Менің ертегім


Советов Берик  Габиденович

Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ  3 сынып оқушысы

Ары-бері аунақшып, қайта ұйықтай алмайтынымды білгесін тұрмаққа бекіндім. «Балапаным-ау, ұйқың қанды ма? Демалыста дұрыс тыныққаның абзал» деп әлгінде ғана «тұр да тұр» деген әжем айналып-толғанып қоя берді. Бір өзіме арналған тәтті тағамға тойына тамақтанып болған соң, күндегі әдетімші төргі үйдегі теледидарды қостым. Атыс-шабыс, жылаңқы мелодрама, даңғаза әуен. Тетікті басып экрандағы жыпырлаған тіршілік иелерін жым-жырт тыныштыққа аттандырдым. Ермек ететін бірдеңе табылып қалар деген дәмемен бөлмеме оралдым.

Негізі менің бөлмем тұп-тұйнақтай жинақы тұрады. Тек әдемі суреттермен безендірілген журналдар мен мерзімді баспасөз газеттері әр жерде шашылып, кейбір кітаптардың сапырылысып жататыны болмаса. Даланы сағынып-ақ қалыппын. Құлағыма таяу маңнан  аттың шабысы естілді. Аттың тұяқ дүсірі маған бірте-бірте жақындай берді. Кенет менің алдыма пәуеске келіп, тоқтай қалды. Пәуескеге жегілген арғымақтарға қарап тамсанып тұрғанымда іштен: – Тентек қыз мінгейсің, – деген өктем дауыс естілді. Бағанадан қызық қуған маған бұл тосын жағдай «іздегенге сұраған» еді. Жылдам басып пәуескеге кірдім. Маған ебедейсіз көрінген ерсі күлкіге көміліп жатқанда мен оның қасындағы жанды қуыршаққа назар аудардым. Басындағы қызыл қалпағы да үйлесе қалған кішкентай ғана жанды қуыршақ.

– Иә, Қызыл телпек. Жаңа арғымақтарымды асау желмен жарыстырып жүріп кездейсоқ жолықпағанымда қасқырдың жемтігіне айналар еді байғұс қыз, – деп басынан тағы бір сипап қойды. Осы сәтте жауап орнына қарғаның түсініксіз «қарқ-қарқ» еткен дауысы қайта естілді. Әрине, басқаша жауап қайдан болсын. Жол бойына аузын ашпаған Қызыл телпек топ етіп жерге түсіп томпаңдай жөнелді. Бір-екі қадам баспай жатып, сарай ішінде ырғақты әуен ойнап қоя берді. Алақаныма аппақ сиқырды уыстап аялаған мен қайта бұрылып қарағанымда Қар ханшайымының сарайы ізім-қайым жоқ болып кетіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *