«Цирк алаңында жаңа жыл мерекесі»


Накина Гулнар Интуевна
Қарағанды қаласы КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалар Аязатаның, Ақшақардың, және тағы да басқа кейіпкерлердің  карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындарды ойнату.

Балалар тауық жылымен әуен арқылы залға кіріп отырады,жарық өшеді,прожекторлар жанады, фанфарлар қосылады, жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар! Назар аударыңыздар! Естуге асығыңыздар,көруге асығыңыздар! Тек қана бүгін және тек қана  қазір біздің цирк алаңында ерекше жаңа жылдық көрсетілім!  Әлемдегі ең керемет –сайқымазақтар, дрессировшиктер, сиқыршылар  және акробатттар тек қана бізде! Сонымен, біз бастайық!

Залдағы  балаларға сайқымазақ жүгіріп кіреді.

Сайқымазақ: Сәлем, балалар!  Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ал, танысайық, мен сайқымазақпын. Ой,сіздер қалай көпсіздер! Бұл деген керемет! Балалар, аздап шыдаңдар, содан соң бәрі басталады! Сіздер сұраңыздар не басталады деп? Ал мен жауап беремін,  әлемдегі ең тамаша мереке –Жаңа жыл басталады! Ал сіздер цирк алаңында Жаңа жылды қарсы алып көрдіңіздер ма? Жоқ?онда тездетейік, бірнеше минуттардан кейін біздің циркте ерекше жаңа жылдық көрсетілім басталады!сіздер дайынсыздар ма? Ендіше-алға!

Әуен  қосылып, ортаға акробаттар тобы шығады.

Илан,Арсений,Санжар,Ислам өнер көрсетеді.

Жүргізуші: біздің бағдарламаның келесі нөмірі- дрессура! Сонымен қарсы алыңыздар,үйретілген иттер!

Үйретілген иттермен нөмір.

Ульяна,Батырхан,Жансель өнер көрсетеді.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар! Ал қазір цирк алаңында алғаш рет – жаңа жылдық сиқыр. Әйгілі сиқыршы, маг және фокусшы –Покус мырза! Қарсы алыңыздар!

Покус мырза фокус көрсетеді.

Сайқымазақ: Бәрекелді! Нағыз керемет! Покус мырза балалармен бірге сізден сұрайтын өтінішіміз бар:біздің жаңа жылдық  шыршамызды жағып бермейсіз бе? Өздеріңіз ойлап қараңдаршы, Аяз ата мен Ақшақар келгенде шырша жанып тұрады, осылайша оларға тосын сый болады! Сізге бұл қиын емес шығар!

Покус: Құрметті Сайқымазақ, бір сәт күте тұр, мен барлығын жасаймын.

Ән әуені қосылады, сиқыршы таяқшасын алады,сиқырлы сөздерін айтып,шыршаға жақындайды. Шырша жанады да,өшіп қалады. Біреудің күлкісі естіледі.

Мыстан кемпір: ой, күлкім ай, күлдірдің гой! Қазір күлкіден жарыламын! Ой ,бұндай да –сиқыршы! Фу –сендей, әй-сендей сиқыршы ма!  Не болды? Не шыршаны жақтың ба? Эй, костюмде тұрған, неменге тұрсың? Менім шығатынымды хабарла!

Жүргізуші: Кешіріңіз,бірақ сіз кімсіз? Кімнің шығатынын хабарлауым керек.

Мыстан кемпір: кім дегенің қалай? Қалай танымай қалдың? Қане, тездетіп хабарла: ең әдемі және сүйкімді –Ягуся Меркуловна!

Жүргізуші: Ягуся ?  А сіз – мыстан кемпірсіз гой!

Мыстан кемпір: Әйтеуір, түсіндің гой. Тез хабарла , әйтпесе жаман болады! Бәріңді сиқырлап тастаймын да, тышқанға айналдырамын.  Ал  сені олардың басшысы ретінде қоямын.

Жүргізуші:  Жақсы, жақсы  қазір хабарлаймын! Назар аударыңыздар! Назар аударыңыздар! Цирк алаңында- Мыстан кемпір!

Ән әуені қосылып, мыстан ортаға шығады.

Мыстан кемпір: Не мені күтпедіңдер ме? Міне, нағыз тосын сый болды гой дим?  Енді мен бұл жерде барлықтарыңды басқаратын болдым! Эх, түстеріңе де кірмеген мереке өткіземін! Сонымен былай жасаймыз, шыршаны жинап тастаймыз да,менім сыпырғышымды безендіреміз! Эй, сары мында кел!

Сайқымазақ: Мен?

Мыстан кемпір: Иә,сен,сен! Сыпырғымды ұста. Абай бол,сыпырғым өте нәзік! Мм , негізі бір сыпырғыш аздау болады. Екіншісін ұста. Керемет! Ал ,қазір біз балалармен бірге сыпырғышты безендіреміз!

Ойын: «Кім бірінші сыпырғышты безендіреді»

Мыстан кемпір: Өте керемет, тамаша! Бағдарлама бойынша әрі қарай не? Эй, костюм киген сөйлегіш, мерекелерде тағы не болушы еді?

Жүргізуші: Біздің балалар өте өнерлі,ендеше осы жаңа жыл мерекесіне арнап ән айтып берсін!

Мыстан: ән дейсің бе? Ән деген жақсы! Әнді мен жақсы көремін! Ал,сендер ән айту білесіңдер ме өзі? Қанеки, маған бір ән айтып беріңдерші.

Ән: «Жаңа жыл»

 

Мыстан: бұл әндерің ешқайда  жарамайды! Бұл не деген сұмдық! Бақандай бір ән айтып шықтыңдар, бұл өте аз. Бұлан басқа не білесіңдер?!Ендеше маған тақпақ айтып беріңдер,ал мен дирижерлік етемін.

Ислам: Жаңа жыл – бұл жаңа өмір,

Талаптыға жаусын нұр.

Ашық аспан астында,

Шарықтасын ән мен жыр

Глеб:    Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет,төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Илан:  Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап бар бала жүр.

 

Мыстан: міне,енді басқа жағдай!

Мыстан: Сендер неге мен туралы тақпақ айтайсыңдар?Тыңдаңдар,бұл менің өлеңдерім,өзім шығардым.

Мен бүгін ерте тұрдым,                                            Кім өмірде бәрінен де ажарлы,

Бәліштерді дайындауға                                            Неғұрлым, аққұба, сұлулы?

Борщ, құймақ, қаймақ-                                            Кім ажарлы дауа жоқ

Барлығын да мына өзіме,                                      Тек қана бір жауабы:

Тұрыңдар, сүйектер, пештерден,                       Ақшақар да емес, матрешкада емес

Бәрінен де ажарлы –Кемпірушка!

Мыстан: Әнеки,әнеки! Тыңдағыларың келсе барлағында тыңдайсыңдар! Ал енді-би! Мен әлемдегі ең мықты – бишімін! Менің билерім –ең керемет! Эй, сары костюмдерді сөйлегіш,маған керемет деген бишілеріңнің өнерлерін көрсет,ал мен кішкене қимыл жасай тұрайын.

Би: «Ақшақарлар»

(мыстан ақшақарлар биіне қосылып өзінше билегендей болып тырысып бағады)

Мыстан: Мереке деп осыны айт!  Міне нағыз- мереке!эй, смокинг киген еріншек, мен бәрін жасай аламын ба?

Жүргізуші: жоқ, олай емес Мыстан.

Мыстан: не? Сенің бірденеге көңілін толмады ма? Тышқандар туралы ұмыттың ба әлде?  Бір-ақ  сәтте тышқанға айналдырамын!

Жүргізуші: Мен бе? Мен ештеңе! Тек   жаңа жылдық мерекеде міндетті түрде Аяз ата мен Ақшақар  болу керек! Олар балаларға сыйлық әкеледі және жаңа жылдық шыршаны жағады.

Мыстан: Айталық  шыршамен әңгімеміз бітті- міне, ол сұлу! Бірақ,оны жағуға мен рұқсат бермеймін! Ал   Аяз ата мен Ақшақар туралы ойлану керек. (ойланып, жүреді) Таптым! Ақшақар мен боламын, ал Аяз ата – кощей болады! Қазір мен оны шақырамын! (сықырады).

Ән әуені ойнайды,атпен теріс қарап кощей келеді. Мыстан кемпір Кощейді айналдыруға тырысады (минатюрды). Соңында ол оны жасайды.

Кощей: Эй,Мыстан неге шақырдың?

Мыстан: Тыңдаш, Кощей мен мына жерде кішігірім жаңа жылдық сабантой ұйымдастырдым.

Кощей: Не ұйымдастырдың?

Мыстан: Циркте жаңа жылдық мереке ұйымдастырдым! Міне, шыршаны безендірдім.ән мен би үйреттім. Түсінесің бе , бірақ ереже бойынша   Аяз ата мен Ақшақар керек екен. Міне, мен ойлап таптым: мен Ақшақар болып киінемін,ал сен –Аяз ата боласың!

Кощей: Аяз ата? Мейірімді, кәрі шал ма? Ешқашан! Мен кощей бессмертный, мен-зұлыммын

Мыстан: қане, Кощей,өтінемін , мен жаңа жылды өзімізше,зұлымдарша өткізгім келеді!

Кощей: Жоқ! Үгіттеме! Мен тіпті  жай да болса мейірімді болмаймын!

Мыстан:  Болмасаң болмай-ақ қой, мейірімді болудың қажеті жоқ!

Солай зұлым болып қала бер! Мейірімсіз Аяз ата –тіпті қызықты. Және де бізге зұлым іс жасау керек қой, яғни нағыз Аяз атаны тонау керек.

Кощей : Тонау дейсің бе? Онда мен ойланайын! Оларды не үшін тонау керек?

Мыстан: Түсінесің бе, бұл ата балаларға сыйлық әкеледі!

Кощей: Барлығына ма?

Мыстан: Иә, барлығына!

Кощей: Онда қанша сыйлық бар сонда?

Мыстан: Көп. Өте көп , сондықтан біз оны тартып аламыз!

Кощей: солай айтпайсың ба! Ол үшін мен не істеуім керек?

Мыстан Кощейдің құлағына бірдене айтып сыбырлайды.

Мыстан: түсіндің бе?

Кощей: түсіндім!

Мыстан: Онда аттарымызға отырайық! Әй, Сары біз қазір кешікпей  келеміз, ал сендер әзірше сыпырғы-шыршамызды күзете тұрыңдар!

Ән -әуенмен олар кетеді.

Сайқымазақ:  Енді не істейміз?  Көңіл-күйімізді бұзып, көрсетілімізді бұзып тастады! Аяз ата мен Ақшақарға қауіп төніп тұр!

 

Жүргізуші: Оларға ескертуіміз қажет!

Сайқымазақ: Қалай?

Жүргізуші: Оларға хабаршы жіберу керек!

Сайқымазақ: Қысқы орманға кімді жібереміз? Ол жақта суық, қорқынышты және де Мыстан кемпір мен Кощейді алдын кім ала алады?

Жүргізуші: Менде бір ой бар, Қара! Назар аударыңыздар! Назар аударыңыздар! Цирк алаңында ғажайып үйретілген көгершіндер нөмірі.!

Көгершіндер нөмірі.

Сайқымазақ:  Қандай табылған ақыл! Бұл хатшы көгершіндер бір мезетте біздің хабарымызды Аяз ата мен Ақшақарға жеткізеді. Мен қазір оларды босатамын, бізге күту керек.

Әуен ойнайды, Кощей мен Мыстан кемпір кіреді (киімін ауыстырып).

Мыстан: ұмытпа, мен –Ақшақармын, сен – Аяз атасың, байқа біліп  қоймасын!

Кощей: Сен маган ұрлық жасаймыз деп уәде беріп ең ғой, ал мен бүлдіршіндермен билегім келмейді!

Мыстан: Тыныш, үндеме, топас мерекені бұзба! Ұрлық жасаймыз, бірақ кештеу.

Кощей: Қашан ол?

Мыстан: тауда шаян ысқырғанда! Мен не айттым,соны істе! Сәлеметсіздер ме, балалар, қыздар мен ұлдар!

Кощей: Сәлем,құлаққаптылар!

Мыстан: сендер бізді шақырдыңдар,күттіңдер, біз міне келдік!

Кощей: иә саған, басымызды бәлеге қалдырдық!

Мыстан: Мен- сұлу да әдемі Ақшақармын, ал бұл – менің сүйікті атам! Оның аты кім?

Балалардың жауабы: Кощей

Мыстан: О не дегендерің, о не дегендерің! Бұл -Кощей емес, бұл –Аяз ата! Ал біз сендерге мұны дәлелдейміз! Біз сіздерге ән айтып,

би билеп береміз, ойын ойнатамыз…

Кощей:  Босқа уақытты жоғалтамыз.

Мыстан: Сөйлеме, ақымақ, сен қазір бәрін бүлдіресін! Қане, балалар ,кім Аяз атамен қызықты ойындар ойнағысы келеді?

Ойын: «Байпақ»

 

 

Жүргізуші: Құрметті Аяз ата мен ақшақар біздің балаларымыздың өнерлерін тамашаласақ қайтеді?

Ән: «Аяз ата»

Сайқымазақ: әй, сендер-ай, а! Бізді алдап соқтым деп тұрсыңдар ма? Бәрібір біз сендерге сенген жоқпыз, солай ма балалар? Сендер Аяз ата мен Ақшақар емесіңдер, сендер Кощей мен Мыстан кемпірсіңдер.

Кощей: Айттым гой мен саған бұдан түк шықпайды деп, ал сен болсаң,эх-х!

Мыстан:Жарайды, өздеріңе жаман болады. Бір жақсылық жасаймын ба десем, өмірімде бір рет болсын мереке ұйымдастырайын, соның қожайыны болайын деп едім. Сендерге керек болмаса – өздерің біліңдер. Бәрібір менің айтқаным болады,ал сендердің әндерің айтылып тасталды! Ал қазір мен сендердің барлығыңды ағаш шырмауықтарыңа , батпақ балшықтарына айналдырып жіберем,сосын сендерге ешкім көмектесе алмайды! Абра-кадабра, чукара-мукара!

 

Әуен  ойнайды, Аяз ата, Ақшақар және Ит жылы пайда болады.

Аяз ата: Тоқта,  Жалмауыз Меркулқызы! Тентек болдың, болды!

Кощей: Ал енді секіріп болдың ба,кемпір? Қазір ол бізді 100 жылға өзінің мұз сарайына тығып тастайды.

Кемпір: Ал сен Аяз Иванұлы, бұл жерде  қайдан жүрсің? Мен сенің жолыңды жақсылап біліп алдым, ерте келдің мұнда, сен басқа жерде болу керек едің!

Ақшақар: Бұл хатшы көгершінге рахмет! Ол бізге,  жүрегі таза гой, сенің қылықтарың туралы айтып берді. Біз әп-сәтте бағытымызды өзгертіп жібердік, ұятсыз, саған біз балапандардың мерекесін бұзуға жол бермейміз!

Аяз ата: Дұрыс айтасың, немерем! Жалмауыз кемпір сенің айтқаныңдай болмайды! Сен адамдармен тату-тәтті өмір сүре алмайсың, жаныңның барында жоғал бұл жерден! Эй, қар борандары,тынымсыз дауылдар Жалмауыз кемпір мен Кощейді менің мұз сарайыма алып кет те, оларды сол жерде қамап қойыңдар! 100 жыл сол сарайда отырсын да ойлансын!

Әуен ойнайды, желдің уілі, Жалмауыз Кемпір мен Кощей жоқ болады

Жүргізуші: Алақай,мына жалмауыз кемпірден құтылдық ау!Рахмет сізге мейірімді ата сіз алыс жолдан шаршап келген боларсыз,отырып демалыңыз.Ал біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған биі бар,соны тамашалаңыз!

Би: «Санта Клаус»

Тауық жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық бақыт әкелсін.

Мына келер жылға айтар тілегім

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2018 жылға  қадам басқан

Гүлдене көркейе бер Қазақстаным

Келесі жыл бастауын итке беремін!

Ит жылы: Кім десендер, мен жаңа жылмын,Итпін. Мен  жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.Рахмет тауық жылы!!!

(екеуі құшақтасып,қоштасады)

Тауық қоштасып,әуенмен залдан шығып кетеді.

Ақшақар: Ал, енді іске кірісейік!  Мереке толық күйде өтуде! Ата, біз Сайқымазақ екеуіміз шырша-сыпырғыштарды жинап тастаймыз, ал сендер орманның сұлу шыршасының шамын жағыңыздар, ол түрлі-түсті шамдарымен балалар мен үлкендерге қуаныш сыйласын!

Аяз ата: ақылдым, немерем! Дурыс айтасың, жағатын уақыт келді. Ал, балалар , менімен бірге қайталаңыздар:

Шырша-сұлу шырша

Бәрімізге ұнайды

Бәріміз бірге айтайық

Бір, екі, үш

Шырша шамы жансын!

Әуен ойнайды, шыршаның шамы жанады.

Сайқымазақ: Ой,   қандай әдемі еді! Ал енді ойланбастан ән мен биге кірісеміз.

Ендеше барлығымыз осы әдемі шыршамызды айналып бір ән айтып берейік!

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар, бізде жай ғана ертеңгілік емес, сіздер нағыз жаңа жылдық циркке түстіңіздер.  Балалар цирк нөмірлерін дайындап қойды және өздерінің өнерлерін көрсетуге асығуда. Сіздер біздің жас әртістердің өнерлерін тамашалағыларыңыз келе ме?

Матвей: Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Аяз ата: Әрине, көргіміз келеді.

Ақшақар: біз ата екеуіміз циркті жақсы көреміз және балалардың дайындаған өнерлерін шын  жүректен қуана-қуана тамашалаймыз.

Фанфарлар ойнайды, прожекторлар жанады

Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Цирк көрністері жалғасады! Цирк   алаңында  әлемдегі ең көңілді сайқымазақтар!

Сайқымазақылар

Жүргізуші:  Ал қазір арнайы Аяз ата мен Ақшақарға арналған әуенді-поэтикалық үзіліс!

 

Санжар: .   Аппақ,аппақ жапалақтап,

Қар жауады тыңбастан.

Қалың орман,қар жамылған,

Маужырайды түңгі аспан.

Кел билейік,үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыл.

Құтты болсын,құтты болсын!

Құтты болсын,Жаңа жыл!!!

Альбина:.    Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны!

Аяжан:.   Орала ма ол енді,

Айтар едім өлеңді.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге сыйлық берсе екен!

Әліби:  Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып.

Конферансье : Біздің бағдарламамыздың келесі нөмірі….

Гоша: Біздің бағдарламаның келесі нөмірі көңілді,қызықты ойын! Аяз ата сен балалармен ойнағың келе ма?

Аяз ата: Үлкен қуанышпен!

Аяз атамен ойын

Ақшақар: ал енді, ата, ғажайыпқа арналған уақыт басталды! Балалар бізді көңілдендірді, енді біздің кезегіміз!

Аяз ата: ақылды, немерем дұрыс айтасың! Менім осындай тамаша балаларға арналған сыйлықтарым бар. Тек,қана мен  өзімнің сыйқыршы таяқшамды есім шығып жүріп ұмытып кетіппін. Ал онсыз ешқандай ғажайып сыйқыр  болмайды.

Сайқымазақ: Уайымдама , Аяз ата  біздің циркте нағыз сыйқыршы бар, ал онда  сыйқыршы таяқша бар. Мүмкін, оның саған көмегі тиер!

Аза ата: Кәне, көрейік!  Өзіңнің таяқшаңды мына сыйлыққа тигізіп көрші!

Әуен ойнайды, сыйлық үлкен сыйлыққа айналады. Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратады.

Аяз ата: Міне,немерем, біз өз ісімізді атқардық,енді балалармен қоштасу қалды!

Жүргізуші: Аяз ата,ақшақар біздің балаларымыздың сізднрге арналған орыс тілінде және ағылшын тілінде тақпақтары бар,соны тыңдаңыздар.

Жансель: Скоро в гости к нам придет,

Развеселый Новый год!

И подарков целый воз

Приготовит Дед Мороз!

Арсений: Нью сиңс ту си

Нью сиңс ту хиа

Нью сиңс ту ду

Ин зис нью иа!

 

Диясыл: Новый год пришел!Ура!

Ты – как белый снег,

Праздник мира и добра.

Раздели на всех!

Николай: Э хеппи нью иа фо ми

Э хеппи нью иа фо ю

Э хеппи нью иа фо эвриуан

Зэтс уот ай уиш,ай ду!

Ульяна: Горе и печаль – развей!

Вновь до января.

По земле лети резвей,

Счастье нам даря!

Рахиля: Нью иа дэй

Нью иа дэй

Лэт ас сиң

Энд лэт ас плэй!

Хор: «Пять минут»

Балалар ән айтады, Аяз ата мен Ақшақар ән әуенімен кете барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *