“Д д” дыбысы мен әрпі


Бекентай Күлдір Ескендірқызы

“Жангелдин аудандық  білім беру бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы  орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:  а) Оқушыларға “Д д” дыбысы мен әрпін таныстыру.

Ә)Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Б)Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұхбат
Көрнекілігі: оқулық, суретті әліппе, қима әріптер, суреттер, слайд
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру

Балалар бір-біріне ізгі ниеттерін айтады.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Өткен сабақты қайталай отырып, сұрақтарға жауап алу.
2. 1-слайд. Қ әріпіне берілген сөздерді оқыту.
III Білімді тексеру кезеңі:
слайд. «Тиісті әріпті жаз» ойыны
-Қ дыбысы қандай дыбыс?
-Қ дыбысының айтылуы мен жазылуы?
Қ дыбысының айтылуы мен жазылуын, сөздерді буынға бөлу арқылы қайталау.
Оқулықта берілген сөздерді оқыту

слайд. Жұмбақ жасыру:
Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап.
Ол не? (Доп)   доптың   суреті    слайдтан шығады.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Оқушыларға доп сөзін қайталап айтқыза отырып, д дыбысының орны анықталады. Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атату керек. Алғашқы екі дыбысты біріктіре оқыту арқылы толық сөзді табуға үйрету    (дауылпаз, домбыра, дуадақ).

IY.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Оқушылармен оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Доптың суретін көрсету.

Суреттегі  балаларға ат қою. Дала, доға, долана туралы оқушыларға сөйлем құрату. Дала қандай әдемі. Долана тауда көрінеді т.б.
-Дала деген сөздегі таныс емес дыбыс қандай дыбыс?
-Д дыбысы. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
Д дыбысы тақтаға ілініп, Д- бас әрпі, д- кіші әрпі деп ажыратып айтып, оны оқушыларға хормен қайталап айтқызу.
4-слайд. Д д әрпі  слайдтан  көрсетіледі.
Добым, добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Доп, дала, доға, долана , дода сөздерін оқытып, буынға бөліп айтқызу.
– Д дыбысы дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.
Бағандағы сөздерді оқыту. Долана, домбыра, дала сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Д дыбысын бірнеше рет хормен айтқызу.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді  ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

Жазу дәптерінің  33-бетіндегі д әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстыру қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтарына оқушылардың назарын аударып, шатастырып алмау жолын қарастыру
керек.
Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары үлгі бойынша орындалады.
Д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін үлгідегідей жазып үйрету.
Д әрпі мен дос сөзін көркем етіп көшіріп жазған соң, сергіту сәті өткізіледі.
Сергіту   сәті  (қимылмен көрсетіп)
Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
Пойыз келеді.
Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
Бәрі жол береді.
Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
Жүгіріп өтпе,
Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
Тұра тұршы шетте.
Ду, ду, ду! Дүк-дүк!
Пойызды өткіз.
Қол бұлғап қалайық
«Жолболсын!» -деп біз.

Дәптердегі  Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.
Жазу  дәптерінің 33-34-беттеріндегі д әрпінің бас және кіші әрпін жазуға арналған жаттығу жұмыстары орындалады.
Дәптердегі сөйлемді сызбаға салып, талдау жұмысы жүргізіледі. Одан кейін сөйлемнің өзін көркем етіп жазу ұсынылады.
V. 5-слайд. Оқулықтың 37-бетіндегі бірінші баған бойынша дыбыстардан
жеке буын жасалады. Келесі бағандар бойынша буындардан сөздер құралады. Олардың қатысуымен суреттерге негізделген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрылады.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1 ) Д дыбысы – дауыссыз дыбыс.
2) Д дыбысы сөздің қай буынында келеді?

YII Бекіту кезеңі:

«Кім тез? » ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.
YIII: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
«Әліппе серігіндегі» мәтінмен жұмыс. Д дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
ІХ. Сабақты бекіту.
Х. Бағалау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *