Ашық сабақтың әдістемелік нұсқаулығы


Абылғазинова Балғын Асылбековна
КМҚК«Радиотехника және байланыс колледжі» арнайы пәндер оқытушысы

Ашық сабақтың әдістемелік нұсқаулығы

Пән: «Метрология, стандарттау және сертификаттау»

Тақырыбы: Физикалық шамалар туралы түсінік және сипатамалар.Өлшеу қателіктері

Өлшеу қателіктерінің түрлері.Физикалық құралдардың сипаттамалары.

Оқытушы: Б.А.Абылғазинова

Семей, 2017ж.

Тақырыбы: Физикалық шамалар туралы түсінік және сипатамалар.Өлшеу түрлері

Физикалық құралдар

Сабақтың түрі:  Аралас

Топ: №273 топ мамандык 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс»,
біліктілігі 1306093 «Байланыс технигі»

 

Күні: 30.01.2017

Студенттер саны:24

Сабақтың мақсаты: “Физикалық шамалар туралы түсінік беру және сипатамаларын анықтау”өлшеу қателіктерін таба білу. Физикалық құралдарды сипаттау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Физикалық шамалар туралы терең іздену, оқу.

Дамытушылық: Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алатындарына көздерін жеткізу.Ой өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ кезінде білімді меңгеруін қадағалау, тәжірибе кезінде тәрбиесіне мән беру.

Оқу әрекеттті ұйымдастыру қалыптары: Фронталды, жеке және топтық.

Оқу әрекетін ұйымдастырудың түрлері: Тақырыптың мағынасын түсіндіру, метрология пән бойынша физикалық шамалардың және физикалық құралдардың принциптерін таныстыру: ізденгіштік, салыстырмалық.

Оқыту әдістері: АКТ, дәстүрлі, модельді, сарапшылық бағалау.

Жабдықтандыру: Электронды презентация, плакаттар,  тарату материалдар: конспектілер мен кестелер, тарату материалдар: қосымша1,2

Таным әдістері: Репродуктивті, салыстыру, талдау.

Қолданылған әдебиеттер:

В.И. Нефедов и др. «Метрология и электрорадиоизмерения в телекоммуникационных системах», М: «Высшая школа», 2005 год.

Метрология и электрорадиоизмерения в телекоммуникационных системах: Учебник для вузов /В.И. Нефедов, В.И. Хахин, Е.В. Федерова и др.; Под ред, В.И. Нефедова, – М,; Высш. Школа 2001 год.

Клаассен К.Б. Основы измерений. Электронные методы и приборы в измерительной техники. – М.: постмаркет, 2002 год.

Лифшиц И.М. Сандартизация, метрология и сертификация: Учебник. – М.: Юрай – Издат, 2002 год.

Сабақтың құрылымын негізгі кезеңдері:

1.      Ұйымдастыру- 2 мин.

2.      Бұрынғы алған білімдерін еске түсіру- 3 мин.

3.      Мотивациялау- 3 мин.

4.      Жаңа тақырыпты меңгерту- 2 мин.

5.      Жаңа тақырыпты меңгертудің алғашқы сатысы-25мин.

6.      Жаңа тақырыпты бекіту- 44 мин.

7.      Үй тапсырмасы -1 мин.

8.      Сабақты қорытындылау.Рефлексия- 10 мин.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру:

Амандасу, студенттерді түгендеу, сабақ өтетін бөлменің  ішкі  жайын тексеру, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру,зейіндерін тұрақтандыру,ішкі дайындығын ұйымдастыру, сабақтың мақсаттарымен таныстыру.Керек құрал жабдықтарын тексеру

2.Бұрынғы алған білімдерін еске түсіру:

·         Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті білімді белсенділендіру

·         Жаңа  тақырыпты бұрынғы өткен тақырыптармен байланыстыратын сұрақтар мен тапсырмалар беру:

2.      Метрология пәні мағынасы?

3.      Метрологияның негізгі мақсаттары?

4.      Өлшеу дегеніміз не?

5.      Өлшеу жабдықтары дегеніміз не?

6.      Өлшем түрлері?

7.      Өлшеу түрлері?

8.      Физикалық  шамалар эталондар?

9.      Метрологияның Қазақстандағы даму тарихы?

10.  Метролгиялық қамтамасыз ету?

11.  Эталондық база?

12.  Өлшем түрлері?

3.Мотивациялау:

·         Танымдық іс-әрекетінің мақсатын қабылдауды қамтамасыз ету

·         Жаңа сабақтың тақырыбын,мақсатын,міндетін хабарлау,практикалық маңызын көрсету, студенттердің алдына  оқу проблемасын қою.

·         Келешекте структуралық схемаларды толық меңгеруге талпындыру

4. Сабақ сұрау:

Оқытушылардың білімін жаң жақты, терең тексеру кеткен кемшіліктердің себебін анықтап, түсіндіру.Сабақ сұрауды оңтайлауды тауып, физикалық шамалармен толық таныстыру.Оқытушылардың белсенділігін талдау,жекеше сұрақтар қою арқылы бағалау. Бағалары нашар немесе ауызша сабақ айтулары нашар студенттерге өз білімдеріне сай карточка немесе тес,есеп жинақтарын беру.

5. Жаңа тақырыпты меңгерту:

Студенттерге оқылатын деректер,құбылыстар,негізгі ойлар жайлы нақты түсінік беру
Дәріс жоспары (баяндау,сұхбат.):Дәрістер бойынша тақырыптың мағынасын ашу
·         Тірек конспектісін бастау,формулировкаларды  жоспардың тірек бөлімдерін,тезисін дәптерге жазу.

·         Нақтылауға арналған сұрақ:Физикалық шамалар?Шамалар түрлері? Құралдарды сипаттау.

6.  Жаңа тақырыпты меңгертудің алғашқы сатысы:

·         Жаңа тақырыпты оқытудың дұрыстығын жеткізу,кемшіліктерін анықтау және оны түзету

·         Презентацияның көмегімен сабақты сатылап түсіндіру.

өткен тақырыптарды еске алу
шама дегеніміз не? шама түрлері?
физикалық шамалар дегенміз не?
өлшеу қателігі дегеніміз не?
өлшеу  қателігі бойынша есептер шығарту.
өлшеу құралдардың сипаттамалары?
7.   Үй тапсырмасы:

Үй тапсырмасын орындаудың тәсілдерін,мақсат,мазмұнын түсінуді қамтамасыз ету.Тиісті жазбаларды тексеру. Үй тапсырмасын орындаудың нұсқаулары  (Тірек конспектіні оқу,сызба құру,сөздерді жаттау,мәтіннің мазмұнын айту,қосымша тақырыпқа сай есептің шамаларын бер). Толық дәрістерді мазмұндап.Толық  тапсырмаларды түсіндіріп айту, қосымша тапсырмалар беру. Жұмыстың мазмұнын қаншалықты түсінгенін және оны орындау тәсілдерін тексеру.

8.  Рефлексия Қорытындылау:

Студенттердің іс-әрекетін,тақырыпты түсінуін,жетістігі талдау. Жеке оқушылардың және топтың   жұмысына баға беру.Қойылған бағаларды дәлелдеу,түсінік беру.Сабақ бойынша ескертулер жасау.Жаңа білімді қандай дәрежеде түсінгендігін  сұрау. Өз жұмыстарын өздері бағалау;келесі сабақта болатын өзгерістер жайлы ұсыныс жасау.Жаңа білімнің қаншалықта түсінгендігі бойынша жауап беру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *