«Ұстазға мың тағзым» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік бағдарлама

Кожахметова Зульфия Рахметкуловна
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

Хор. № 1 мектеп-лицейінің орындауында «Ұстазым»

Осы орындауда « Атамекен» әні.

 

1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа, халайық !

 

2 жүргізуші: Қайырлы күн, аяулы ұстаздар!

 

1 жүргізуші: Бүгінгі көңіліміздің түбегінен орын алған кең пейілді, ақ ниетті ұстаздарға  арналған «Ұстазға мың тағзым » атты мерекелік бағдарламаға  қош келдіңіздер!

 

2 жүргізуші: Бабаларым өсиет еткен ұлы мұра мен үшін

Ұстаздықтың ұлылығын қалап берер кірпішім.

Ғұмырымды арнап өтем ұлы ұстаз жолына

Жас ұрпақты тәрбиелеу – менің басты борышым.

 

1 жүргізуші:Жоқтатпаймын ұлтымның ар – намысын

Қазағымды бүкіл ғалам танысын.

Ардақтайық ұстаздардың қауымын

Қошемет ет, өйткені олар – жолбасшысы халықтың!

 

2 жүргізуші: Асылбек , «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деп,  Абай   атамыз айтқандай, бар шәкірттің көңілінен шығып, оларды өзіне баурап  алу да оңай емес.

 

1 жүргізуші: Иә, Гүлмираш, сонда да осы қиындықты жеңіп, еңбегінің арқасында елеулі болған ұстаздар қаншама?!

 

2 жүргізуші:     Білімнің  кәусәр бұлағын

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да, ғалым, дана да.

 

1 жүргізуші:    Мұғалім – ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін- дей келе,  Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдері Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазираның орындауында «Киелі менің Құланым» әнін қабыл алыңыздар.

 

2 жүргізуші: Ұстаз – әке, өйткені, ол шәкірттеріне аямай қамқорлық жасайды.

 

1 жүргізуші : Ұстаз – ана, ол шәкірттерін туған анасындай  өмір қиындықтарын шешуді   үйретіп, білім мен тәрбиенің кәусар бұлағынан сусындатудан жалықпайды.

 

2 жүргізуші: Асылбек, аудандағы білім қызметкерлерінің жаңа белестерге шығып,  кәсіби қызметімен айналысуына жағдай жасауға аудан  басшылары үлкен күш – жігер жұмсауда.

 

1 жүргізуші: Гүлмираш, олай болса, құттықтау сөз кезегін аудан әкімі Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы мен аудандық маслихат хатшысы Шамаев Берік Ысқақұлына  берейік.

 

Аудан әкімінің құрмет грамотасымен мараптталатындар:

 

Аудандық маслихат хатшысының құрмет грамотасымен марапатталатын

ұстаздар тізімі:

 

 

1 жүргізуші   Тілегіңізге рахмет!   «Әдемі-ау» бишілер тобының «Қазақ қызы»  биін  сіздерге арнаймыз.

 

2 жүргізуші: Асылбек , «Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» деп    педагог К.Д. Ушинский  бекер айтпаған.

 

1 жүргізуші: Ендеше, әлем ойшылдарының бірі Д.И. Менделеев « Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде…» – дейді, сол айтқандай мұғалімнің  мерейін өсіретін бүгінгі күнде барлық оқушылары атынан ыстық ықыласқа толы жалынды сөздерін арнаған жыр – шумақтарына ұласса, яғни  бүгінгі  мерекені «Мерекелік почта » айдарымен жалғастырамыз.

(Жедел  хаттар мен құттықтаулар, открыткалар оқылады. Мектеп оқушыларымен, түлектерінен және ата-аналардан)

 

2 жүргізуші: 1-ші хатқа кезек берейік. «Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “…1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Құрметті «Мерекелік почта»! Ардагер ұстаздар қауымына арнап ән жолдасаңыздар екен… №2 шағын орталықты орта мектебінің  9 «Г» сынып оқушысы Қуандық Қуаныш»

 

Ән . Квартет Е.Қасанғалиев «Жанарым»

 

 

1 жүргізуші: Гүлмираш, біздің почтаға  тек хаттар емес,бейнеқұттықтаулар да келіп түсуде. Экранға назар аударайықшы.

(1-2 бейне құттықтаулар қойылады.)

 

 

2. жүргізуші: Ұстазға деген сүйіспеншілік пен құрмет қандай!

 

1 жүргізуші: В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.  Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»,- деп айтқандай, ұстаздық жолды жүрекпен таңдаған ұстаздар династиясын мақтанышпен атауға болады. Олар: Абуталиповтар династиясы, Жаңабердиевтер династиясы, Базилбаевтар династиясы, Даубаевтар династиясы.

 

2 жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге мына ән шашуды қабыл алыңыздар.

Дуэт. Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдері Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазираның орындауында «Егіз лебіз».

 

2 жүргізуші: «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жету қажет. Бұл – бақыттың бастауы. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық құрылысты жақсарту- барлығы да білімділікке байланысты»,- деген  екен дана бабамыз Әбу- Нәсір Әл – Фараби.  Сондықтан білім беру жүйесін басқару оңай тірлік емес.

 

1 жүргізуші: Иә, сондықтан да бүгінгі мерекеде ұзақ жылдар бойы басқарушылық қызметте жүріп, еңбек еткен бірқатар басшы-ұстаздарды атап өтпеуге болмайды.

1. Жабықбаев Дүйсен, Құсайынов Құралбай, Алагөзова Түзел, Анисимова Галина Васиьевна, Селиванова Вера Петровна, Наметқұлова Бағдат, Бөгенбаева Шакизада, Жапарқұлов Кәден, Бекмұратова Әшіркүл, Қокаева Әшіркүл , Әбумансурова Төлжан, Байбатчаев Өрнек, Рахметілдаев Мәмбет, Миралиева Гүлнара, Қораласбаева Райхан, Сейсенбаева Шахризада, Мажитова Балғайша    тағы басқалар. Сіздердің еңбектеріңіз бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

2 Жүргізуші: Осы ұстаздарға бағыт-бағдар берген, барлық шығармашылық жұмыстардың ұйытқысы болған аудандық білім бөлімінің жұмысы ерекше. Аудандағы әдістемелік жұмыстың шебері -Есенкүл Мұқтарқызы, ақпараттық қызметті шебер ұйымдастырушы- Күмісхан Нұрғасқақызы, Айсара Әбдіразаққызы, Тахирхан Қожабергенұлы, Мерханов Абилда, Сартова Қанымкүл, Қабираев Серікбай  сынды білім бөлімінің қызметкерлерін де еске алғанымыз жөн болар.

1 жүргізуші: Сонымен қатар білім бөлімін білікті де , білімді басшылар басқарған. Жакибаев Кеңес, Байғабылова Машат Төреқұлқызы, Абдукасымов Рахым, Аманова Назира, Өскенбаев Сейтжан Әбдуәлыұлы, Тажиков Амзе Даданұлы, Букирова Жұмакүл Оңғарбайқызы, Тотаев Сейтхан Төреханұлы, Утеулиева Лаззат Шакуалықызы  (Слайд)

 

1 жүргізуші  Олай болса, Ұстаздарым, еңбегіңіз сөнбесін,

Табыстарыңыз бүршік жарып гүлденсін.

Сіз жолдаған жолыңызға киелі

Буырқанған кіршік лайы төнбесін!- деп құттықтау кезегі аудандық білім бөлімінің басшысы Утеулиева Лаззат Шакуалықызы мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызына беріледі.

 

2. жүргізуші: Бүгінгі мерекеде ұстаздар бірнеше номинациялар бойынша марапатталады:

 

1.     «Ең іскер басшы» – Жұмакүл Оңғарбайқызы Букирова

2.     «Білікті басшы»- Галина Васильевна Анисимова

3.     «Шебер-әдіскер» – Есенкүл Мұхтарқызы Мухтарова, Иманқұлова Бикен

4.     «Ақпараттық қызметті шебер ұйымдастырушы» Күмісхан Нұрғасқақызы

5.     «Шебер- психолог ұйымдастырушы»-  Айман Жакияқызы Жайлыбаева

6.     «Патриоттық тәрбие берудің үздік жетекшісі»- Әбілда Мейрханов

7.     «Үздік ұйымдастырушы- педагог»- Райхан Әлімханқызы Қораласбаева

8.     «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің үздігі»- Әшіркүл Қокаева, Шахризада Сейсенбаева, Әшіпкүл Бекмуратова

9.     Ұстаздық қызметті бағалап, мектепке үлкен жанашырлық танытқаны үшін  Дөненбаев Сайрамбай, Мамырбаев Сатжан, Көпбаев Төкен «Жыл демеушісі-2014» номинациясымен  марапатталады.

 

Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталатын ұстаздар:

 

(Мұғалімдерге гүл  табысталады.)

 

Ұстаздарға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел, ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп.

Бүгінгі мерекелік бағдарламаға келіп отырған ардагер ұстаздарға арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар.

(Ардагер ұстаздарға сыйлықтар тапсырылады)

 

Ән. Республикалық «Ғұмырдария» ән байқауының бас жүлде иегері, ауданымыздың мақтанышы Кәрім Жанияның орындауында «Үш бақытым»

әнін қабыл алыңыздар.

 

1жүргізуші: « Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру  үшін алты алаштың

баласы  бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі»,- деп М. Жұмабаев атап

өткендей,  ұстаздықтың даңғыл сара жолын салуға өз үлестерін қосып,

қоғамның барлық саласына атсалысып жүрген ардақты

ұстаздарымыздың орны тіпті бөлек.

 

1. № 1 м-л.  Жұмабай Жахангир  «Қазақстан»

2. № 1 м-л  Абдыхалық Еркеайым «Ардақты ұстазым»

4. №1 м/л Мейрамбек  Нұрайым мен Гүлайым «Алғашқы қоңырау»

5. Р.Смайлов о/м. Кәрім Жания «Әке-ана»

 

 

1 жүргізуші: Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін мемлекетімізге  білімді, мәдениетті, өз ісінің шебері болар азамат керек.Сондықтан да білім мен тәрбие сапасы күн тәртібінен түспейтін қағида. Сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаздарымыздың жан-жақты болуы шарт емес пе?

 

2 жүргізуші  Құттықтаймыз мерекемен ұстаздар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.- дей келе келесі кезекті саз мектебінің домбырашылар ансамблінің  Н.Тілендиевтың «Әлқиссасына»  берейік.

 

2 жүргізуші: Асылбек , әдептілік пен парасаттылықтың озық үлгісі –Ұстаз емес пе? Ес білгеннен біз соның жанарына қарап, жанының мөлдір бұлағынан сусындаймыз. Ең қадірлі жанды «Ұстазым» дейміз.

 

Келесі кезекті М.Төлебаев атындағы саз мектебінің  «Құлан сазы» фольклорының орындауында  М.Өзбековтың «Ақ тамақ қарлығаштар» әнін қабыл алыңыздар!

 

1,2 жүргізуші :Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Аққудай самғап,

Гүлдей жайнап,

Бұлбұлдай сайрап,

Сезімді баурап,

Сыйластықты қолдап,

Достықты барлап,

Өмір шахарын шарлап,

Еңбекті ақтап,

Бүгінгі күнді мәңгі есте сақтап жүрулеріңізге тілектеспіз!

 

1.     жүргізуші: Бүгінгі ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарламамыз аяқталды.

 

2 жүргізуші: Келесі кездескенше амандықпен жүздесейік!

Leave a Reply

Your email address will not be published.