Қазақстанның экологиясы


Крыкбаева Балжан Амантаевна  

Рудный қаласы әкімдігінің “Кешкі орта мектебі” КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мақсаты: оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Барысы:
1. Сұрақ – жауап -«Табиғатты күшпенен бағындырдық»
2. Жанкүйерлер сайысы – «Қазақстан»
3. Капитандар сайысы -«Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік»
4.«Мақал – сөздің ағасы»- мақал – мәтел сайысы
5. Ситуациялық сұрақтар
6. Ән көңілдің ажары.
7. Супер ойын -«Сиқырлы сандық»
Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл – шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып – өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық.
Сонымен 1 – топқа қояр сұрағымыз.
1. Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын – мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан таудағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)
2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай – химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық – географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)
3. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ұшығуда. Мұнда қоршаған ортаны бұлдіретін 2000 – ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)
4. Бұл облыс қатты ластануға ұшыраған, мұнаймен ластанған қара топырақ 3 – 15 жылға дейін өнім бермейді. Қазіргі кезде мұнайлы ластанушылардың 66% теңізге өзен арқылы түсетін болса, 24 % қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі. Бұл қай облыс? (Атырау облысы)
5. Су бармайтын жөнді
Көлге қауіп төнді
Ластанудан тағы
Қорғау керек көлді.
Сұрақ: Қазақстан суларының бүйрегі мен жүрегі болып табылатын екі көлді атаңыз. (Арал мен Балқаш)
Ауа бәрімізге ортақ, сондықтан республикада шығарылатын зиянды заттардың жартысы осы облысқа тиесілі: 1 млн 142 мың тонна. Көлемі бойынша ең үлкен облыс. (Қарағанды)
Ал үй тапсырмасына берілген «Ситуациялық сұрақтар» сайысын кезек берейік.
Сұрақ: Кейінгі кезде қазақ жері табиғат сұлулығынан айтылғандай. Қазақстанның экологиялық жағдайға ұшырауы, кешегі Абай атамыздың жүрген жерінің астан – кестең шығуы кімге болса да ауыр тиері рас. Қаншама кемтар сәбилердің дүниеге келуі, адам өміріне зиянды аурулардың таралуы да осынау экологиядан.
Табиғатты ұқсатып мәпелейік
Барды сақтап, мәртебе әперейік
Келер ұрпақ мәз болсын ісімізге
Жалғастырсын күш қосып күшімізге
Табиғатты қорғайық, аянбайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *