Әлеумет Қоршаған ортамен таныстыру «Ұлдар мен қыздар»


Калыбекова Эльмира Бектургановна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы №3 «Балдырған» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Қыздар мен ұлдар туралы түсінікті кеңейту

Білімділігі:Топтағы қатарлас ұл қыздарды бір-біріне сый-құрметпен қарауға ынталандыру.

Дамытушылық:Қыздар мен ұлдар бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!Біздің ашық сабағымызға қош келдіңіздер!Қыздар мен ұлдар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Қанекей балалар амандасайық

Балалар:Армысың шапағатты күн ана!

Армысың қайырымды аспан ана!

Армысың мейірімді жер ана!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерді шаттық шеңберге қыздар мен ұлдар бір-бірімізге қарап амандасайық.

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға гүл шашылды,

Қыздар:Қайырлы күн

Біз нәзік қыздармыз!

Ұлдар:Қайырлы күн

Біз ержүрек ұлдармыз!

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар енді бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

Балалар:Күніміз жарқын болсын!

Деніміз сау болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Нанымыз көп болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Тәрбиеші: Жақсы балалар!Бүгінгі кездесуде ұлдар мен қыздардың арасындағы қарым қатынасты білеміз.

Тәрбиеші: «Қыз өмірдің қызғалдағы», «Ұл елін қорғайтын азамат»

Балалар мына сызбаға қарайықшы

Әдептілік           Сұлулық                    Көктем

Нәзіктік                 Гүл            Сән              Махаббат

Ұлдар біздің топтың қыздарын сипаттап берейікші

Рома: нәзік

Алихан: әдемі

Махамбет: инабатты

Бақдәулет: ілтипатты

Жәңгірхан: еңбекқор

Тәрбиеші: Бәрекелді ұлдар өте жақсы сөздер ол біздің қыздарға лайықты сөздер.Ал балалар тағыда сызбаға қарайық

Қайсар                        Ержүрек                     Баты

Шыншыл                Қамқор                  Жігерлі                  Намысшыл

 

Тәрибеші: Қыздар біздің топтың ұлдары қандай сипаттап берейік.

Айару: қамқор

Еркежан: батыл

Жанерке: ержүрек

Жанел: шапшаң

Жасмин: Елін қорғайтын азамат

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Бір-бірімізді сипаттап бердік енді орыс тілінде қалай айтылады?

Ұл – мальчик, қыз – девочка

Тәрбиеші: Ұлдар, қыздар туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер айтыңдаршы

Рома: Қыз – халықтың гүлі

Бақдәулет: Қыз қылығымен жағады

Махамбет: Қызы бардың назы бар

Алихан: Жақсы қыз жағадағы құндыз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар ұлдар.Ал қыздар, ұлдар туралы қандай мақал-мәтелдер біледі екен

Жасмин: Ұланы бар елдің,

Ұраны бар

Жанел: Ер қадірін білмеген

Ел қадірін білмейді

Еркежан: Тура ағаш үйге тіреу

Тура жігіт елге тіреу

Айару: Жігіт көркі өнер

Айханым: Жігітке жеті өнер де аз

Тәрбиеші: Бәрекелді қандай жақсы қасиеттерге тең сөздер! Енді балалал орнымыздан тұрып сергіту сәтін орындайық.

Қыздар:Сыңғыр сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар

Қолымызда білезік

Саусақтарда сақина

Санап көрші ал енді

Бір, екі ,үш демаламыз жинап күш!

Ұлдар: Бір, екі, үш

Бұлшық етте міне күш

Көкке самғар қыранбыз

Елін қорғар ұланбыз

Тәрбиеші: Балалар енді біз ойын ойнайықшы. Ойынның аты «Кім ойнайтын ойыншық» (қыз, ұл)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Ұлдар өздерін нағыз ер жүрекше ұстану керек.

Бақдәулет: Қыздарға әрқашан көмектесемін

Алихан: Қыздарға айқайламаймын

Махамбет: Қыздардың шашын тартпаймын

Рома: Қыздарға қол көтермеймін

Тәрбиеші: Ал қыздар өздерін сыпайы ұстаулары керек.

Жанел: Өте қатты айғайлап сөйлемеймін

Жанерке: Қатты күлмеймін

Жасмин: Ұлдардың көрсеткен көмегіне ризашылығымды білдіремін

Тәрбиеші: Әдемі қыздарға тән қасиет жарайсыңдар!

Ал енді оқу іс әрекетімізді қорытындылайық.Сендер ұл, қыз болып бөлінесіңдер, түрлерің де, бойларың да, ойларың да әр түрлі.Әр қайсысың бір-біріңе ұқсамайтын жеке тұлғасыңдар!

Қуанамыз біргеміз

Бөлінбейді іргеміз

Аясында достықтың

Бір жүреміз, күнде біз

Деп сабағымызды аяқтайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *