ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНІҢ БІР ТАЛАБЫ


 Тельбаева Айжамал Киргизбаевна
№8 Төле би гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін алдағы негігі міндеттерді айқындап берді. Олардың арасында таяу жылдары жүзеге асыруға кірі­сетін  нақ жобалардың арасында – қазақ жазуын латын әрпіне көшіру мәселесі де бар. Елба­сымыз «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасыр­дағы ғылыми және білім беру процесінің ерекше­ліктеріне байланысты», деп көрсете келе, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірың­ғай стандартты нұсқасын қабылдау, екі жыл мер­зім аралығында осы мәселеге қатысты ұйым­дас­тыру және әдістемелік жұмыстар жүргізуді жүк­теген еді. Сондықтан еліміздің рухани жаңғы­руының негізі болып табылатын латын әліп­биіне қатысты халық арасында кеңінен түсін­діру жұмыстарын жүргізіп, қолдау білдіру қай-қайсымыздың да парызымыз», екенін атап өткен болатын.
Онда рухани жаңғыру және ұлттық сананың дамуы жайында прагматикалық ұсыныстарға толы мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» атты бөлімінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу қажеттілігі айрықша мәнді. Жаһандану үрдісінде қазақ ұлтының бәсекеге қабілеттілігін, онымен қоса мәдени және ғылыми дамуды арттыру потенциалына ие болған бұл үлкен өзгеріс елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленгеннен бері үкімет басшылары мен заңгерлердің тұрақты талқылау тақырыбына айналды. Дегенмен, әлемнің шұғыл даму қарқынында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің нақты бағдарламасын дамыту ерекше маңызға ие болды.
Біріншіден, Қазақстанда үлкен қолдауға ие болған үштілділік бағыты латын әліпбиіне көшу арқылы асқан қарқындылықпен дами бастады. Қазірден бастап ресми құжаттарды біртіндеп ағылшыншаға өзгерту міндетінің өзі -латын әліпбиінің әлемдік деңгейіндегі кең қолданысының және маңызының дәлелі. Бүгінгі таңда латын әліп­биінің бізге берері мол, мы­салы: – Ағылшын тілін тез әрі қиын­дықсыз үйрену. Сонымен қатар, әлем жаңалықтарынан уа­қытында хабардар болып, көштен қалмауымызды қам­тамасыз етеді. Мәселен, жапондықтар өз ана тілін өте қат­ты жақсы көріп, қадірлейді. Алайда, ғылыми ортадағы жа­ңа­лықтарымен ағылшын тілін­де бөліседі. Ондағы мақсат, әлемді түгелдей қамту болып та­былады. Өйткені ғылыми-ин­но­вация тілі -ағылшын тілі екені барлығымызға мәлім; түркі халқымен бірігіп, ынты­мақ­тас­тығымызды ны­ғай­ту.

Екіншіден, тәуелсіздік жылдарының алғашқы күндерінен бастау алған Түркі мемлекеттерімен серіктестік алаңында Қазақстанда латын әліпбиінің қолданысы ғылыми және мәдени қатынастардың өрістеуіне септігін тигізері сөзсіз. Латын әліпбиін білікті пайдаланып келген Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты мемлекеттер мен Қазақстан арасындағы құндылықтардың өзара бөлісу үрдісінде ортақ әліпби қолданысың қосар үлесі күмәнсіз. Бұл әліпби өзгерісі осылайша Түркі әлемінің бірлесуіне де ықпалын тигізеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ ғылым мен білім саласындағы мәдени мұралар және де осы бағыттағы қоғамның жаңа жетістіктерін әлемге паш ету мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, қазақ әдебиетінің асыл үлгілері, Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты тұлғалардың еңбегін әлем оқырмандарының назарына ұсыну – біздің парызымыз. Бұл жолда біздің алғашқы қадамымыз осы еңбектерді латын әліпбиіне аудару болып табылады. Осы арқылы әлемдік ғылым мен білім дамуына өзіміздің үлесімізді қоса отырып, айрықша қазақ стиліне сай латын жазуын жетістіру арқылы ұлтымыздың заман талабына сай рухани дамуына жол аша аламыз.  Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «… өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру – басты мақсаты » деп көрсетеді. Жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс.   Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына  даәсер етеді.

Бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», – деген болатын.  Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас  түркі  халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ…   Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Ал  ендігі таңда, рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті болып отыр.  Білімді, отаншылдықты дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру сияқты міндеттерді оқушылардың санасына терең сіңдіру мақсатында жаңартылған білім жүйесі енгізіліп отыр.. Латын әліпбиіне көшуміздің өзі көп жаңалық әкелетіні сөзсіз.Бірақ тарихымыздың көп парағы кириллицамен жазылғанын ескеріп, жылдар бойы жинақталған ұлттық мәдениетімізді сақтап қалу маңызды. «Жаңа жазумен дамудың жаңа жолына түскенмен, ескі жазудан құралған ұлттық мұраларымызды жоғалтып алмау керек», — дейді ғалымдар.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан, 12 сәуір 2017 ж.

2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы / 14 желтоқсан 2012 ж. / http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs

3.Қазақ әліпбиі / https://kk.wikipedia.

4.Аналитический центр «Разумные решения» Латинизация алфавита. Узбекский опыт / http://analitika.оrg/Uzbekistan/uz-politics/606-20070519043222328.htmll.

5.Закон Республики Узбекистан «О государственном языке Республики Узбекистан». Ташкент. – 1989.

6.Русские в Азербайджане: без проблем, но с языком / http://news.bbc.co.uk/hi/russian/in_depth/newsid_6265000/6265714.stm.  Қазақстан. 7.Ұлттық энцклопедия / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы. 2004 ж. – 238 б.

8.Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы / Қазақ үні, 11 сәуір 2017 ж. – 7 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *