Бейнелеу өнері сабағының ұлттық сипаттары


Амишев  Бейбут Дуйсенбаевич

“Жангелдин аудандық білім беру бөлімінің  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі” КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Ұстаз   үшін  ұрпақ  тәрбиесіне  жауапкершіліктен  маңызды  міндет  жоқ .  Ұзақ  жылдар  бойы  халқымыздың  тарихын  бұрмалап  тағдырын  жаралап  келген рухани  тоқыраудың  оқу-тәрбиеге  тигізген   зардаптары   аз  емес.  Тәуелсіздік  көп  нәрсеге  деген  көзқарасымызды  қайта  сараптауға  бағыттады.  Осындай  шешімін  күтіп   тұрған  мәселелердің   бірі-  оқушылардың   шығармашылық  қабілетін,  эстетикалық  талғамын   дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, сол  арқылы  адамгершілік,  мейірбандық  қасиеттерін  қалыптастыру.Көптеген  ғасырлар  бұрын  қазіргі  қазақ  жерінде  гүлденген  қалалар,әсем сарайлар  болған. Өнері  мен  мәдениеті  жағынан сол  кездегі Еуропадан  бірде бір кем  емес еді. Оның  айғағы – әлемді тамсандырған  Есік  қаласынан табылған  Алтын  адам,Айша  Бибі, Бабака хатун,Ахмет  Иассауи  кесене  сарайлары  мен Маңғыстау,  Шығыс  Қазақстан, Қапшағай,  Таңбалы  тастағы, т.б.таулардағы  тасқа  бейнеленген  суреттер. Бұл  бейнелер  өзінің көлемімен,өте  шебер,әдемі  салынуымен  көзге  түседі,стильденген  түрде бейнеленуімен  ерекше. Бұл  ертедегі  адамдардың  айналадағы  құбылыстарды  дәл  көре білуінің  және  жан-жануардың  қимыл-  әрекетін,  сыртқы  пішінін  зейін  қоя  зерттеуінің  нәтижесі.  Бейнелеушінің  шеберлігі  соншалық, кейбір жануар-лардың  мінез-  құлқын көрсететін  дене  мүшелерін  салмай-ақ (көз, ауыз, құлақ, мұрын, т.б.)  оның сыртқы пішінімен хайуанның  көңіл-күйін  жеткізе  білген. Белгілі  Америка  ғалымы,  эстетик- психолог, өнер  зерттеуші  Р. Археим  былай  дейді: «Ерте  дүние  адамының  шыншылдық пен  байқампаздық  қасиеті өркениеті  жоғары  елдердің  адамдарына  қарағанда  әлдеқайда күшті  дамыған».  Сондықтан  біз  ерте  дүние  өнерін  кездейсоқтықтан  туған  деп  қарамай  оған  көп  көңіл  бөліп,  тіпті  солардан  үйренуіміз  қажет. Өнердің  бастау  бұлағынан нәр  алып,  өз  бағытымызды дамытуға  болады.  Бейнелеу  өнері  бірнеше  өнер  саласының  өміріне  келуге  себепкер  болған  өнер  атасы.

Кейінгі  кезге  дейін  ғалымдар,  өнер  зерттеушілері  көшпелі  халықта ( Орта  Азия түрік  тайпаларында) мәдениет,  соның  ішінде қолтума бейнелеу  өнері  дамымаған  деген  сыңжар  пікір айтып  келген  еді,  енді соның  бәрі  шындыққа  жанаспайтыны  блгілі  болды.  Бертін  келе  халық  ислам  дінін  қабылдап,ол  күшіне  енген  кезде бейнелеу  өнері    дағдарысқа ұшырағаны  рас. Бірақ  адамдарға  жан-жануарларды  бейнелеуге  тыйым  салынғанымен,  өнердің  екінші  түрі-  стилизация – абстрактілі,  ою-өрнекпен  бейнелеу  дамыды.  Адамды ұшқан  құспен  аңдарды,  дала  мен тауды,  тіпті айнала құбылыстарын  оюға  айналдырып,  баяу  түстерімен  ғаламат  ертегі өнер  шығарды. Бар  сырын  ішіне   бүгіп, сиқырлы  күйге  көшкен  бұл  өнер  ғасырлар  бойы  халықтың  еңсесін  көтеріп, рухани  сергітіп, қуанышы , ішкі  толғанысын  ою-өрнек  арқылы  білдіріп  отырды.  Сондықтанда  бұл  өнерді  халық  қастерлейді,  әр  үйдің  төрінен  орын  алатын  ең  асыл  байлығы  болып есептеледі.  Өнерді,  оның қоғамдық-  тәрбиелік  мәнін  жан-  жақты  түсіну  үшін  әсемдік, әдемілік  заңдарын  жақсы  білу  шарт.  Халқымыздың  ою-өрнектері  бейнелеушінің  ой-  қиялын ұштайтын, қолын  жаттықтыратын  құрал  әдіс,  тамаша  мектеп.  Мектепте  әлі  күнге  дейін  бейнелеу  өнеріне жете  мән  берілмей  келеді.  Өйткені,  бағдарламаларда  оқулықтарда  бірінші  орында  бейнелеудің  техникалық  қолдану   әдістерін  басымырақ  айтып  көрсетеді.  Зерделеп  қарасақ,  бейнелеу  өнерімен  зауқы   бар  адамдар,  көркемөнер  факульттеттерінің   студеттері, оқушылар  айналысады. Ал  ою-өрнек  әсіресе  Орта Азияда, Қазақстанда   өркендеп,  екінің  бірі  оюшы  шебер  болды.  Сондықтан  да  ою-өрнектің  қарапайым  элементтерін  шығыстағы  бейнелеу  өнерінің  өзіндік  әліппесі  деп  қарауға  болады.  Бейнелеу  өнеріне  баулу  үшін ұлттық  ерекшеліктерімізді  ескеріп,  түстерді,реңдерді  талдай  отырып,оқушылардың  ішкі  сезімдері,  дүниені  жекелей  қабылдаулары  меңзеген  жолмен  жүр-гізген дұрыс.  Көре  білуді, яғни,  өнер шығармаларын  түсініп,  тебіреніспен  қабылдауды,  шығармаларға  баға  беруді  үйрету  қажет.  Соның  ішінде  бояудың  түс- реңдерімен  жұмыс істеу, жанрлар туралы  түсінік беру  қажет.

Өнерінің   бір  саласы  сұңғат ( живопись)  өнерінде  басты  шешім  реңдер  мен  түстердің  қатынасы  болғандықтан,  түр-түсті  зерттейтін  ғылым  бар  екендігін  оқушы  санасын  жеткізіп   отырған  дұрыс.

Қазақтың  өлең-жырларында,ұлттық  өнерінде  де  тамаша  суреттемелер,түстер мен  алуан реңктер   мол.  Сырмақ,  текемет,  алаша,  шым-ши ,аяққап, кілемше,құрақ  көрпе  және ұлттық  киімдерге  шеберлер  бояу түстерімен,  реңдермен  тіл  бітіре  білген.                                                                  Көк  түс-аспанның,кеңістіктің,қызыл-оттың,күннің,сары-дәулеттің,байлықтың,ақ-адалдықтың,  прарасаттылықтың,ақылдылықтың,қоңыр-жердің,  топырақтың, жасыл-жастардың, жастықтың  белгісі  ретінде  қаралған.  Мысалы,  Абайдың  мына  өлең  жолдарында (  «Масғұт»  поэмасы) назар  аударайық.

Барса  тамға  бір  гүл  тұр  солқылдаған,                            Ағын  жесең  ақылың  жаннан  асар,                                                                          Басында  үш  жеміс  бар  былқылдаған.                             Сарыны  алсаң,  дәулетің  судай  тасар.                                                                             Бірі-ақ ,  бірі-қызыл,  бірі-сары,                                             Егерде  қызыл  жеміс  алып  жесең,                                                                       Таңдап  ал, мен  берейін  бірін  саған.                                 Ұрғашыда  жан  болмас  сеннен  қашар.

« Бақыт » шығармасындағы  суретші  А.Айтбаевтың  ой  мен  идеясы  түстерді  жарасымдылығы  арқылы,  қарама- қарсы ашық  бояулар  арқылы  жеткізілген. Мұндағы  кейіпкерлер: қыз  бен  жігіт.  Жігіттің  бүкіл  денесін  жапқан  жасыл  киімі жастық  жалынды,  күш –қуатты,  бейсалдықты  танытса,  әйелдің  ақ  көйлегі  ана  бойындағы  тазалықты,  адалдықты,  үмітті,  болашақты  бейнелейді.  Кеудесіндегі  қызыл  бешпет  жарасымды  денесінің  сұлулығына  куә,  ұлттық  киім.  Қоңыр  сарғылт  түс  шексіз  кең  даланы  бейнелесе,  ақшыл  көк  таулар,  қою  көк  аспан  баянды  бақытқа  құштарлықты  оятады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *