«Әуежайдағы Жаңа жыл»


Қасықбаева Айбану Ергалиевна
Қарағанды қаласы КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Жүргізуші: Сәлеметсіздерма, құметті ата-аналар мен әріптестер! Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Келе жатқан ит жылы бәрімізге бақыт, шатық, береке, бірлік әкелсін. «Айгөлек» тобының «Әуежайдағы Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Біздерде ертеңгілік басталады

Тамаша күй тартылып, ән салады

Қошеметтеп, қол соғып отырайық

Ұмытарсыз жл бойы шашағанды.

(Әдемілеп безендірілген залға 4 жолсерік қыз билеп шығады.)

Арайлым: Қайырлы күн, құрметті жолаушылар және «Гауһар» әуежайының қонақтары.

Дария: Біз сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз, сіздерге ұмытылмас мереке тілейміз.

Айша: Ал қазір, барлық жолаушыларды ұшаққа өтулеріңізді сұраймыз.

Айым: Жолдарыңыз болсын!

– Құрметті жолаушылар ауа-райының бұзылуына байланысты 2018 нөмірлі ұшақ кешігіп жатыр. «Айгөлек» авиакомпаниясы кешірім сұрайды.

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар, ауа-райының бұзылуына байланысты барлық рейстер тоқтатылды. Бірақ менде бір ой бар, Біз мерекені осы әуежайда өткізсек қалай? Бізде көптеген әртістер бар. Келісесіздерма?

Тақпақтар:

Евгения: Тамаша, Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Қасында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Мерей: Тауда туып, Тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Айым: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, Төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Ән: «Жаңа жыл»

– Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!Жедел тоқтау алаңына белгісіз ұшатын нысан келіп қонды.

(Екі өзге ғаламшарлықтар ұшып келеді)

Адиль: Бірінші, Бірінші қабылда, мен Екіншімін.

Темірлан: Екінші, Екінші мен Біріншімін, қабылда.

Адиль: Алақай! Біз қондық, бірақ қай жерге?

Темірлан: Біз қайда қонғанымызды білмейміз.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерма Өзге ғаламшарлықтар? Балалар, Өзге ғаламшарлықтар қай жерге қонғандарын білмей тұр, оларға қай жер екенін табуға көмектесемізбе?

– Біздің ғаламшарымыз қалай аталады? (Жер)

– Еліміз ше? (Қазақстан)

– Бізде қазір қандай мереке болып жатыр? (Жаңа жыл)

Жүргізіші: Өзге ғаламшарлықтар сіздер Жер ғаламшарының, Қазақстан еліне келдіңіздер. Қазір «Гауһар» әуежайында Жаңа жыл мерекесі өтуде.

Темірлан: Алақай! Біз дұрыс келіппіз, біз сендерге сәлемдеме алып келдік.

Адиль: Бұл сәлемдемені Аяз ата беріп жіберді, бірақ ішінде не бар екенін айтқан жоқ.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге өзге ғаламшарлықтар.Неге Аяз атаның өзі келмеді?

Адиль: Техникалық ақауларға байланысты кешігіп жатыр.

Жүргізуші: Өзге ғаламшарлықтар сіздер күту залына барып, мерекені тамашалаңыздар. Ал біз Аяз ата келгенше сәлемдемені ашып көрейік. Ойғ қандай тамаша дүние. Ішінде хат бар екен. Не деп жазылған, оқып көрейік. (Бұл сыйлық Мұз қорғанында жасалған «Сиқырлы сырғанақ». Егер сиқыр көргілерін келсе, кішкене терезеге қар лақтыр.)

Қане лақтырып көрейік.

(Ақшақар келеді)

Ақшақар: Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар. Жаңа жыл құтты болсын. Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ақшақар. Қош келдің. Ал Аяз ата неге келмеді?

Ақшақар: Білмеймін, мен аяз атаны тосып алу үшін осында ертерек келдім.

Жүргізуші: Жарайды, біраздан кейн келіп қалар. Сиқыр жасап көрейік.

(Жалмауыз кемпір ұшып келеді)

Жалмауыз кемпір: Сәлеметсіздерма балалар, қонақтар. Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен, Мен міне Мальдива аралдарына ұшайын деп жатырмын. Жаңа жылды жағажайда жатып қарсы алам.

Жүргізуші: Жалмауыз кемпір салеметсізбе. Сізді де Жаңа жылыңызбен. Жалмауыз кемпір сізді ренжіткім келмейді, бірақ ауа райының бұзылуына байланысты барлық ұшақтар тоқтатылды.

Жалмауыз кемпір: қалай сонда? Мен не истейм? Жағажайым, өзеңім демалысым не болады?

Жүргізуші: Жалмауыз кемпір сіз көңіліңізді түсірменіз, міне бізде әуежайда мереке тойлап жатырмыз, сізде бізбен бірге осы жерде демалыңыз.

Жалмауыз кемпір: Жақсы болдығой, мен мына орындыққа жайғасайын. (Орамалын алып шығып, жайғасып жатады.)

Ақшақар: Жалмауыз кемпір сенің бұның не? Біз саған демал дегенде жат деген жоқпызғой. Демалу деген, балалармен ән салып, би билеп, ойын ойнау.

Жалмауз кемпір: ойын ойнау? Балалар менімен ойнамайды, қорқады. Балалар сендер менен қорқасындарма?

Балалар: Жооқ

Жүргізуші: Жалмауыз кемпір біздің балалар ешкімнен қорықпайды.

Жалмауыз кемпір: Жақсы, онда ойын ойнайық.

Ойын: …..

Жүргізуші: Айтпақшы, Жалмауыз кемпір саған Мальдиваға ұшақтын керегі не? Сенде ұшатын сыпырғыш бар емеспа?

Жалмауыз кемпір: (Жылап тұрып). Қайран сыпырғышым-ай, оны мен моншаға түсіп жатқанда ұрлап кетті.

Жүргізуші: Жалмауыз кемпір жылама, біз сиқырлы сырғанағымыздан сұрап көрейік. Қане қар лақтырайық.

– Тыңшы агенттігі сіздерге ертегідегі ең мықты ізкесушілерді жібереді.

Би: Ізкесушілер

Жүргізуші: Құрметті ізкесушілер көмектесіңдер, Жалмауыз кемпір сыпырғышын жоғалтып алды.

Нұртілек: Әже қорықпа!

Біз тамаша тыңшымыз

Ертегіден таныспыз

Жоғалғанды табамыз

Ешкімнен көмек сұрамай.

Жүргізуші: Ізкесушілер седер күту залына барып, баолығын бақылап отарыңдар. Ақшақар мына жерде сенің ұлпа қарларын отыр екен, соларды шақырып сқрап көрейік, мүмкін сыпырғыштын қада екенің білетін шығар

Ақшақар: Ал жақсы, Ұлпа қарларым ортаға шығып әсем би билеп беріңдер.

Би: Ұлпа қарлар.

Жүргізуші: Бәрекелді Ұлпа қарлар, тамаша билейді екенсіңдер. Ұлпа қарлар сендер Жалмауыз кемпірдің сыпырғышын көрмедіңдерма?

Ұлпа қарлар: Жооқ, көрген жоқпыз.

Ақшақар: Жарайсыңдар Ұлпа қарларым. Аяз ата мен келгенше шышаны жағып қой деп сиқырлы сөзді айтып жіберіп еді. Балалар маған шыршаны жағуға көмектесесіңдерма?

Балалар: иа

Барлығы: Шырша, Шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат (Үш рет)

Жүргізуші: Ақшақар Шыршаны жағып бергенің үшің рахмет саған. Бағанадан бері шыршамыз мұңайып тұрған, енді қараңдарш балалар, шыршамыз әп әдемі, жап жарық. Ендене қане Балалар әсем шыршамызға арнап ән салайық

Ән: Шырша

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Жаңа мына шыршанын артында ойынышықтар жүрген, соларды шақырып сұрап көрейік.

Би: Ойыншықтыр

Жүргізуші: Бәрекелді Ойыншықтар, тамаша билейді екенсіңдер. Ойыншықтар сендер Жалмауыз кемпірдің сыпырғышын көрмедіңдерма?

Ойыншықтар: Жооқ, көрген жоқпыз.

Жүргізуші: Енді не істесек болады? Мүмкін сиқырлы сырғанағымыз біліп қалар. Кішкене терезеге қар лақтырайық.

Тыңдаңыздар. Тыңдаңыздар! Жедел тоқтау алаңына жылдам жүретің шана келіп тоқтады. Екі жолаушысы бар. Олар: Аяз ата мен Келер Жыл Ит. (Аяз ата мен Ит кіріп келеді.)

Аяз ата: Сәлеметсіздерма Балалар, Қонақтар. Менің шанам Айға келгенде бұзылып қалып сол жерде қалып қойдым. Сосын сідер уайымдамасын деп мына екі Өзге ғаламшарлықты жібердім.Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын. Ит жылы барлығымыздың отбасымызға таыс, береке әкелсін. Келе жатқан жолымда Мына Ит адасып осында жол таппай жүр екен сосын өзіммен бірге ала келдім. Және мына сыпырғышты қардың астынан тауып алдым.

Жалмауыз кемпір: Ой рахмет саған аяз ата. Енді мен қайтайын.

(Тауық қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата! Қош келдіңіз. Сізді де Жаңа жылыңызбен. Біздің Балалар сізді көөп күтті. Қане балалар Аяз атаға тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар:

Жансезім                                                    Бақдәулет

Жаңа жыл, жаңа жыл                                 Жаңа жыл келгенде,

Жаңа жылға, жаңа жыр                              Қуанып қарсы аламыз

Жасыл шырша жанында                             Аяз ата келгенде

Билеп барлық бала жүр.                               Билейміз, ән саламыз

Альмира                                                        Айлы

Әдемілеп біз ілген                                  Безендіріп шыршаны

Ойыншықтар тізілген                               Жыл қуантты баршаны

Қандай әсем шыршамыз                         Той маскарад басталды

Ән шырқайық баршамыз                             Аяз оны басқарды

Ярослав                                                     Аружан

Ақ қырауға малынған                              Аппақ тоңға оранып

Сақалы да, мұрты да.                                Базарлықты мол алып

Аяз ата сағынған                                       Келді алыс сапардан

Сәлем бердә жұртына                               Аяз ата оралып.

Нұрасыл                                                  Дарын

Ақ қар жапты даланы                           Қалып едік сағынып,

Ақ жамылды айнала                                          Күтіп алдық жабылып.

Жарқыратып шамдарын                            Жолын қойдық жарық қып

Шырша келді ортаға                                         Шыршаларға шам іліп.

Ән: Аяз ата.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *