«Білім қайнары»


Асылбек Бекарыс, Әбілтай Жаннұр, Нағашыбайқызы Жансезім, Берік  Қалаулым, Бейсенбек Тоғжан
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің 1 «Ә» сыныбы оқушылары
Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Саржанова Аягоз Сериковна

            Алғаш мектепке келгенде аңқиып, жан-жағымызға қараудан басқа ештеңе білген жоқпыз. Бізді сыныпқа жетелеген алғашқы ұстазымыз – Саржанова Аягоз Сериковнаға  қатты бауыр басып кеттім. Ұстаздың анамдай жақын болатынына көзім жетті. Ойлайықшы, достар, егер ұстаз мамандығы болмаса не істер едік? Біздерге бес сабақ бойы білім мен тәрбие беріп, шаршағанын білдірмейтін ұстаздардың қадірін сонда түсінеміз. Менің анам жазу, оқуды білмей келген балаға бар жақсылықты үйрететін ұстаз еңбегінің қиындығын жиі ескеріп отырады. Сондықтан оқуға, есеп шығаруға, ойымызды еркін айтуға үйреткен алғашқы ұстазымның еңбегін түсіну бәрімізге ауадай қажет.
Анам: «Кеше қандай едіңдер, енді міне 42 әріпті танып, сандарды танып, қандай боп өсіп қалдыңдар. Соның бәрі – Ұстаздың нағыз ұстаздығы» дейді. Бар ата-ана баласына осылай түсіндірсе ғой.
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей, білім – адамзаттың өмірлік азығы екенін ұстазымыз түсіндіріп, санамызға құйып отырады. Ұстаздың еңбегі шәкіртінің жетістігінде. Мен аудандық шараларға, байқауларға қатыстым. Бағым жанып жүлделі орынға ие болдым. Сондағы менен артық қуанған ұстазымның жүзін көрсеңіз… Қамқоршым, үлгі тұтар ұстазым әрқашан менің жүрегімде.

 

Асылбек  Бекарыс  1 «Ә» сынып оқушысы

Иә мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын”- дейді, әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды, қаламыздың қақ төрінен орын тепкен алтын ұя мектебім жайлы мақтанышпен айтқым келеді.  Менің мектебім-менің мақтанышым! Неге десеңіз, заманауи талаптарға сай, терезесі тең білім ордасы. Мектеп ұстаздарының арқасында түлектерінің білімділігі мен шығармашылығының нәтижесінде мектебіміз алдыңғы қатарда келеді. Мектебімнің осы күндері мәртебесі биіктеп, түлектері көптеген беделді оқу орындарына түсіп, өнерлі жастары өркендеп өсуде.Менің мектебім – білімділер мектебі.
«Мұғалім-мектеп жүрегі»біздерді білім нәрімен сусындатып,маман даярлау жолында аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздардың еңбегі орасан зор.

Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез
Нұрын сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Мектебім менің мақтанышым,киелі алтын ордам. Арманым көп, алдыма қойған мақсатым көп. Сол арманға, мақсатыма жететініме сенімдімін. Ұстаздарма, жоғары сынып оқушыларына қарап бой түзеймін. Мен қазір мектебімнің жетістігіне мақтанамын. Ал келешекте, мектебім менің қол жеткізген нәтижелеріме мақтанса деген ойдамын. Өсе бер, өркендей бер менің сүйікті мектебім!

 

 

Нағашыбайқызы Жансезім 1 «Ә» сыныбы

«Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы» (эссе)

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н.Ә.Назарбаев.

 

 

Берік Қалаулым 1 «Ә» сыныбы

Білімнің қайнар көзі-Мектебім!

 

Мектеп – бұл біздің өміріміздегі ең бірінші маңызды қадам болып табылады. Бұл жер баланы өсіріп, тәрбиелейді. Дәл осы жерде біз, өз ішкі дүниемізді ашып, үлкен дүниеге кіре бастаймыз.Мектеп бұл үлкен өмірге деген алғашқы қадам. Өйткені біз дәл осы жерде ғана, тұңғыш білім аламыз, тұңғыш жетістік аламыз, бірінші рет махаббат сезімін сезінеміз.Мектепке, ұялшақ болып, қорқынышпен келеміз. Сосын атанамыз бізді тұңғыш оқытушымызға алып келеді. Бірақ кейін, оқытуышымызды силай бастаймыз, оны екінші ана ретінде тыңдай  бастаймыз. Алғашқы оқутышымыздан біз, жазу мен оқудан, басқа, дос болып, басқаларды түсінуді үйренеміз.Мектеп  білім беру ғана емес, сонымен қатар өмірді үйрететін жер. Біз бұл жерде білім  мен қатар, адал болуды, достастықты әрі, қоғамда өмір сүруді үйренеміз. Бұл жерде біз өз-өзіміөді іздей бастаймыз, ал оқутышымыз бізге көмектеседі.  Олар біздік жетістіктерімізді мадақтап, қателіктерімізді жөндеп дұрыс жолға бағыттайды. Мектепте біз өзіміздің көп уақытымыздіы өткіземіз, мектеп біздің екінші үйіміз бола бастайды. Үйге келгенде біз әке шешемізге, мектеп жайлы айта бастаймыз. Мектеп пен үй бірге қосылып бізді тәрбиелейді.Мектептің маңыздысы, ол бізді болашақта кім болатынымызды анықтайды. Ол бізге қажетті дұрыс жолды көрсетеді.

Жылдар өтіп біз есейгеннен кейін, әдетте мектептегі кезеңдерді еске алатынын боламыз. Оқытушыларымызды, сыныптастарымызды, еске алып, мектептегі күндерімізді балаларымызға айтатын боламыз. Себебі мектепкі кезеңдер мәңгілік біздің жанымызда қалады.

Бейсенбек Тоғжан 1 «Ә» сыныбы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *