“Келді, Аяз атамыз!”


Раимбекова Дана Асхатовна
КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. «Жаңа жыл» мерекесінің кейіпкерлерімен таныстырып, мереке туралы түсінік беру.

«Жаңа жыл» мерекесіне сай безендірілген залда қонақтар, ата – аналар мен балалар отыр.

Қатысушылар: Жүргізушілер,Аяз ата сақалы,Аяз ата,Ақшақар,түлкі,қасқыр,ескі жыл, жаңа жыл (ит жылы)

Музыкамен балалар залға кіреді.

1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа 2018 жылда жағымды жаңалықтар мен тілегей табыс мол болсын!

Сәлем,бар адамдарға,

Аяулы аналарға,

Ардақты ұл-қыздарға,

Бүлдіршін балаларға

Кірді міне, есік қағып жаңа жыл

Ала келді айтылмаған жаңа жыр.

Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп,

Шыршаларды түрлі түсті сәндетіп.

2.Жүргізуші:

Жаңа жылым бақытты мол әкелсін,

Бар халыққа қуаныш көп әперсін,

Бейбітшілік болып тұрсын елімде,

Тыныш болсын ұлан байтақ жерімде!

1.Жүргізуші: Ортамызда шыршамыз тұр.

-Шыршамыз қандай?

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Ән: “Жасыл шырша”

2.Жүргізуші:

-Қане,балалар келіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем әнмен би билеп,

Ән жырларды төгіңдер.

Мағжан:          Ортада таңдантып талайды.

Шыршамыз жасанып жайнайды.

Құбылып, құлпырып айнала

Сиқырлы сәулелер ойнайды.

Амина:             Тамаша! Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Даша:           Праздник мы встречаем,

Елку наряжаем.

Вешаем игрушки,

Шарики хлопушки.

Мансұр:          Жаңа жыл келді,

Бізге бақыт берді.

Шыршаға барамыз,

Әсем ән саламыз.

1.Жүргізуші: Мынау не жүгіріп шыққан? Ешкімге,ештеңеге ұқсамайды,Аяз атаға да ұқсамайды,бойы аласа ғана.-Сен кімсің,  Не істеп жүрсің?

Аяз ата сақалы: Мені танымадыңдар ма?Бұл мен Аяз атаның сақалы.Ол шырша мерекесіне баруға асықты. Аяз ата сақалын қатты тартқанда мен ағаштың бұтағына ілініп жалғыз өзім  ағашта қалып қойдым. Осылай мені байқамай жоғалытып алды.-Қайда енді Аяз ата……. (Жылайды). Енді ол балабақшаға мерекеге сақалсыз қалай келеді?

2.Жүргізуші: -Мүмкін , ол әлі орманда шығар.

Аяз ата сақалы: Білмеймін,білмеймін,әрі қарай іздеймін

(Залдың әр бұрышын іздеп,шаршап шырша түбіне отырады.)

1.Жүргізуші: Аяз ата сақалы ,саған қандай көмек керек?Сенің көңіліңді қалай көтерсек екен? Мүмкін би билеп берейік. бүгінгі біздің мерекемізде көптеген әдемі ойыншықтар жиналған. Сол ойыншықтар саған би билеп берсің?

Би: “Ойыншықтар”

Аяз ата сақалы : әрі қарай іздеп жүгіреді. Ана жерде жоқ,мына жерде де жоқ,ешқайда жоқ….мұңаяды

2.Жүргізуші: Мүмкін саған бізден тағы көмек қажет шығар?

Аяз ата сақалы: Әрине,мен қарсы емеспін, одан да қонақтардың көңілін көтеріңдер, ал менде уақыт жоқ, аяз атаны әрі қарай іздейін (Жүгіреді)

1.Жүргізуші: Олай болса балалар мерекені әрі қарай жалғастырайық.

Кенеттен қасқыр шығады қолында гитара бұтаққа отырып ән айтады:

Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо – хо. Охо – хо.
Маған суық у-у-у-у-у

Қатты қарным аш у-у-у-у!

Аяз ата сақалы жүгіріп келеді.

Қасқыр жақындап иіскейді,Аяз ата сақалы қорқып көзін жұмады.

Қасқыр: Міне,жаңа жыл мерекесі ғажайып қой!Кешкі тамақ өзі келді. Өзін кімсің,уланып қалмаймын ба? Түсінбедім , қайда тұрасың, сені бірінші рет көріп тұрмын.?

Аяз ата сақалы: Қайда,қайда орманда тұрамын. Ох,мені жемеші өтінем,мен аяз ата сақалымын,ол мені орманда жоғалтып алды.

Қасқыр: Фу,жоқ сені жемеймін,одан да орманнан тамақ іздеймін (у-у-у)

Аяз ата сақалы: Сен тамақ іздей бер,мен әрі қарай жүгірейін,жаңа жыл келіп қалды.Мені Аяз ата күтіп жүрген шығар. (Жүгереді)

Қасқыр балаларды иіскейді: Әй, балалар көмектесіңдер,қарным ашты.у-у-у

Ойын:

Музыка әуенімен түлкі шығады қолында кәрзеңкесі бар,цыған киімінде.

Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер

Ах,мен түлкі,қу түлкі хи-хи-хи!

Қасқыр: Құйрыңыңды бұлғаңдатпай, түлкіжан маған бәліш пісіріп берсеңші.Қарным ашты у-у

Түлкі : Оданда мені мерекеге шақыр,көңіл көтерейік.

Қасқыр: қайдағы мереке?қарным ашты деймін. (ішін ұстайды)   у-у-у.

Түлкі: Кәрзеңкедегі бәлішті береді,қасқыр асығып аузына тыға бастайды.Түлкі кәрзеңкені тартып алады.Жетер енді,жаңа жылды тойлайық.

Қасқыр: Ішін сипап қояды,тойдым,сізді биге шақырайын,түлкі бикеш.

Би: Кәмпиттер биі

Аяз ата сақалы жүгіріп шығып құлайды.

2.Жүргізуші: Аяз атаның  сақалы талып қалды. Көмектесейік,балалар.

Үрлейік,құтқарайық,өз-өзіне келу үшін.

Аяз ата сақалы есін жиып,отырады.

Жүргізуші: балалар аяз атаның сақалы есін жиғанша біз ән айтайық

Ән: Орысша ән

Аяз ата сақалы тыңдайды:Аяз ата келе жатқандай,қардың сықыры естіліп тұр,сендерге көп рахмет, Аяз атаның алдынан шығайын.(Жүгіріп кетеді)

1.Жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын,тамсаныңдар.

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар

Аяз ата: Келеді сақалын сипап,жарайсыңдар,балалар сендерге көп рахмет,менің сақалымды тауып бердіңдер,іздегенім табылды. :

Амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен жарысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Ақшақар:

Аяз ата қасына,

Менде еріп келемін.

Сендердей балғын достарға

Иіліп сәлем беремін.

Ақшақар: Аяз ата,шыршаның шамын жағайық.

Аяз ата: Жаңа жылғы шыршамыз.

Шамсыз бүгін болмайды.

Кәне бәріміз қосыла.

Шырша шамын жағайық.

Балалар:  Бір,екі,үш, шыршамыз жана түс!

Бір,екі,үш, шыршамыз жана түс!

Шырша шамы жанады.

2.Жүргізуші: -Ел құрметтеп көп тосқан,

Келді Аяз атамыз

Келіңдер кел достар

Шырқап ән саламыз.

Қане,балалар ән айтайық,Аяз ата естісін.

Ән: “Аяз ата”

1.Жүргізуші:

Бізбен бірге жайдары,

Аяз ата жайнайды.

Жарқырайды шыршамыз,

Би билейік баршамыз.

Би

Айлана:               Новогодний дед мороз,

Нам подарки всем принес

Расскажу ему стишок.

Пусть подарить весь мешок.

Томирис:               Көрікті! Бөрікті!

Аяз Ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.

Нұрсұлтан:           Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп, асқар тауды,

Жеттің бізге шаттана.

Шұғыла:              Дед Мороз, Дед Мороз!

Елку из лесу принес.

А пока я в сад ходила,

Мама елку нарядила.

 

Гюзяль:               Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.

Аяулым:             Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Әппақ Аяз атамыз.

2.Жүргізуші: Аяз ата пиманыз қашып  кетіпті

Ойын: “Кім жылдам?”

Шарты: Балалар шеңберде тұрады,әуенмен пиманы бір-біріне тез -тез жібереді,Аяз ата жүгіріп ұстап алуға тырысады.

Жаңа жыл:  Сәлеметсіңдар ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен биылғы кірген жыл – ит жылымын, адамдарға адал доспын,жеті қазынаның бірімін.. Жаңа жылға мен сендерге көп жақсылық әкелдім. Сендерге шаттық тілеймін! Енді 1 жыл бойы сендермен бірге боламын.

Армысыңдар, жарандар!

Ақ ниетті балалар!

Жылмен бірге кеп тұрмын

Сәлемімді қабыл ал.

Жаңа жыл – бұл жаңа өмір,

Талаптыға жаусын нұр.

Ашық аспан астында

Шарықтасын ән мен жыр.

Құт береке еліме

Берерім көп менің де.

Тойларымыз көбейіп,

Бола берсін мереке.

Ескі жыл: Шырша тойы құтты болсын ағайын,

Жыл тойында би билеп ән салайық.

Күлкінің керуеніне бізде ілесіп,

Қош айтысып қалайық.

2.Жүргізуші: Мерекелі,берекелі болған ескі жылда біздің де жеткен жетістіктеріміз аз емес,бүлдіршіндер бір жасқа үлкейді.Біз сізге ризамыз,рахмет.

1.Жүргізуші:

Жаңа жыл құтты болсын!

Әрқашан мерекелік көңіл болсын!

Кеудеміз күмбірлеген жырға толсын,

Қане,достар бименен орта толсын.

Ән: «Жаңа жыл»

Би: «Иттер биі»

Т ақпақтар:

Іңкәр:            Келді жылым – бақытым

Кемелденді уақытым,

Сәлем саған жаңа жыл

Жаңа бақыт, жаңа нұр.

Әділет:         Төрлет енді жаңа жыл,

Үлестір құт – береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке!

Нұрислам:          Даланың да, қаланың.

Думандатып отбасын,

Тағы міне, жаңа жыл.

Қақты уақыт қақпасын.

Қуандық:          Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып.

Рамазан:            Келіп қалды қараңыз,

Жарқ – жұрқ етіп шапаны,

Шашу толы даламыз.

Күміс дала үстінде,

Біз де зулап барамыз.

Арыстан:         Бар баланың қонағы –

Төрлет, ата, жоғары.

Енді дала алақай,

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза болады?

Рауан:                Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны!

Аманберлі:      Орала ма ол енді?

Айтар едім өлеңді.

Жылдамырақ келсе екен.

Бізге сыйлық берсе екен

 

Дінмұхамед.    Жаңа жылды бар тілде,

Жаңа жырға балайды,

Жаңа жылға әркімде

Жақсы үмітпен қарайды

Аңсар:              Той мереке салтанат,

Думандады шартарап.

Келіп қалды жаңа жыл.

Тартуларын арқалап.

Жүргізуші: Аяз ата ,аяз ата сіз бізге суық әкелдініз,мүмкін пеш жағып жылынармыз.Отынды қайдан алсақ екен,міне,үлкен бұтақ жатыр,бәріміз жылнатын болдық. (Ішінде сыйлықтар)

Аяз ата: Маған ара беріңдер, қане Ақшақар қызым,қасқыр,түлкіжан тұрмаңдар,көмектесіңдер. Қазір кесіп тастайық.

1.Жүргізуші: 1,2.1,2 отын таудай үйілді

Сен ара арала,арала

Асықпа,аптықпа.

Сыйлықтар шығады.

Қараңдар,балалар бұтақтың іші толған сыйлықтар екен,тамаша.

Ән:

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

 

2.Жүргізуші: Балалар! Бүгін біз үлкен залға не үшін жиналдық?

Ескі жыл қай жыл болды? Ал, кірген Жаңа жыл қай жыл?

 

1.Жүргізуші:         Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Жаңа жыл – бұл жаңа өмір,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Сау болыңыздар.Жаңа жыл тек бақыт,шаттық,қуанышқа толы болсын!

Мағжан:          Ортада таңдантып талайды.

Шыршамыз жасанып жайнайды.

Құбылып, құлпырып айнала

Сиқырлы сәулелер ойнайды.

Амина:             Тамаша! Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Даша:           Праздник мы встречаем,

Елку наряжаем.

Вешаем игрушки,

Шарики хлопушки.

Мансұр:          Жаңа жыл келді,

Бізге бақыт берді.

Шыршаға барамыз,

Әсем ән саламыз.

Айлана:               Новогодний дед мороз,

Нам подарки всем принес

Расскажу ему стишок.

Пусть подарить весь мешок.

Томирис:               Көрікті! Бөрікті!

Аяз Ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.

Нұрсұлтан:           Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп, асқар тауды,

Жеттің бізге шаттана.

Шұғыла:              Дед Мороз, Дед Мороз!

Елку из лесу принес.

А пока я в сад ходила,

Мама елку нарядила.

 

Гюзяль:               Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.

Аяулым:             Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Әппақ Аяз атамыз.

 

Іңкәр:            Келді жылым – бақытым

Кемелденді уақытым,

Сәлем саған жаңа жыл

Жаңа бақыт, жаңа нұр.

Әділет:         Төрлет енді жаңа жыл,

Үлестір құт – береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке!

Нұрислам:          Даланың да, қаланың.

Думандатып отбасын,

Тағы міне, жаңа жыл.

Қақты уақыт қақпасын.

Қуандық:          Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып.

Рамазан:            Келіп қалды қараңыз,

Жарқ – жұрқ етіп шапаны,

Шашу толы даламыз.

Күміс дала үстінде,

Біз де зулап барамыз.

Арыстан:         Бар баланың қонағы –

Төрлет, ата, жоғары.

Енді дала алақай,

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза болады?

Рауан:                Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны!

Аманберлі:      Орала ма ол енді?

Айтар едім өлеңді.

Жылдамырақ келсе екен.

Бізге сыйлық берсе екен

 

Дінмұхамед.    Жаңа жылды бар тілде,

Жаңа жырға балайды,

Жаңа жылға әркімде

Жақсы үмітпен қарайды

Аңсар:              Той мереке салтанат,

Думандады шартарап.

Келіп қалды жаңа жыл.

Тартуларын арқалап.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *