Оқытудың жаңа технологияларын енгізу- білім сапасын арттырудың кепілі


 Тельбаева Гульмира Шарапхановна
 Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке жағдайлар жасау; оқытудың ииновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері нақты айтылған. Бұл міндеттерді шешу үшін білім ошақтарында, әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы ғылымға барлық жаңалықтар, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибе қажет екендігі сөзсіз. Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің басты міндеті – орталық буынынның  заманауи білім беру үрдістерін меңгеру, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу.  Яғни, көрсетілген міндеттерді орындай отырып, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін, басқалармен пікір бөлісетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.

Инновациялық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің талабы. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандарттарына сәйкестенуде. Бұл білім беру жүйесі мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, озық идеялар, жаңашыл ұстаздар пайда болды. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, оң нәтижелер беруде. Осыған орай әр ұстаздың алдында бәсекеге қабілетті, бүгінгі заман талабына төтеп бере алатын білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару мақсаты қойылған.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, мұғалімге  сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушының танымдық қабілеті артады. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, үйреншікті дәстүрлі сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, қызықты болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады. Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой-пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру оқушының ойлау қабілетін дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мол. Осыған байланысты, елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру білім сапасына елеулі әсер етуде. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – оның мұғалімдер мен оқушылардың  өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызатындығында болып отыр.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, құзыреттілігін қалыптастыру жолдары, мәселелері тек қана білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асырып қана қоймайды, сондай-ақ оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы мен әдістерін қолдануды көздейді. Яғни бүгінгі күні мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.                                                                                      Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Оқушының өз жүрек қалауымен мамандық таңдап, соған қол жеткізуіне жағдай жасай отырып, мұғалім өз білімдерін өмірде қолдана алатын,  өзіне-өзі сенімді тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік артылып отыр. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытуда осындай мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік  мол.  Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді, функционалдық сауаттылығын арттырады. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар  сабақ үстінде интернет арқылы ақпарат тауып, қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді. Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық –  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Оқушы- шырақ, мұғалім сол шырақты жағу үшін барлық мүмкіндіктерді қолдануы керек.  Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат -оқушының  сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты.   Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

2.Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3.Ә.Жүнісбек Жаңа технология негізі – сапалы білім. — //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

4.Қ.Нағымжанова Инновациялық технологияның құрылымы. – А.: Өркен, 2007.

5.С.Көшімбетова Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

6.М.Валиева Жаңа педагогикалық технологиялар. Əдістемелік нұсқау, 2002.

7.Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016.

8.Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2016.

9.Рузавин Г.И. Педагогические инновационные технологии: Учебн. пособие для вузов. – М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. — 250 с.

10.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология» тренингі: оқу-әдістемелік құрал. — А.: Жазушы, 2005.- 54 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *