетті.

Аяз Ата:

Сен қандай айлакерсің қу түлкі. Мен сені өз қалпыңа келтіремін. Сен бізге өз қапшығымызды қайтар сен енді жамандық жасама

Бала Түлкі:

Мен енді сөзімде тұрамын балалардың мерекесінің шырқын бұзбаймын адал болам алдамаймын.

Аяз ата: сыйқырлы сөз айтып Түлкіні өз қалпына келтіреді.                                                   Менің ұлпақарым ұш

Сен түлкіге дәл түсіп

Түлкіні өз қалпына келтір.

(Сыйқырлы әуен ойнайды

Шыршаны айналып артында тұрып қалады үлкен түлкі шығады.)

Түлкі:

(Сыйлықтар шананың үстінде болады)А міне сыйлықтар бірақ біреу отырған сияқты мен қорқамын Кім біледі мені ұстап алуы мүмкің  өзі тықылдайды. (Сағаттың дыбысы шығады)

Аяз Ата :

Бұл менің құпиям түлкі кім жұмбақтың шешуін табады. Сол алады сыйлықты.

Қозғалмастан бір елі

Сыртылдайды күнімен             ( Сағат)

Балалар: Сағат

Аяз ата: Балалар дұрыс жауап берді сыйлықтарға ие болдындар.

Түлкі: Мен сыйлықсыз қалатын болдым.

Аяз ата: Сен кәмпиттен дәм тәттін біз саған сыйқырлы сағатымызды береміз бірақ сен оның тілдерін алма онсыз сағат тоқтап қалады.

Түлкі: Рахмет саған бұл сағатты өзімнің үйіме іліп қоямын. Енді сағат тіліне тиіспеймін тықылдап тұрсын. (Түлкі қоштасып шығады)

Жүргізуші:Жаңа жылдың да келетін уақыты болды. Балалар біз енді жаңа жылымызды мерекемізге шақырайық.

Балалар: Хормен Жаңа жыл, Жаңа жыл

Ит жылы: Жаңа жыл жаңа күннен басталады,                                                                                        Ашылып келешектің төс қаламы                                                                                          Билігін ескі жылдың қолынан алып                                                                                               Жаңа жылды одан әрі басқарамын!

Тауық жылы:   Бүгіннен ертең ғаламат,                                                                                                    Алдыңғы сапта боларсың                                                                                                                           Келер жыл саған аманат                                                                                                                                  Қош сау болыңдар балалар!

(Ескі жыл Жаңа жылмен қоштасып шығып кетеді.)

Би: Жаңа жыл биі

Ойын: Шырша ойыншықтарын жинау.                                                                                                                    Аяз – Ата: Қандай көңілді мереке болды, келесі жылы тағы да келеміз. Ақшақармен мені  басқа балалар күтіп отыр. Сау болыңдар!

Аяз – Ата мен Ақшақар кетеді.

Жүргізуші: Балалар бүгін қандай мерекені тойладық? Мереке сендерге ұнадыма? Бізге қонққа кімдер келді? Қай жылды қарсы алдық? Қай жылды шығарып салдық. Өтте тамаша балалар жаңа жыл әр отбасын бақыт шаттық әкелсің. Осы кішкентай бүлдіршіндеріміз Қазақстанымыздын үлкен азаматы мен азаматшасы болсын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *