Әліппе пәнінен ашық сабақ әзірлемесі “Я дыбысы мен әрпі”


 

 

автор: Амиржанова Айжан Капаровна

  Пәні: сауат ашу

  • ІІ.  Сабақтың мақсаты:

а) Я дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.

ә) Я дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың  жалпы  ой — өрісін,
тілін дамыту.

б) Бірігіп  жұмыс  істеуге, бірінің  пікіріне бірі зер салып  таңдауға, табиғатты  сүюге, құс-
тарды қорғауға,  оларға  қамқорлық  жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,сто әдістері.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,өзін-өзі тану.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте,дыбыстар үйі,буындар,суреттер,видеоролик.

Қызығушылығын ояту.

Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

Қуан,шаттан! Қуан,шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін!

 

ІІ.Оқушылардың өзара тілек айтулары:

-Денің  сау  болсын!

-Ұқыпты  бол!

-Батыл  бол!

-Кішіпейіл  бол!

-Ізетті  бол!

-Әдепті  бол!

-Ақылды  бол!

-Білімді  бол!

-Сүйкімді  бол!

-Қазақтың  баласы  бол!

-Еліңе  қорған  бол!

-Арманшыл  бол!

ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау: Тақтада жасырылған сөздің сырымен танысу үшін,өтілген  тақырыптар бойынша қосымша сұрақтар қоя отырып, білімдерін пысықтау:

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дыбыстар қалай бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? Ә  әрпі ашылады.

ІҮ. «Орнын тап» ойыны.

             Пияз        Қияр              Қоян     Ұя

Сөздер суреттердің астына орналастырады.

  • Ұя жайлы сергіту сәті айтылады.

                                     Торғай,торғай,торғайсың,

                                Таяу келіп қонғайсың.

                                Ұя жасап берейік,

                                Сонда аязға тоңбайсың.                        Л  әрпі ашылады.

Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:  А яқ     қо  ян      қи яр    а яз     та қи       Та яқ       пи яз  

Өте жақсы, ұя сөзін буынға бөлейікші ұ-я  неше буын, 1-ші буынды ата,2-ші буынды ата.Бізге таныс емес әріп қайсы? (я) Қане, бәріміз бірге айтып көрейікші,қалай айтылып тұр (созылып,әндетіп,бір өзі буын жасай алады). Ендеше қандай дыбыс болғаны, көк үймен қызыл үйдің қайсына орналастырамыз..(Д.д.қ.үй)

Я  дыбысын  айтқанда  тағы  қандай  ерекшеліктерді  байқадыңдар? (й-а)

Дұрыс айтасыңдар, я-й+а дыбыстарының қосарланып айтылуы арқылы  жасалған, бір әріппен ғана таңбаланады. (я) Баспа, жазба түрлерімен таныстыру.

Пияз,қияр,тақия, қоян заттарын көрсетіп сөздерді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасату  (ПИЯЗ- 2 б,4 ә,5 д)

Мәтін  «Саябақ» оқылады.Мәтінді талдату.Оқушылар тізбектеп оқып,сұрақ-жауап әдісі арқылы  мазмұнын айтады. Жазба жолындағы сөздермен  жұмыс,оқушыларға  хорменен, сонан соң жалғастыра  оқыту .  

ҮІ. Дәптермен жұмыс

Я әрпінің элементін үлгіде көрсетілгендей тақтада,ауада,дәптерде жазу.    

  • Сергіту сәті.

Жаздық , жаздық бәріміз,              

Талып қалды қолымыз.

Аз ғана дем алайық,

Сосын қайта жазайық.

ҮІІ. «Ойлан, тап!» ойыны.

Сөз бен теңдіктің байланысын табу арқылы жаңа сқз шығар.

 ТАҚИЯ                         5-2=3                     ТАҚ  деген не?

ҮІІІ.  «Сауатты жазу» ойыны: Карточкамен жұмыс.                П  әрпі ашылады.

ІХ. Жаңа білімдерін бекіту. Диктант жазу: сия қия аяқ ұя сая мая жая. Б    әрпі ашылады.

Х. Әріптер видеокөрінісі.                                                  И   әрпі ашылады.

ХІ «Кім жылдам?» ойыны:

  • Кезектесе я дыбысы бар сөздерді атату.
  • Қатар бойынша жарыс: Я дыбысы бар ер бала және қыз бала аттарын атату.

 ХІІ. Сабақты қорытындылау:

–    Біз қандай дыбыспен таныстық?

–   Я  қандай дыбыс?

–   Қандай екі дыбыстың  қосарлануы  арқылы жасалады? (й + а)

–  я дыбысы бар қандай сөздермен таныстық?

Балалар, сонымен бүгінгі сабақта Әліпби сөзімен таныстық, қазақ әліпбиінде қырық әріп, екі таңба бар. Онда әр әріптің өз орны және атауы бар.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу. Газет, журналдардан я әрпі бар сөздерді жазу.

Бағалау.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *