« Аю мен Маша жаңа жылдық шыршада»


Батенова Багдагул Джамбуловна

№12 «Арай» бөбектер бақшасының тәрбиешісі

Жүргізуші:

Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар!-дей отырып, ортаға жаңа-жылдық шыршаға келген бүлдіршіндерді шақырайық.

(музыкамен балалар қол ұстасып шыршаны айналып кіреді)

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

·         Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.

Жүргізуші:

-Кәне, бәріміз  бірге шыршаның шамын жағайық.

Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды? Енді шырша жырын менімен бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.

«Жаңа жыл» әні

Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы: Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:Жоқ, жоқбіз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.

Кетіп қалады

Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. – Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.

Аю: Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

(Балалар таңқалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.

Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық.

Маша: балалар мен қарға батпай жылдам жүрудің амалын таптым. Мен 2 топ құрамын. 1-і менің тобым, 2-сі аюдың тобы. Аяғымызға жүзу құралы құс табанды киіп, секірп жүруден жарыс.

Ойын «Кім жылдам?»

Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.

Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар.

Жүргізуші:  Балалар көңіл күйлерің қалай, жақсы ма. Шаршамадыңдар ма?

Балалар Аяз атаны,Ақшақарды қарсы алайық.

Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аязата мен Ақшақарды қарсы алады.

Жүргізуші:Армысың Аязата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде өзіңізді барша қауым.

«Аяз ата» әні орындалады.

Аяз ата: Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

Ақшақарлар қалықтап әуенмен шыршаны айналып билейді.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сіздермен бір ойнағысы келіп тұр.

«Шыршаны безендіру» ойыны

Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Аяз ата: О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Жүргізуші: Сәлем беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

Би: «Ұлпақарлар»

Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.

(Шығып кетеді)

(Әуенмен жаңа ит жылы келеді.Мұзханшайым жаңа жылды ертіп келеді.)

Жүргізуші: Қош келдің,Жаңа-жыл

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

Жадырап, би билеп тербелейік,

Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.

Жаңа-жыл: Мен –Жаңа жылмын,

Мен –Жаңа нұрмын.

Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін.

Тағат таппай күткенің

Бұл ит жылы еді,

Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

«Жаңа жыл» әні

Аяз ата : Жаңа жылда жаңа белден асамыз

Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Қош келдің, Жаңа жылым төрлет.Мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де ,мерекелі жыл бол!

Би: «Санта Клаус»

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!

Кетті біздің сүйікті де, сүйкімді

Енді қалай келтіресің ұйқыңды.

Шыршамызды шыр айналып өмір жүр,

Біз білмейміз одан өткен сиқырды.

Жүргізуші:

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *