«Цирк алаңында жаңа жыл мерекесі»

Жакупбаева Айнур Муратовна
Қарағанды қаласы КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының музыка жетекшісі

Жүргізуші: Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Сіздерді келе жатқан жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2018 жылда жағымды жаңалықтар мол болсын!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Батыр» ортаңғы тобында!

(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Ән: «Шырша жыры»

(Лунтик мультфилмінен фоногарамма естіледі ).

Бір айда дүниеге келген ерекше бала. (Шырша артынан Лунтик шығады)

Лунтик: Мен қайда тап болдым!

Жүргізуші: Бізге кім келді?

Балалар: Лунтик

Жүргізуші: Қош Келдің, Лунтик!

Жүргізуші: Сен балабақшадағы жаңа жылдық мерекеге келдің.

Лунтик: Ал ол қандай мереке?

Жүргізуші: Балалар, қане, Лунтикке жаңа жыл қандай мереке екенін айтып берейік.

Балалар:- Бұл қысқы мереке, жаңа жылды қарсы алып, ескі жылды шығарып саламыз; жаңа жыл бұл шырша, балалар карнавалдық костюмдерін киеді, Аяз ата, Ақшақар, және Аяз ата сыйлықтары

Жүргізуші: Міне, бұл жаңа жыл!

Лунтик: Қызықты сияқты! Ал мен сендермен жаңа жыл мерекесін қарсы алсам болады ма? Менде Аяз Ата сыйлықтарын көргім келеді.

Жүргізуші: Әрине болады! Біз саған өте қуаныштымыз!

Лунтик: Мерекені қалай тойлаймыз?

Балалар: Біз әсем әндер айтамыз, тақпақтар айтамыз, би билейміз, жұмбақтар шешеміз, қызықты ойындар ойнаймыз.

Лунтик: Алақай!

Жүргізуші: Келесі кезекті тақпақтарға берейік.

Тақпақтар:

Аяла:

Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз

Керемет қой жаңа жылғы әніміз

Ән айтамыз бәріміз де қуанып,

Жаңа жылдың біз,сіз болар сәніміз.

Айназ

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Жаңа жылда би билеп

Ән де салып беріңдер.

Нурсаид

Жаңа жылда жаңаша

Жақсы тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ аяз атамыз.

Диляра

Вот фонарики на елке
Разноцветные горят.
Новый год — любимый праздник
Всех мальчишек и девчат.

Дед Мороз мешок подарит
Нам игрушек и конфет,
Ну а мы ему покажем
Замечательный концерт.

 

Камиль

Что такое Новый год?
Это дружный хоровод,
Это елка и подарки,
Это песни, это пляски.
И веселый Дед Мороз
Веселит детей до слез.

Жүргізуші: балалар жұмбақтың шешуін тауып көріндерші?

Қыста ғана болады,ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Балалар: Бұл қар! (Лунтикке қарды көрсетеді)

Лунтик: олар қандай әдемі, домалақ, суық.  (Қарды құшақтап жылыта бастайды.)

Жүргізуші: Жоқ, Лунтик, оның болмайды , ол қар , жылудан қорқады. Егер оны жылытсаң ол суға айналып кетеді.

Лунтик: Онда қармен не істеуге болады?

Балалар: Ойнауға болады.

Ойын: “Кім жылдам!”

Лунтик: Керемет!

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы: Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Сиқыршы: Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. “Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шам жағылмайды)

Лунтик: Енді нестейміз?

Сиқыршы: Мен білемін. Маған сиқырлы шыршалар мен шамдар керек.

Жүргізуші: Сиқыршы бізде көптеген сиқырлы шыршалар мен шамдар бар, қане сиқырлы шамдар биге шығыңдар.Шыршаны жағуға  көмектесейік.

Би: “Сиқырлы шыршалар мен шамдар”

(Биден кейін Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Елочка»

 

Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Даниил

Көрікті шыршамыз,

Шамдары самғаған

Көңілді ортамыз

Айтамыз шырқап ән.

Халиса

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Кел билейік баршамыз

Санжар
Жылдың әсем бұл шағы

Шыр айналдық шыршаны

Шоқ жұлдыздай көрікті

Жымың қағып тұр шамы

Лиза

Ёлочка прелестная,
Волшебная, чудесная,
С иголками пушистыми,
С ветками душистыми!

Стоит она нарядная,
Совсем не заурядная,
Вся в роскоши, красивая,
Зелёная, счастливая!

Диас

Очень ярко и красиво
Наша елочка горит,
Сверху звездочка сияет
И детишек веселит.

Вместе с Дедушкой Морозом
Все танцуют и поют,
Новый год — веселый праздник,
Смех и счастье к нам придут!
Ойын:

Лунтик: Ой, естіп тұрсыңдарма балалар,  кім жылайды (Шырша қасындағы қуыршақты көреді) Сен неге жылайсың?

Қуыршақ: Мен Ақшақармын , Аяз атаның немересімін. Мені зұлым сиқыршы сиқырлап мені қуыршаққа айналдырды.

Сиқыршы: Жылама Ақшақар, Жаңа Жылда ғажайыптар болып тұрады. Егер зұлым сиқыршы сені сиқырласа, онда бізде сені сиқырлы сөздерімізді айтып сиқырлаймыз.  Балалар, қане, көзімізді жауып сиқырлы сөздерді айтайық.

Сиқыршы:  “Эни-мэни-бэни-лого, сиқырлаймын мен аздап! Эни-мэни-бэни-фас, Ақшақарға сен айнал!

(Бұл уақытта  қуыршақ шырша артында қалып қояды, балалар көздерін ашады да, оларға Ақшақар шығады.)

Ақшақар: Рахмет балалар! Рахмет Лунтик! Енді мерекені жалғастырайық.

Ақшақар.-Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт – жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Лунтик: Сүйкімді Ақшақар!  Аяз Ата қайда?

Ақшақар: Аяз Ата екеміз келе жатқанда зұлым сиқыршы мені қуыршаққа айналдырып жіберді. Екеміз екі жаққа кеттік. Аяз атамыз сыйлықтарымен қазір келіп қалар.

Жүргізуші:

Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге

Мен бастаймын,

ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр….

Балалар: Жаңа жыл!

 

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге….

Балалар: Аязата!

 

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі……

Балалар: Әдемі!

 

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын – күлкі таралсын

Құтты болсын…..

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

 

Дарина

Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз.

 

Айзере

Кел билейік сенімен

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

 

Би:«Ұлпақарлар»

(Залға аяз ата мен жаңа жыл кіреді)

Аяз Ата: Келе жатырмын, келе жатырмын!

Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата

Лунтик: Сәлеметсіз бе Аяз ата!

Аяз Ата: Қандай әдемі балалар! Сәлеметсіңбе Лунтик!

Ит

Сәлеметсіздер ме, балалар

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Ән: «Аяз Ата»

Жүргізуші: Келесі кезекті өзіңізге арналған тақпақтарға берейік ата, қабыл алыңыз!

Тақпақтар:

Айсезім

Бар баланың қонағы

Төрлет ата, жоғары

Енді дала, алақай

Ақ күміске толады

Жұрттың бәрі атадай

Қашан жомарт болады

Эрик

Здравствуй Дедушка Мороз,
Что сегодня нам принес?
Может быть в мешке игрушки,
Разноцветные зверушки.

Может много там конфет,
Их мы скушаем в обед.
Дедушка, открой мешок,
За рассказ или стишок!
Самира

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Амина

Снег кружится за окном.
Елочка горит.
Это значит — в каждый дом
Дед Мороз спешит.

Буду я его встречать
Песнями, стишками.
Я не дам ему скучать,
Чтоб остался с нами!

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық  жылымыз қайда? Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?

(тауық  билеп шығады)

Тауық: Сәлеметсіздер ме қонақтар! Сәлеметсіздер ме балалар!

Жүргізуші:Сәлеметсізбе тауық жылы! «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп өздеріңізге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.

Айдар

Ескі жылға ризамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Талай сырға қанықпыз

Шарықтады ойымыз.

Жалғас

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

Мұстафа

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Мансұр

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл

Қарсы аламыз біз сені

Ақ көңілмен, ақ пейілмен,

Баршамыздың төрінде

Жүргізуші:Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»

Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.

(алдымен ата – аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата – аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.

Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз! Аяз ата көрдіңізбе біздің балаларымыз жаңа жылға әсем карнавалдық костюмдерін киіп келген. Соның ішінде ортамызда биші біздің ұлдарымыз бар. Тамашалайық!

Би: «Көңілді би»

Тауық

Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: – Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!

Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Ән: “Жаңа жыл”

Лунтик: – Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой – буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….

Аяз ата: Ой -буй, не боп қалды? Сыйлықтарым қайда кеткен?

Ақшақар: Ата сыйлықтарды нестейміз?

Сиқыршы:Уайымдама Ақшақар!  Уайымдамаңдар балалар! Болады сендерге сыйлық!

Сиқыршы сиқырлап қаптан әр балаға қар алып береді.

Лунтик: Қар деген сыйлықпа?

Сиқыршы: Тоқта лунтик. Менде сыйлықтар шығаратын сиқырлы құрал бар. Сол құралға қарларды салсаң, сыйлықтар пайда болады.

Аяз Ата: Ал балаларым барлықтарың ризасыңдарма!

Балалар: Рахмет!

Аяз – Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.